2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат Институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануды;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Р/с №
|
Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдігінің (бұдан әрі – өкілдік), консулдық мекемесінің (бұдан әрі – консулдық мекеме) атауы
|
Өкілдікке және консулдық мекемеге белгіленетін шектеулер
|
Өкілдік, консулдық мекеме персоналының мүшелері және олардың отбасы мүшелері үшін белгіленетін шектеулер
|
1.
|
Аустрия Республикасының Елшілігі
|
Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 10 АЕК.
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 10 АЕК.
2. ҚҚС сомасының жоғарғы шегі жылына 420 АЕК құрайды.
3. Әкімшілік-техникалық персонал мүшелеріне ҚҚС қайтару жүргізілмейді.
|
2.
|
Беларусь Республикасының Елшілігі,
Беларусь Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы
|
ҚҚС қайтару келесі тауарлар мен қызметтер бойынша:
тұрмыстық техникаларды жөндеу қызметтері;
автомобильдерді жөндеу қызметтеріне жүргізілмейді.
ҚҚС қайтару өтемақысы тоқсан басталғанға дейінгі он екі айлық кезеңнің басынан ертерек емес мерзімде әзірленген (берілген) құжаттардың негізінде жүргізіледі.
|
ҚҚС қайтару келесі тауарлар мен қызметтер бойынша:
тұрмыстық техникаларды жөндеу қызметтері;
автомобильдерді жөндеу қызметтеріне жүргізілмейді.
ҚҚС қайтару өтемақысы тоқсан басталғанға дейінгі он екі айлық кезеңнің басынан ертерек емес мерзімде әзірленген (берілген) құжаттардың негізінде жүргізіледі.
|
3.
|
Бельгия Корольдігінің Елшілігі
|
1. Күніне бір шот-фактура бойынша сатып алу сомасының төменгі шегі – ҚҚС-сыз 20 АЕК.
2. Азық түлік тауарлары үшін ҚҚС қайтару (ресми қабылдаулар кезінде тағаммен қамтамасыз ету жағдайларын қоспағанда) жүргізілмейді.
|
1. Күніне бір шот-фактура бойынша сатып алу сомасының төменгі шегі – ҚҚС-сыз 20 АЕК.
2. Азық-түлік өнімдерін сатып алу кезінде ҚҚС қайтару жүргізілмейді.
|
4.
|
Болгария Республикасының Елшілігі
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 8 АЕК.
2. Егер ҚҚС сомасы шот-фактурада жеке жолмен көрсетілмесе, ҚҚС қайтару жүргізілмейді.
3. ҚҚС қайтару:
қызметтік автомобильдер мен мотоциклдерге (жөндеу мен қосалқы бөлшектерсіз), әрбір өкілдік қызметкеріне – 1 бірліктен артық емес мөлшерде;
жиһаз;
тұрмыстық электр құралдары;
құрылыс материалдары мен жөндеу-құрылыс жұмыстары;
аудио, бейне және кеңсе техникасы;
күзет техникасы мен қызметтері;
телекоммуникациялық техника (құны және жөндеу);
телефон және коммуналдық қызметтер;
мерзімді басылымдарға жазылым;
интернет қызметтері;
жаңа келген дипломатиялық персонал мүшелері үшін күнтізбелік 20 күнге дейінгі мерзімге арналған қонақүй қызметтері;
санитарлық-гигиеналық құралдар;
қызметтік автомобильге тоқсан сайын 900 (750) литрге дейін бензин (дизель) үшін жүргізіледі.
|
1. ҚҚС қайтару келесі тауарлар мен қызметтерді сатып алу кезінде дипломатиялық персонал мүшелеріне жүргізіледі:
автомобильдер мен мотоциклдер (жөндеу жұмыстары, қосымша жабдықтар мен қосалқы бөлшектерді қоспағанда), қызметкердің еріп жүретін кәмелет жасқа толған 1 отбасы мүшесіне 1 бірлік есебімен;
дипломатиялық персонал мүшесінің қызметке кіріскен күнінен бастап 12 ай ішінде сатып алынған жиһаз;
тұрмыстық электр құралдары;
телефон және коммуналдық қызметтер;
пәтерді дипломатиялық персонал мүшелерін бастапқы орналастыру кезінде немесе әр үш жылда бір рет жөндеу;
жанармай (дизель отыны) – бір жеке автомобильге тоқсанына 600 (450) литр мөлшерінде;
телефондық телекоммуникациялық техника (құны мен жөндеу қызметтері).
2. Әкімшілік-техникалық персонал мүшелеріне ҚҚС қайтару жиһаз, жабдықтар және санитарлық-гигиеналық материалдар үшін жүргізіледі.
|
5.
|
Біріккен Араб Әмірліктерінің (бұдан әрі – БАӘ) Елшілігі,
БАӘ Шымкент қаласындағы Бас консулдығы
|
1. Барлық шот-фактура бойынша төменгі шек – 350 АЕК.
2. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 8 АЕК.
|
1. Барлық шот-фактура бойынша төменгі шек – 350 АЕК.
2. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 8 АЕК.
|
6.
|
Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар істері жөніндегі жоғарғы комиссарының басқармасы (бұдан әрі – БҰҰ БЖКБ)
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 8 АЕК.
2. БҰҰ БЖКБ ҚҚС қайтару қызметтік мақсаттарда жеке меншікке сатып алуларды жүргізетін жағдайларда ғана жүзеге асырылады.
|
ҚҚС қайтару жүргізілмейді.
|
7.
|
Вьетнам Социалистік Республикасының Елшілігі
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 8 АЕК.
2. ҚҚС:
коммуналдық қызметтер;
жанар-жағармай материалдары (бұдан әрі – ЖЖМ);
интернет қызметтері;
өкілдіктің ғимаратын жалға алғаны үшін қайтарылады.
|
1. ҚҚС: автомобиль немесе мотоциклді дипломатиялық персонал мүшелеріне сатып алғаны үшін 3 жыл ішінде, әкімшілік-техникалық персонал мүшелері сатып алғаны үшін 1 жыл ішінде қайтарылады.
|
8.
|
Германия Федеративтік Республикасының Елшілігі, Германия Федеративтік Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 15 АЕК.
2. ҚҚС қайтару:
азық-түлік өнімдері;
темекі өнімдері;
алкогольдік ішімдіктер;
қоғамдық тамақтану жүйесіндегі жұмыстар, тауарлар, қызметтер үшін жүргізілмейді.
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 15 АЕК.
2. Өкілдіктің 1 қызметкеріне жылына қайтарылатын ҚҚС жалпы сомасының жоғарғы шегі – 175 АЕК.
3. ҚҚС қайтару:
азық-түлік өнімдері;
темекі өнімдері;
алкогольдік ішімдіктер;
қоғамдық тамақтану жүйесіндегі жұмыстар, тауарлар, қызметтер үшін жүргізілмейді.
|
9.
|
Грек Республикасының Елшілігі
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 35 АЕК (ҚҚС-сыз).
2. 35 АЕК құрайтын төменгі шек коммуналдық қызметтер және телефон байланыстарына арналған шоттарға қолданылмайды.
3. ҚҚС қайтару келесі тауарлар мен қызметтерге қатысты жүргізіледі:
мейрамхана;
электр заттарына күтім жасау;
бау-бақша қызметтері;
коммуналдық қызметтер және телефон байланысы;
жеке күзет;
қызметтік автомобильдерге қызмет көрсету, жөндеу;
автотұрақ үшін ай сайынғы төлем;
заңгерлік консультациялар, адвокаттар қызметтері;
жылжымайтын мүлікті жалға алу бойынша риэлторлық қызметтер бойынша төлемдер (қол қойылған жалдау құжаты болған жағдайда);
ұлттық мерекелер бойынша қабылдаулар, ресми сапарлар аясындағы қабылдаулар;
халықаралық көрмелерге қатысу; конференциялар ұйымдастыру.
4. ҚҚС-ты қайтару сатып алынған қызметтік автомобильдер үшін олардың саны өкілдік қызметкерлерінің жалпы санының үштен бір бөлігінен аспаған жағдайда жүргізіледі.
5. ҚҚС қайтару мына мұқтаждар үшін сатып алынған жанармайларға:
өкілдіктің қызметтік көліктеріне жанармай;
өкілдік сатып алған қызметтік үй-жайларды немесе отынға арналған жеке сыйымдылығы бар үй-жайларды жылытуға арналған отын үшін жүргізіледі.
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 35 АЕК (ҚҚС-сыз).
2. 35 АЕК құрайтын төменгі шек коммуналдық қызметтер және телефон байланыстары үшін шоттарға қолданылмайды.
3. ҚҚС қайтару келесі тауарлар мен қызметтерге қатысты жүргізіледі:
қонақүйлерде тұру (жаңа келген өкілдік қызметкерлері үшін) 30 түнге дейін;
мейрамхана;
электр заттарына күтім жасау;
бау-бақша қызметтері;
коммуналдық қызметтер және телефон байланысы;
жеке күзет;
автотұрақ үшін ай сайынғы төлем;
заңгерлік консультациялар, адвокаттар қызметтері;
тұрғынжайды жалға алу бойынша риэлторлық қызметтер бойынша төлемдер (қол қойылған тұрғынжайды жалдау шарты болған жағдайда).
|
10.
|
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі Алматы қаласындағы географиялық жағынан қашық орналасқан офисі (бұдан әрі – МСАК жөніндегі ГҚО)
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 8 АЕК.
2. ҚҚС-ты қайтару жылжымалы және жылжымайтын мүлікті қызметтік мақсатта сатып алу кезінде ғана Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің шешімі бойынша жүргізіледі
|
ҚҚС-ты қайтару тек МСАК жөніндегі ГҚО басшысы мен оның отбасы мүшелері үшін жүргізіледі.
|
11.
|
Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы
|
Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 8 АЕК.
|
ҚҚС қайтару жүргізілмейді.
|
12.
|
Еуразиялық тұрақтандыру және даму қоры
|
ҚҚС қайтару шектеулерсіз жүргізіледі.
|
ҚҚС қайтару жүргізілмейді.
|
13.
|
Жапония Елшілігі
|
1. ҚҚС қайтару газ, электроэнергия, су шығыстары бойынша жүргізілмейді.
2. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 8 АЕК.
|
1. ҚҚС қайтару газ, электроэнергия, су шығыстары бойынша жүргізілмейді.
2. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 8 АЕК.
|
14.
|
Израиль Мемлекетінің Елшілігі
|
Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 8 АЕК.
|
1. Дипломатиялық персоналдың 1 мүшесіне жылына қайтарылатын ҚҚС жоғарғы шегі – 65 АЕК.
2. Әкімшілік-техникалық персонал мүшелері және олармен еріп жүретін отбасы мүшелері үшін елде болудың барлық кезінде тек 1 рет қайтарылатын ҚҚС жалпы сомасының жоғарғы шегі – 35 АЕК.
3. ҚҚС қайтару:
әуе билеттер;
медициналық шығыстар;
сақтандыру;
білім беру қызметтері;
пошта қызметтері үшін жүргізіледі.
4. ҚҚС қайтару:
жанармай;
темекі өнімдері;
алкогольдік ішімдіктер үшін жүргізілмейді.
|
15.
|
Индонезия Республикасының Елшілігі
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 15 АЕК.
2. ҚҚС қайтару:
алтын құймалар және бағалы қағаздар;
үй-жайларды жалға алу;
медициналық қызметтер;
курьерлік қызметтер;
қаржылық қызметтер;
сақтандыру қызметтері;
білім беру қызметтері;
жарнамалық қызметтер;
көлік қызметтері;
қонақүй қызметтері;
қоғамдық тамақтандыру қызметтері үшін жүргізілмейді.
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 15 АЕК.
2. ҚҚС қайтару:
алтын құймалар және бағалы қағаздар;
үй-жайларды жалға алу;
медициналық қызметтер;
курьерлік қызметтер;
қаржылық қызметтер;
сақтандыру қызметтері;
білім беру қызметтері;
жарнамалық қызметтер;
көлік қызметтері;
қонақүй қызметтері;
қоғамдық тамақтандыру қызметтері үшін жүргізілмейді.
|
16.
|
Иордания Хашимит Корольдігінің Елшілігі
|
Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 8 АЕК.
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 40 АЕК.
2. ҚҚС қайтару дипломатиялық персонал мүшелеріне және олардың жұбайларына жүргізіледі.
|
17.
|
Испания Корольдігінің Елшілігі
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 35 АЕК.
