Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 38-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Квазимемлекеттік сектор субъектілерінііс-шаралар жоспарларының немесе даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есепті, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің іс-шаралар жоспарларының немесе даму жоспарларының іске асырылу мониторингінің нәтижелері туралы есепті және республикалық немесе жергілікті бюджеттен шығыстар жоспарланатын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің іс-шаралар жоспарларының немесе даму жоспарларының, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдарының ұзақ мерзімді даму стратегияларының іске асырылуын бағалауды қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
С. Жумангарин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 24 бұйрығымен бекітілген |
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің іс-шаралар жоспарларының немесе даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есепті, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің іс-шаралар жоспарларының немесе даму жоспарларының іске асырылу мониторингінің нәтижелері туралы есепті және республикалық немесе жергілікті бюджеттен шығыстар жоспарланатын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің іс-шаралар жоспарларының немесе даму жоспарларының, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдарының ұзақ мерзімді даму стратегияларының іске асырылуын бағалауды қалыптастыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің іс-шаралар жоспарларының немесе даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есепті, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің іс-шаралар жоспарларының немесе даму жоспарларының іске асырылу мониторингінің нәтижелері туралы есепті және республикалық немесе жергілікті бюджеттен шығыстар жоспарланатын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің іс-шаралар жоспарларының немесе даму жоспарларының, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдарының ұзақ мерзімді даму стратегияларының іске асырылуын бағалауды қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 38-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің іс-шаралар жоспарларының немесе даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есепті, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің іс-шаралар жоспарларының немесе даму жоспарларының іске асырылу мониторингінің нәтижелері туралы есепті және республикалық немесе жергілікті бюджеттен шығыстар жоспарланатын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің іс-шаралар жоспарларының немесе даму жоспарларының, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдарының ұзақ мерзімді даму стратегияларының іске асырылуын бағалауды қалыптастыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) даму жоспарының орындалуы жөніндегі есеп (бұдан әрі – Есеп) - есепті кезеңге ұйымның қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштері туралы ақпаратты қамтитын құжат;
2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган – стратегиялық және экономикалық жоспарлау, бюджеттік саясатты әзірлеу және қалыптастыру, сондай-ақ өңірлік даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
3) ұйымдар - мемлекеттік кәсіпорындарды, дербес білім беру ұйымдарын, мемлекет бақылайтын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен акционерлік қоғамдарды қоспағанда, республикалық немесе жергілікті бюджеттен шығыстар жоспарланатын квазимемлекеттік сектор субъектілері, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар;
4) ұйымның атқарушы органы – алқалы орган немесе атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға, оның атауы ұйымның жарғысында айқындалады.
3. Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар, серіктестіктер жауапкершілігі шектеулі және республикалық немесе жергілікті бюджеттен шығыстар жоспарланатын мемлекеттік кәсіпорындар "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) 13-бабының 4-1) және 4-2) тармақшаларына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен даму жоспарының орындалуы жөніндегі есепті, даму жоспарларының іске асырылуына мониторинг жүргізу және даму жоспарын іске асыруды бағалау нәтижелері туралы есепті қалыптастырады.
4. Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар Заңның 13-бабының 4-3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен іс-шаралар жоспарларының немесе даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есепті қалыптастырады.
5. Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар Заңның 13-бабының 4-4) тармақшасына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен іс-шаралар жоспарларының немесе даму жоспарларының іске асырылуына мониторинг жүргізу және іс-шаралар жоспарларының немесе даму жоспарларының іске асырылуын бағалау нәтижелері туралы есепті қалыптастырады.
6. Дербес білім беру ұйымдары "Назарбаев Университеті" және "Назарбаев Зияткерлік мектептерінің" ұзақ мерзімді даму стратегияларын іске асыру туралы есепті "Назарбаев Университеті", "Назарбаев Зияткерлік мектептерінің" және "Назарбаев Қорының" мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптастырады.
2-тарау. Республикалық немесе жергілікті бюджеттен шығыстар жоспарланатын ұйымдардың іс-шаралар жоспарларының немесе даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есепті, ұйымдардың іс-шаралар жоспарларының немесе даму жоспарларының іске асырылу мониторингінің нәтижелері туралы есепті қалыптастыру тәртібі
7. Ұйымдар осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандарға сәйкес даму жоспарын және даму жоспарын орындау жөніндегі есепті әзірлейді.
8. Ұйымдарды дамыту жоспарларының жобалары Кодекстің 43-бабына сәйкес жүргізілетін шығыстарды стратегиялық шолу қорытындылары негізінде әзірленеді, мемлекеттік орган - республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісімен келісіледі және Кодекстің 90-бабының 2-тармағының 16) тармақшасында айқындалған құжаттар құрамында бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға енгізіледі.
9. Жергілікті бюджеттен шығыстар жоспарланатын ұйымдардың даму жоспарларының жобалары мемлекеттік орган - жергілікті бюджеттік бағдарламаның әкімшісімен келісіледі және Кодекстің 91-бабының 2-тармағының 10) тармақшасында айқындалған құжаттар құрамында мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға енгізіледі.
10. Ұйымның атқарушы органы ағымдағы қаржы жылының 1 (бірінші) мамырына дейінгі мерзімде тиісті мемлекеттік органға - бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне квазимемлекеттік сектор субъектілері жүзеге асыратын шығыстарды қамтитын бюджеттік бағдарламаның паспортына енгізу үшін даму жоспарының жобасын ұсынады.
11. Ұйымның атқарушы органы есепті жылдан кейінгі жылдың 1 (бірінші) ақпанынан кешіктірілмейтін мерзімде тиісті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептің құрамына енгізу үшін тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне есеп береді.
3-тарау. Республикалық немесе жергілікті бюджеттен шығыстар жоспарланатын ұйымдардың іс-шаралар жоспарларының немесе даму жоспарларының іске асырылуын бағалауды қалыптастыру тәртібі
12. Даму жоспарларын іске асыру мониторингі ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерінің орындалуы туралы ақпаратты талдау және жинақтау болып табылады.
13. Ұйымның атқарушы органы жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 10 (оныншы) қазанынан кешіктірмей, ұйымның бекітілген даму жоспары мен оларды орындау жөніндегі есептің негізінде ұйымның даму жоспарының іске асырылуына мониторингті жүзеге асырады және даму жоспарының іске асырылу мониторингінің нәтижелері туралы есепті қалыптастырады, онда мынадай ақпарат қамтылады:
1) ұйымның инвестициялары туралы;
2) ұйымның кірістері мен шығыстары туралы;
3) қаржы-шаруашылық қызметтің жоспарланған және нақты қол жеткізілген көрсеткіштері, оларға қол жеткізбеу себептері туралы;
4) қызметкерлердің жағдайы және еңбекақы төлеу қоры туралы;
5) ұйымдардың қаржылық тұрақтылығы туралы.
14. Атқарушы орган тиісті мемлекеттік органға - бюджеттік бағдарлама әкімшісіне есепті жылдан кейінгі жылдың 25 (жиырма бесінші) қазанынан кешіктірмей, даму жоспарының іске асырылу мониторингінің нәтижелері туралы есеп береді.
15. Даму жоспарында көрсетілген ұйым қызметі нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізуді кешенді бағалау даму жоспарын іске асыруды бағалау болып табылады.
16. Ұйымның даму жоспарының іске асырылуын бағалауды тиісті мемлекеттік орган - бюджеттік бағдарлама әкімшісі жүзеге асырады.
17. Даму жоспарының іске асырылуын бағалау есепті жылдан кейінгі жылдың 1 (бірінші) желтоқсанынан кешіктірілмей жүзеге асырылады және даму жоспарында көрсетілген қызметтің болжамды көрсеткіштеріне қол жеткізілуін бағалауды қамтиды.
Нысан
Даму жоспары
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы ________________________________
Ұйымның атауы ________________________________________________________
Жоспарланған/есепті кезең _______________________________________________
Көрсеткіштердің атауы | өлшем бірлігі | 20ХХ-1 | 20ХХ | 20ХХ+1 | 20ХХ+2 | 20ХХ+3 | ||
Факт / бағалау | Жоспар | Есеп (факт) | Жоспар | Жоспар | Жоспар | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | |
Активтер | Ұйымдар | мың теңге | ||||||
Еншілес ұйымдар | мың теңге | |||||||
Шоғырландырылған көрсеткіштер | мың теңге | |||||||
Пассивтер | Ұйымдар | мың теңге | ||||||
Еншілес ұйымдар | мың теңге | |||||||
Шоғырландырылған көрсеткіштер | мың теңге | |||||||
Кірістер | Ұйымдар | мың теңге | ||||||
Еншілес ұйымдар | мың теңге | |||||||
Шоғырландырылған көрсеткіштер | мың теңге | |||||||
Шығындар | Ұйымдар | мың теңге | ||||||
Еншілес ұйымдар | мың теңге | |||||||
Шоғырландырылған көрсеткіштер | мың теңге | |||||||
Жалпы кіріс (жалпы шығын минус белгісімен көрсетіледі) | Ұйымдар | мың теңге | ||||||
Еншілес ұйымдар | мың теңге | |||||||
Шоғырландырылған көрсеткіштер | мың теңге | |||||||
Салық салуға дейінгі пайда (залал) (залал минус белгісімен көрсетіледі) | Ұйымдар | мың теңге | ||||||
Еншілес ұйымдар | мың теңге | |||||||
Шоғырландырылған көрсеткіштер | мың теңге | |||||||
Таза пайда (залал минус белгісімен көрсетіледі) | Ұйымдар | мың теңге | ||||||
Еншілес ұйымдар | мың теңге | |||||||
Шоғырландырылған көрсеткіштер | мың теңге | |||||||
Қызметкерлер саны (штат бойынша) | бірлік | |||||||
Қызметкерлердің орташа тізімдік саны | бірлік | |||||||
Еңбекақы төлеу қоры | мың теңге | |||||||
Төленген салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер | мың теңге | |||||||
Инвестициялар | меншікті | мың теңге | ||||||
бюджеттік | мың теңге | |||||||
қарыз | мың теңге | |||||||
барлығы | мың теңге |
Нысан
Даму жоспарының орындалуы туралы есеп
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы _________________________________
Ұйымның атауы _________________________________________________________
Жоспарланған / есепті кезең _______________________________________________
Көрсеткіштердің атауы | өлшем бірлігі | Есепті жыл | Жоспарлы және есептік көрсеткіштердің ауытқу себептерін түсіндіру | |||
Жоспар | Есеп (факт) | Жоспардан есептің ауытқуы % (факт) | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
Активтер | Ұйымдар | мың теңге | ||||
Еншілес ұйымдар | мың теңге | |||||
Шоғырландырылған көрсеткіштер | мың теңге | |||||
Пассивтер | Ұйымдар | мың теңге | ||||
Еншілес ұйымдар | мың теңге | |||||
Шоғырландырылған көрсеткіштер | мың теңге | |||||
Кірістер | Ұйымдар | мың теңге | ||||
Еншілес ұйымдар | мың теңге | |||||
Шоғырландырылған көрсеткіштер | мың теңге | |||||
Шығындар | Ұйымдар | мың теңге | ||||
Еншілес ұйымдар | мың теңге | |||||
Шоғырландырылған көрсеткіштер | мың теңге | |||||
Жалпы кіріс (жалпы шығын минус белгісімен көрсетіледі) | Ұйымдар | мың теңге | ||||
Еншілес ұйымдар | мың теңге | |||||
Шоғырландырылған көрсеткіштер | мың теңге | |||||
Салық салуға дейінгі пайда (залал) (залал минус белгісімен көрсетіледі) | Ұйымдар | мың теңге | ||||
Еншілес ұйымдар | мың теңге | |||||
Шоғырландырылған көрсеткіштер | мың теңге | |||||
Таза пайда (залал минус белгісімен көрсетіледі) | Ұйымдар | мың теңге | ||||
Еншілес ұйымдар | мың теңге | |||||
Шоғырландырылған көрсеткіштер | мың теңге | |||||
Қызметкерлер саны (штат бойынша) | бірлік | |||||
Қызметкерлердің орташа тізімдік саны | бірлік | |||||
Еңбекақы төлеу қоры | мың теңге | |||||
Төленген салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер | мың теңге | |||||
Инвестициялар | меншікті | мың теңге | ||||
бюджеттік | мың теңге | |||||
қарыз | мың теңге | |||||
барлығы | мың теңге |