"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-9-тармағына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 "Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Айқындалсын:
1) Қостанай облысындағы тұрғын үй сертификаттарының мөлшері - бастапқы жарна сомасынан 90 пайызы, бірақ 1500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспауы тиіс;
2) осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысындағы тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облыстық мәслихаты төрағасының өкілеттігін уақытша жүзеге асырушы | М. Жутаев |
Келісілді
"Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс,
сәулет және қала құрылысы басқармасы" ММ
басшысының міндетін атқарушы
____________________________ Беленко Л.П.
"____" ________________________ 2025 жыл
Мәслихаттың | |
2025 жылғы 25 тамыздағы | |
№ 239 шешіміне | |
қосымша |
Қостанай облысындағы тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі
1. "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 68-бабымен айқындалған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары.
2. Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт салаларында, сондай-ақ тау-кен және ауыл шаруашылығы салаларында еңбек қызметін жүзеге асыратын сұранысқа ие мамандар.
3. "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіби қызметті жүзеге асыратын журналистер (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері).
4. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 500 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17564 болып тіркелген) бекітілген техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышына сәйкес жұмысшы мамандықтары бойынша еңбек қызметін (білікті жұмысшы кадрлар (3W)) жүзеге асыратын тұлғалар.