БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Академиясын материалдық-техникалық құралдармен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2021 жылғы 3 ақпандағы № 11/қбп бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22277 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 70-бабының 3-тармағына және "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 84-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;
2) осы бұйрықтың деректемелерін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің Мемлекеттік тізілімін жүргізу Қағидаларының 10-тармағының талаптарына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) жолдауды;
3) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастырғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Академиясының жұмысына жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты |
Е. Сағымбаев |
КЕЛIСIЛДI:
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
_________________________
2025 жылғы "___" _________