Жітіқара ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің "Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы" 2024 жылғы 02 желтоқсандағы № 294 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақта "қаулысымен" деген сөз "қаулысы негізінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта орыс тілінде "Центра" деген сөз "Центром" деген сөзге ауыстырылсын;
қазақ тілінде өзгеріссіз қалдырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Жарғыда:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Орталық қызметінің мақсаты бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж жалғызбасты қарт еңбекке жарамсыз адамдарға, мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде мүгедектігі бар балаларға және туындаған әлеуметтік мәселелерді еңсеру үшін тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамдарға (құрбандарға) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және қоғам өміріне басқа азаматтармен бірдей қатысу мүмкіндіктерін беру болып табылады.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Орталық өз мақсатына қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) тәуліктің күндізгі уақытында жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету:
психоневрологиялық ауытқулары бар бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға (бұдан әрі - балалар);
тірек-қимыл аппараты бұзылған бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға (бұдан әрі - ТҚА бұзылған балалар);
2) тәуліктің күндізгі уақытында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету:
балаларға;
ТҚА бұзылған балаларға;
психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға (бұдан әрі - он сегіз жастан асқан адамдар);
бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
егде жасына байланысты өзіне қызметтер көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға тұрғылықты жері бойынша;
3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету:
тұрмыстық зорлық-зомбылық нәтижесінде моральдық, дене және (немесе) мүліктік келтірілген тұрмыстық зорлық-зомбылық адамдарына (құрбандарына).";
17-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"10) уәкілетті органмен келісу бойынша Орталықты қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;";
21-тармақта "мемлекеттік мекеменің" деген сөз "Орталықтың" деген сөзбен ауыстырылсын;
22-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"10) өз орынбасары мен Орталық қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктері аясын айқындайды;".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы қабылданған сәтінен бастап күшіне енеді.
Жітіқара ауданының әкімі | А. Жаныспаев |