Көше атауын беру туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Қызылөзен ауылы әкімінің 2025 жылғы 10 қарашадағы № 19 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабына сәйкес, Маңғыстау облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 15 қыркүйектегі қорытындысы негізінде және Қызылөзен ауылы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, Қызылөзен ауылы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Түпқараған ауданы Қызылөзен ауылының Шамшырақ көшесі 2 (екі) бөлікке бөлініп, келесі атаулар берілсін:

      1) Қызылөзен ауылының Шамшырақ көшесінде орналасқан (№1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 13, 14, 15, 16, 33, 34, 35, 37, 38, 40, 41, 43, 45, 46, 52, 53 учаскелер) – бұрынғы "Шамшырақ көшесі" атауымен қалсын;

      2) Қызылөзен ауылының Шамшырақ көшесінде орналасқан (№17, 18/1, 18/2, 19/1, 19/2, 20/1, 20/2, 21, 22, 23, 24, 42, 50, 49, 25, 26, 27, 29, 30, 31, 51, 47, 32, 48 учаскелер) – Ұлы Отан соғысының ардагері Жиенбай Мәтібай есімі берілсін;

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл әкімі Т. Күзенбайұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады