"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 2025 жылғы 14 маусымдағы № 99-р Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін Қарағанды облысының спортшыларына, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттық ойын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының ұлттық құрама командалардың құрамында ойнайтын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайын ақшалай үлес төлемінің мөлшерін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2020 жылғы 3 шілдедегі № 41/03 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5938 болып тіркелген).
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Е. Бөлекпаев |