2025 – 2026 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 1 шілдедегі № 150 қаулысы.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-тармағының 8) тармақшасына, "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 болып тіркелген) және "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2024–2025, 2025–2026, 2026–2027 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 18 наурыздағы № 118 бұйрығына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 22.07.2025 № 158 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2025-2026 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі Н. Қилыбай

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
2025 жылғы "1" шілдедегі
№ 150 қаулысына 1-қосымша

2025-2026 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы (жергілікті бюджет есебінен)

      Ескерту. 1 қосымшаға өзгеріс енгізілді - Маңғыстау облысы әкімдігінің 22.07.2025 № 158 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

Білім беру саласының коды және сыныпталуы

Даярлау бағыттарының коды және сыныпталуы

2025-2026 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырыс көлемі

2025-2026 оқу жылына 1 студентті оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар (мың теңге)

ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары

басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары

1

6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар

6В021 Өнер

20

1 209,3

1 055,9

2

6B10 Денсаулық сақтау

6B101 Денсаулық сақтау

126

1 230,7

1 218,3

3

6В11 Қызмет көрсету

6В111 Қызмет көрсету саласы

4

905,8

803,9

6В113 Көлік қызметтері

2

905,8

803,9

4

6В07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

6В071 Инженерия және инженерлік іс

5

1 111,4

1 009,6

5

6В01 Педагогикалық ғылымдар

6В01Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау

2

1 139,2

1 008,1

6

6В06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

6В063 Ақпараттық қауіпсіздік

3

1 111,4

1 009,6

7

6В02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар

6В022 Гуманитарлық ғылымдар

3

905,8

803,9

8

6B08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар

6B081 Агрономия

2

933,6

831,8

6В082 Мал шаруашылығы

2

933,6

831,8

6B084 Балық шаруашылығы

3

933,6

831,8


6B086 Су ресурстары және суды пайдалану

3

933,6

831,8


Барлығы

175




  Маңғыстау облысы әкімдігінің
2025 жылғы "22" шілдедегі
№ 158 қаулысына 2-қосымша

2025-2026 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (резидентура) білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы

      Ескерту. Қаулы 2-қосымшамен толықтырылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 22.07.2025 № 158 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

Коды

Атауы

2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі (орындар саны)

Жылына 1 дәрігер-резидентті оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар (мың теңге)

ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары

басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары

1

7R09

Денсаулық сақтау (медицина)

38

1 939,90

1 811,30



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады