ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.01.2026 бастап күшіне енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Приозерск қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Приозерск қаласы бойынша оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері есепті салық кезеңі үшін салық салу объектісіне 4% - дан 2% - ға дейін төмендетілсін.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Қалалық мәслихат төрағасы | А. Исатаев |
КЕЛІСІЛДІ:
"Приозерск қаласы кәсіпкерлік
және ауыл шаруашылық бөлімі"
мемлекеттiк мекемесiнің басшысы
_________________________А.А. Алтаев
"28" қараша 2025 жыл
КЕЛІСІЛДІ:
Приозерск қаласы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасының
басшысы
____________________ Е.Б.Джаиков
"28" қараша 2025 жыл
