Нұра кенті бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көмуге халық үшін тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2025 жылғы 17 қыркүйектегі № 177 шешімі

      Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 365-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Нұра аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Нұра кенті бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге халық үшін тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Нұра аудандық мәслихатының төрағасы К. Жунусбеков

  Нұра аудандық мәслихатының
2025 жылғы "17" қыркүйектегі
№ 177 шешіміне
қосымша

Нұра кенті бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көмуге халық үшін тарифтері

Атауы

Есептеу бірлігі

Қызмет құны (теңге)

Тұрғындар үшін (жеке және көпқабатты үйлер)

Тұрғын/айына

300,00

Заңды тұлғалар болып табылмайтын кәсіпкерлік субъектілері, заңды тұлғалар үшін тариф

1 м3 үшін

2 889,00

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар үшін тариф

Айына 1 қызметкер үшін

254,2

      Ескерту: келесі мөлшерінде жеңілдіктер қарастырылған:

      30 % жеңілдік - көпбалалы отбасыларға.

      Жеңілдіктер тұтынушы өтініш берген күннен бастап есептеулерге растайтын құжаттармен бірге қолданылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады