Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Свердлов ауылы әкімінің 2025 жылғы 30 маусымдағы № 7 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің "Алтынсарин аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2025 жылғы 24 маусымдағы № 132 ұсынысының негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДЫ:

      1. Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Свердловка ауылында орналасқан "Жанабек" ЖШС-нің аумағында (топ № 1, база № 9) ірі қара мал арасында құтыру ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шараларын белгілеу.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Қостанай облысы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің "Алтынсарин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің "Алтынсарин аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық саулықты қамтамасыз ету мақсатында қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды жүргізуді ұсыну.

      3. "Алтынсарин ауданы Свердловка ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық нұсқасын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысындағы филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін оны Алтынсарин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзімде қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Свердлов ауылының әкімі И. Шаймерденов

      Келісілді

      Қазақстан Республикасы ауыл

      шаруашылығы министрлігі

      ветеринариялық бақылау және

      қадағалау комитетінің

      Алтынсарин аумақтық

      инспекциясы мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ________________ Б. Жакенов

      "Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      санитариялық-эпидемиологиялық

      бақылау комитеті Қостанай

      облысының Алтынсарин

      аудандық санитариялық-

      эпидемиологиялық бақылау

      басқармасы" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің

      басшысы

      _______________ А. Альмаганбет

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады