Қарағанды қалалық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 144 "Қалалық және қала маңындағы қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерін келісу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды қалалық мәслихатының 2025 жылғы 1 қазандағы № 300 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19-бабы 5-тармағына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарағанды қалалық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы №144 "Қалалық және қала маңындағы қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерін келісу туралы" шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қарағанды қаласының аумағында қалалық және қала маңындағы қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тариф келесі мөлшерде келісілсін:

      1) Интернет желісі және ұялы байланыс құрылғыларын қоса алғанда, электрондық төлеу жүйесі арқылы жол ақысын қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде - 120 (жүз жиырма) теңге;

      2) жол ақысын қолма-қол төлеу кезінде - 250 (екі жүз елу) теңге.

      Қалалық мәслихат төрағасы А. Бөкенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады