ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 726-бабына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, Қостанай қаласы бойынша корпоративтік немесе жеке табыс салығы оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде есепті салықтық кезеңде салық салу объектісіне мөлшерлеме мөлшері 4%-дан 3%-ға дейін төмендетілсін.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы | О. Байгабулов |
