Қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесін айқындау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 2025 жылғы 25 шілдедегі № 35/04 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі айқындалсын.

      2. Шахтинск қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 13 қаңтардағы № 2/5 "Орындарды белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары С. Б. Жаппаровқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Шахтинск қаласының әкімі М. Кыдырганбеков

  Шахтинск қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 25
шілдедегі
№ 35/04
қаулысына қосымша

Қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі

Қоғамдық жұмыстардың түрлері

ұйымдардың тізімі

1

аумақты абаттандыру;
аумақты жинау және тазалау;
белгілі бір біліктілікті талап етпейтін басқа да қоғамдық пайдалы жұмыстар

"Долинка кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

2

аумақты абаттандыру;
аумақты жинау және тазалау;
белгілі бір біліктілікті талап етпейтін басқа да қоғамдық пайдалы жұмыстар

"Новодолинский кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

3

аумақты абаттандыру;
аумақты жинау және тазалау;
белгілі бір біліктілікті талап етпейтін басқа да қоғамдық пайдалы жұмыстар

"Шахан кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

4

аумақты абаттандыру;
аумақты жинау және тазалау;
белгілі бір біліктілікті талап етпейтін басқа да қоғамдық пайдалы жұмыстар

"Барс" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады