Қостанай қаласының құрамдас бөліктерін атау және қайта атау туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 162 және Қостанай облысы мәслихатының 2025 жылғы 16 маусымдағы № 228 бірлескен қаулысы және шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Республикалық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 16 сәуірдегі қорытындысы негізінде Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай қаласының Гашек көшесі бойында орналасқан саябаққа Ұлы Дала саябағы атауы берілсін.

      2. Қостанай қаласының Уральская көшесі Шақшақ Жәнібек батыр көшесі;

      Қостанай қаласының Дзержинский көшесі Сағадат Нұрмағамбетов көшесі;

      Қостанай қаласының Железнодорожная көшесі Бертран Рубинштейн көшесі деп қайта аталсын.

      3. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі Қ. Ақсақалов
      Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы С. Ещанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады