Нұра кентіндегі көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Нұра ауданы Нұра кентінің әкімінің 2025 жылғы 21 мамырдағы № 3 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 211 "Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Нұра кенті халқының пікірін ескере отырып, Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 22 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Нұра кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Нұра кентіндегі

      атауы жоқ жаңа көшеге – Хайретдин Болғанбайұлы көшесі;

      атауы жоқ жаңа көшеге – Рақымжан Қошқарбаев көшесі

      атауы жоқ жаңа көшеге – Әмен Қайдаров көшесі деп қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Нұра кентінің әкімі М. Тураров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады