Қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесін айқындау туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 2 қазандағы № 250 қаулысы.

      Ескерту. 01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі - осы қаулының 4-тармағымен.

      Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 914-1-бабына сәйкес, Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі айқындалсын.

      2. "Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірме Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберу;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Лисаков қаласының әкімі А. Ибраев

  Лисаков қаласы әкімдігінің
  2025 жылғы "___" ____________
  № ____ қаулысына
  қосымша

Қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 04.11.2025 № 318 қаулысымен (01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады).

Ұйымдардың тізбесі

Қоғамдық жұмыстардың түрлері

1

"Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Аумақтарды жинау және тазалау; бұталарды кесу; көгалдандыру жұмыстары; ағаштарды отырғызу, ағарту; ғимаратты, қоршауды бояу; газонды және шөпті шабу; қардан тазалау; абаттандыру.

2

"Октябрь кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі


 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады