"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-тармағының 8) тармақшасына және "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 болып тіркелген) сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2025-2026 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысының әкімі | Н. Қилыбай |
Маңғыстау облысы әкімдігінің | |
2025 жылғы "1" шілдедегі | |
№ 150 қаулысына қосымша |
2025-2026 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы (жергілікті бюджет есебінен)
№ | Білім беру саласының коды және сыныпталуы | Даярлау бағыттарының коды және сыныпталуы | 2025-2026 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырыс көлемі | 2025-2026 оқу жылына 1 студентті оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар (мың теңге) | ||
ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары | басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары | |||||
1 | 6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар | 6В021 Өнер | 20 | 1 209,3 | 1 055,9 | |
2 | 6B10 Денсаулық сақтау | 6B101 Денсаулық сақтау | 126 | 1 230,7 | 1 218,3 | |
3 | 6В11 Қызмет көрсету | 6В111 Қызмет көрсету саласы | 4 | 905,8 | 803,9 | |
6В113 Көлік қызметтері | 2 | 905,8 | 803,9 | |||
4 | 6В07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары | 6В071 Инженерия және инженерлік іс | 5 | 1 111,4 | 1 009,6 | |
5 | 6В01 Педагогикалық ғылымдар | 6В01Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау | 2 | 1 139,2 | 1 008,1 | |
6 | 6В06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар | 6В063 Ақпараттық қауіпсіздік | 3 | 1 111,4 | 1 009,6 | |
7 | 6В02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар | 6В022 Гуманитарлық ғылымдар | 3 | 905,8 | 803,9 | |
8 | 6B08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар | 6B081 Агрономия | 2 | 933,6 | 831,8 | |
6В082 Мал шаруашылығы | 2 | 933,6 | 831,8 | |||
6B084 Балық шаруашылығы | 3 | 933,6 | 831,8 | |||
6B086 Су ресурстары және суды пайдалану | 3 | 933,6 | 831,8 | |||
Барлығы | 175 |