Жітіқара ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 02 желтоқсандағы № 294 "Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 22 шілдедегі № 187 қаулысы

      Жітіқара ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аудан әкімдігінің "Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы" 2024 жылғы 02 желтоқсандағы № 294 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      2-тармақта "қаулысымен" деген сөз "қаулысы негізінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақта орыс тілінде "Центра" деген сөз "Центром" деген сөзге ауыстырылсын;

      қазақ тілінде өзгеріссіз қалдырылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жарғыда:

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Орталық қызметінің мақсаты бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж жалғызбасты қарт еңбекке жарамсыз адамдарға, мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде мүгедектігі бар балаларға және туындаған әлеуметтік мәселелерді еңсеру үшін тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамдарға (құрбандарға) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және қоғам өміріне басқа азаматтармен бірдей қатысу мүмкіндіктерін беру болып табылады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Орталық өз мақсатына қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

      1) тәуліктің күндізгі уақытында жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету:

      психоневрологиялық ауытқулары бар бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға (бұдан әрі - балалар);

      тірек-қимыл аппараты бұзылған бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға (бұдан әрі - ТҚА бұзылған балалар);

      2) тәуліктің күндізгі уақытында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету:

      балаларға;

      ТҚА бұзылған балаларға;

      психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға (бұдан әрі - он сегіз жастан асқан адамдар);

      бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;

      егде жасына байланысты өзіне қызметтер көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға тұрғылықты жері бойынша;

      3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету:

      тұрмыстық зорлық-зомбылық нәтижесінде моральдық, дене және (немесе) мүліктік келтірілген тұрмыстық зорлық-зомбылық адамдарына (құрбандарына).";

      17-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) уәкілетті органмен келісу бойынша Орталықты қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;";

      21-тармақта "мемлекеттік мекеменің" деген сөз "Орталықтың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      22-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) өз орынбасары мен Орталық қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктері аясын айқындайды;".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы қабылданған сәтінен бастап күшіне енеді.

      Жітіқара ауданының әкімі А. Жаныспаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады