Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қоғамдық жұмыс түрлерін және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесін айқындау туралы" Лисаков қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 2 қазандағы № 250 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы қаулының қосымшасына сәйкес көрсетілген қаулының қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберу;
2) осы қаулыны Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
| Лисаков қаласы әкімінің міндетін атқарушы | Е. Казиев |
| Лисаков қаласы әкімдігінің | |
| 2025 жылғы "___" ____________ | |
| № ____ қаулысына | |
| қосымша |
Қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі
№ | Ұйымдардың тізбесі | Қоғамдық жұмыстардың түрлері |
1 | "Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Аумақтарды жинау және тазалау; бұталарды кесу; көгалдандыру жұмыстары; ағаштарды отырғызу, ағарту; ғимаратты, қоршауды бояу; газонды және шөпті шабу; қардан тазалау; абаттандыру. |
2 | "Октябрь кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
