"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы №15 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10313 болып тіркелген) сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Саран қаласында есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормасы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Е. Бөлекпаев |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2025 жылғы 10 қазандағы № 59/01 қаулысына қосымша |
Саран қаласындағы есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметті тұтыну норма
№ р/с | Тұтынушылар санаты | Жылумен жабдықтау ұйымының атауы | Өлшеу бірлігі | Мағынасы |
| Саран қаласының Орталық қазандығынан жылытылатын тұтынушылар | "SaranTeploService" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Гигакалория/ шаршы метр | 0,0401 |