Су объектілерінде жаппай демалуға, туризм мен спортқа арналған орындарды белгілеу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы әкімдігінің 2025 жылғы 03 қыркүйектегі № 173 қаулысы

      "Қазақстан Республикасының Су Кодексі" Қазақстан Республикасы Кодексінің 125-бабының 4-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына және "Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 11 шілдедегі № 171-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36443 болып тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Су объектілерінде жаппай демалуға, туризм мен спортқа арналған орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Қызылорда облысы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) "Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2023 жылғы 13 қаңтардағы № 7 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8356-11 болып тіркелген);

      2) "Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2023 жылғы 13 қаңтардағы № 7 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2024 жылғы 12 тамыздағы № 141 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8548-11 болып тіркелген).

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Н. Нәлібаев

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2025 жылғы "3" қыркүйектегі № 173
қаулысына қосымша

Су объектілерінде жаппай демалуға, туризм мен спортқа арналған орындар

Су объектісінің
атауы

Көпшілік демалуына, туризмге және спортқа арналған орындар

Орналасқан елді мекеннің атауы

Орналасқан жері (координаттары)

1.

Жібек жолы каналы

"Сыр самалы" демалыс аймағы

Қызылорда қаласы

44°48'34.34"C 65°30'59.12"B

2.

Сырдария өзені

"Сыр толқыны" демалыс аймағы

Қызылорда қаласы

44°45'16.64"C 65°32'25.42"B

3.

Эдельвейс
саяжай ауылы

"Эдельвейс" демалыс аймағы

Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті

44°46'40.0" N
65°30'08.3" E

4.

Қамбаш көлі

"Аққұмшық" демалыс аймағы

Арал ауданы, Қамыстыбас ауылдық округі

46°12'41.5"N 61°55'49.0"E

5.

Сырдария өзені

"Мұратбаев" демалыс аймағы

Қармақшы ауданы, Жосалы кенті

45°28'32.3"N 64°04'54.0"E

6.

Қаншиелі көлі

"Асар" демалыс аймағы

Жалағаш ауданы, Бұқарбай батыр ауылдық округі

45°00'36.5"N 64°33'37.8"E

7.

Сырдария өзені

"Қалғандария" демалыс аймағы

Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті

45°01'34.5"N 64°59'05.0"E

8.

Ханқожа көлі

"Бәйгеқұм" демалыс аймағы

Шиелі ауданы, Бәйгеқұм ауылдық округі

44°17'39.68"N 66°30'51.01"E

44°17'47.72"N 66°27'55.55"E

9.

Борықты көлі

"Борықты" демалыс аймағы

Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті

43°52'59.6154"N 67°14'18.6800"E; 43°52'58.4123"N 67°14'19.3443"E; 43°52'57.8116"N 67°14'17.2648"E; 43°52'59.0150"N 67°14'16.6004"E


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады