Осакаров ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 қыркүйектегі № 37/378 шешімі

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 3 тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Осакаров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осакаров ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифді осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы К. Саккулаков

  2025 жылғы "22" қыркүйектегі
№ 37/378 Осакаров аудандық
мәслихатының шешіміне
қосымша 1

Осакаров ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге тарифті бекіту туралы

Атауы

Есептеу бірлігі

Қызмет құны (теңге)

Тұрғындар үшін (жеке және көпқабатты үйлер)

Тұрғын/айына

230


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады