Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін алушыларға тауарлық газ бойынша ваучерлер ұсыну үшін тұтыну нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Қызылорда облысы әкімдігінің 2025 жылғы 29 шілдедегі № 154 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына, "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 5-тармағының 6-2) тармақшасына, "Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу және бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 377 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17472 тіркелген) және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р.В. Склярдың 2025 жылғы 25 сәуірдегі № 21-19/3048 тапсырмасына сәйкес, Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін алушыларға тауарлық газ бойынша ваучерлер ұсыну үшін тұтыну нормалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Н. Нәлібаев

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2025 жылғы "29" шілдедегі
№ 154 қаулысына қосымша

Қызылорда облысы облысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін алушыларға тауарлық газ бойынша ваучерлер ұсыну үшін тұтыну нормалары

Тауарлық газды тұтыну сипаттамасы

Жылыту маусымындағы айлық норма, м3

Жылыту маусымынан тыс айлық норма, м3

1

Жылыту қазандығы, газ плитасы және су жылытқышы бар үй шаруашылығы

759

148

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      м3 – текше метр.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады