"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алтынсарин аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2025 жылғы 02 қыркүйектегі ұсынысы негізінде № 01-20 / 195 Свердловка ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Свердловка ауылы мекенжайында орналасқан "Жаңабек" ЖШС (№ 1 гурт, № 9 база) аумағында ірі қара малдың құтыруы бойынша шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.
2. Свердловка ауылы әкімінің "Свердловка ауылының Жаңабек ЖШС аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2025 жылғы 30 маусымдағы № 7 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Свердловка ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау үшін жіберуді және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуді;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Алтынсарин ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыру.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Свердлов ауылының әкімі | И. Шаймерденов |
Келісілді
Қазақстан Республикасы ауыл
шаруашылығы министрлігі
ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің
Алтынсарин аумақтық
инспекциясы мемлекеттік
мекемесінің басшысы
________________ Б. Жакенов
"Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау комитеті Қостанай
облысының Алтынсарин
аудандық санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау
басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
_______________ А. Альмаганбет