2. ҚҚС қайтару ЖЖМ және дизель отыны үшін жүргізілмейді.
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 35 АЕК.
2. Дипломатиялық персонал мүшесі үшін сатып алудың жалпы сомасының жоғарғы шегі тоқсанына 1260 АЕК.
3. Дипломатиялық персонал мүшесіне ҚҚС қайтару жүргізіледі.
|
18.
|
Италия Республикасының Елшілігі
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 42 АЕК (ҚҚС-сыз).
2. 42 АЕК құрайтын төменгі шек коммуналдық қызметтер және телефон байланыстары үшін шоттарға қолданылмайды.
3. ҚҚС қайтару басқа ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға пайдалануға берілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер үшін жүргізілмейді.
4. ҚҚС қайтару:
өкілдік басшысының автомобилі үшін ЖЖМ – тоқсанына 1200 литр (өкілдік басшысы үшін рұқсат етілген саны 3 бірлікті ескере отырып);
өкілдік автомобилі үшін ЖЖМ – тоқсанына 900 литр (өкілдікке рұқсат етілген саны 5 бірлікті ескере отырып);
алкогольдік ішімдіктер – тоқсанына 60 литр;
темекі өнімдері – тоқсанына 12 килограмм үшін жүргізіледі.
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 42 АЕК (ҚҚС-сыз).
2. 42 АЕК құрайтын төменгі шек коммуналдық қызметтер және телефон байланыстары үшін шоттарға қолданылмайды.
3. ҚҚС қайтару басқа ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға пайдалануға берілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер үшін жүргізілмейді.
4. ҚҚС қайтару:
дипломатиялық персонал мүшесінің автомобилі үшін ЖЖМ – тоқсанына 900 литр (дипломатиялық персонал мүшесі үшін рұқсат етілген саны 2 бірлікті ескере отырып) жүргізіледі;
әкімшілік-техникалық персонал мүшесі автомобилінің ЖЖМ үшін ҚҚС қайтару жүргізілмейді.
|
19.
|
Канада Елшілігі
|
Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 15 АЕК.
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 10 АЕК, ҚҚС қосқанда.
2. Дипломатиялық персонал мүшесіне және олардың жұбайларына ҚҚС қайтару жүргізіледі.
|
20.
|
Корея Республикасының Елшілігі, Корея Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы
|
Дипломатиялық персонал мүшесіне арналған бензинге ҚҚС қайтару жүргізіледі:
айына бір қызметтік автомобиль үшін 600 литр.
|
1. ҚҚС қайтару дипломатиялық персонал мүшесіне жүргізіледі.
2. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 8 АЕК.
3. 1 отбасы үшін жылына қайтарылатын ҚҚС жалпы сомасының жоғарғы шегі – 185 АЕК.
4. Дипломатиялық персонал мүшесіне арналған бензинге ҚҚС қайтару жүргізіледі:
айына 400 литр.
5. ҚҚС қайтару электр энергиясы, газ, мейрамхана шығыстары; қонақүйлерде тұру шығыстары үшін жүргізілмейді.
|
21.
|
Қырғыз Республикасының Елшілігі, Қырғыз Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы
|
Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 50 АЕК.
|
ҚҚС қайтару жүргізілмейді.
|
22.
|
Қытай Халық Республикасының Елшілігі, Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы, Қытай Халық Республикасының Ақтөбе қаласындағы Бас консулдығы
|
1. Сатып алынған тауарлар үшін бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 15 АЕК.
2. Көрсетілген қызметтер үшін бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 8 АЕК.
3. ҚҚС қайтару коммуналдық қызметтер мен телефон байланысы үшін шектеусіз жүргізіледі.
|
1. Сатып алынған тауарлар үшін бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 15 АЕК.
2. Көрсетілген қызметтер үшін бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 8 АЕК.
3. ҚҚС қайтару коммуналдық қызметтер мен телефон байланысы үшін шектеусіз жүргізіледі.
|
23.
|
Латвия Республикасының Елшілігі
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 25 АЕК.
2. ҚҚС қайтару:
телекоммуникация қызметтері;
ғимаратты жалдау;
коммуналдық қызметтер;
күзет қызметтері;
әрбір жеңіл автомобиль үшін тоқсанына 750 литрден аспайтын көлемде көлік құралдарына арналған жанармай үшін шектеусіз жүргізіледі.
3. Өкілдік қызметкерлері санына тең көлік құралдары үшін ҚҚС қайтару үш жылда 1 рет жүргізіледі.
4. Акциздік тауарларды ҚҚС-тан босатуға жылына:
алкогольдік ішімдіктер 300 литр;
7200 темекі;
шегілетін немесе қыздырылатын табак – 7200 грамм;
1800 сигара немесе сигарилла үшін рұқсат етіледі.
5. ҚҚС Қазақстан Республикасының аумағында сатып алынған 100 жылдан асқан көне немесе антиквариат бұйымдары, өнер бұйымдары және бұрын қолданыста болған тауарлар үшін қайтарылмайды.
ҚҚС және акциздер өкілдік қызметкері болып табылмайтын басқа тұлғаның пайдасына бір бірлік үшін құны (ҚҚС есептемегенде) 200 АЕК (өкілдік қызметкерлерімен және олармен еріп жүретін отбасы мүшелері үшін 100 АЕК) асатын тауарларды (көлік құралдарынан басқа) өкілдік сатып алғаннан кейін бір жыл ішінде сатқан немесе өзге түрде иеліктен шығарған жағдайда қайтарылмайды.
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 8 АЕК.
2. ҚҚС қайтару:
телекоммуникация қызметтері;
әрбір жеңіл автомобиль үшін тоқсанына 750 литрден аспайтын көлемде көлік құралдарына арналған жанармай үшін шектеусіз жүргізіледі.
3. Өкілдік қызметкерінің 1 көлік құралы үшін ҚҚС қайтару үш жылда 1 рет жүргізіледі.
4. Акциздік тауарларды ҚҚС-тан босатуға күнтізбелік жылына:
алкогольдік ішімдіктер 300 литр;
7200 темекі;
шегілетін немесе қыздырылатын табак – 7200 грамм;
1800 сигара немесе сигарилла үшін рұқсат етіледі.
5. ҚҚС Қазақстан Республикасының аумағында сатып алынған 100 жылдан асқан көне немесе антиквариат бұйымдары, өнер бұйымдары және бұрын қолданыста болған тауарлар үшін қайтарылмайды.
ҚҚС және акциздер өкілдік қызметкері болып табылмайтын басқа тұлғаның пайдасына бір бірлік үшін құны (ҚҚС есептемегенде) 200 АЕК (өкілдік қызметкерлерімен және олардың отбасы мүшелері үшін 100 АЕК) асатын тауарларды (көлік құралдарынан басқа) өкілдік сатып алғаннан кейін бір жыл ішінде сатқан немесе өзге түрде иеліктен шығарған жағдайда қайтарылмайды.
|
24.
|
Ливан Республикасының Елшілігі
|
Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 25 АЕК.
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 25 АЕК.
2. ҚҚС қайтару:
стационарлық телефон байланысы қызметтері;
тұрғын үйді жалға алу;
коммуналдық қызметтер (су және электр қуаты);
автомобильдер, олардың қосалқы бөлшектері және қызмет көрсету;
электрондық техника;
кеңсе жабдықтары;
тұрмыстық техника (асханалық техниканы қоспағанда);
киім және аяқ-киім;
автомобильді жалға алу;
зергерлік бұйымдар үшін жүргізіледі.
|
25.
|
Литва Республикасының Елшілігі, Литва Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 8 АЕК.
2. ҚҚС қайтару:
коммуналдық қызметтер (жылу, электр қуаты, су, газ);
байланыс қызметтері;
пайдалану қызметтері;
автокөлік жанармайы;
мемлекеттің ұлттық күні құрметіне, өкілдік басшысы мен консулдық мекеменің басшысының келуіне (кетуіне), Қазақстан Республикасының ресми қонақтарына арналған қабылдауларды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетулер мен азық-түлік тағамдары үшін шектеусіз жүргізіледі.
3. ҚҚС қайтару:
өнер туындылары;
антикварлық және коллекциялық заттар;
қару-жарақ, оқ-дәрі және олардың бөлшектері;
азық-түліктер мен оларға қатысты қызметтер;
өңделген темекі;
фармацевтика және медициналық көмек өнімдері;
туристік қызметтер;
спорт тауарлары мен оларға байланысты қызметтер;
демалысқа арналған қызмет көрсетулер; жолаушылар тасымалы үшін жүргізілмейді.
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 8 АЕК.
2. ҚҚС қайтару:
коммуналдық қызметтер (жылу, электр қуаты, су, газ);
байланыс қызметтері;
пайдалану қызметтері;
өнер туындылары;
антикварлық және коллекциялық заттар;
қару-жарақ, оқ-дәрі және олардың бөлшектері;
азық-түліктер мен оларға қатысты қызмет көрсетулер;
өңделген темекі;
фармацевтика және медициналық көмек өнімдері;
туристік қызметтер;
спорт тауарлары мен оларға байланысты қызмет көрсетулер;
демалысқа арналған қызмет көрсетулер;
жолаушылар тасымалы үшін жүргізілмейді.
|
26.
|
Мажарстан Елшілігі, Мажарстанның Алматы қаласындағы Бас консулдығы
|
ҚҚС қайтару:
қабылдауға 10 адамнан аз адам қатысқан жағдайда мейрамхана шоттарын төлеген кезде;
жеке пайдалануға сатып алынған тауарлар (мысалы: ет, ұн, көкөніс және т.б.) үшін жүргізілмейді немесе аталған өнімдер өкілдік қызметкерлері үшін емес екендігі туралы өкілдіктің ресми растауы талап етіледі.
|
ҚҚС сомасының жоғарғы шегі өкілдік қызметкерінің 1 отбасы мүшесіне жылына 215 АЕК құрайды.
|
27.
|
Малайзия Елшілігі
|
Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 8 АЕК.
|
ҚҚС қайтару жүргізілмейді.
|
28.
|
Нидерланд Корольдігінің Елшілігі
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 30 АЕК (ҚҚС-сыз).
2. ҚҚС қайтару:
өкілдік қызметкерлері санына тең автомобильдер саны;
көрсетілген барлық қызметтер;
азық-түлік үшін жүргізіледі.
3. Бензин үшін ҚҚС қайтару өкілдіктің 5 автомобиліне дейін тоқсанына 1500 литр; қалғандарына тоқсанына 900 литр бойынша жүргізіледі.
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 30 АЕК (ҚҚС-сыз).
2. ҚҚС қайтару: көрсетілген қызметтер; азық-түлік үшін жүргізілмейді.
3. ҚҚС қайтару:
1 отбасына 2 автомобиль;
темекі – 1 қызметкерге тоқсанына 150 қорап;
алкогольдік ішімдіктер (алкоголі 22%-дан жоғары): өкілдік басшысы үшін жылына – 90 литр; дипломатиялық персонал мүшелері үшін жылына – 60 литр; әкімшілік-техникалық персонал мүшелері үшін жылына – 30 литр;
бензин: өкілдік басшысына бірінші автомобильге тоқсанына – 900 литр, екінші автомобильге – тоқсанына 600 литр; дипломатиялық персонал мүшелері үшін бірінші автомобильге тоқсанына – 900 литр, екінші автомобильге тоқсанына – 600 литр; әкімшілік-техникалық персонал мүшелері үшін бірінші автомобильге тоқсанына – 600 литр, екінші автомобильге тоқсанына – 300 литр үшін жүргізіледі.
|
29.
|
Оман Сұлтандығының Елшілігі
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек тоқсанына – 8 АЕК.
2. ҚҚС қайтару:
коммуналдық қызметтер;
өндірістік мақсаттағы барлық тауарлар, жұмыстар, өкілдік ғимараты мен іргелес аумақты күту үшін қажетті қызметтер;
кеңсе жабдығы;
интерьер заттары;
полиграфиялық жұмыстар;
автомобильдік шиналар мен дискілер;
автомобильдер;
автомобильдерге арналған жанармай;
азық-түлік;
киім;
тұрмыстық химия;
электр тауарлары;
тұрмыс тауарлары үшін жүргізіледі.
|
1. ҚҚС қайтару дипломатиялық персонал мүшелеріне жүргізіледі.
2. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек тоқсанына – 8 АЕК.
3. ҚҚС қайтару:
коммуналдық қызметтер;
өндірістік мақсаттағы барлық тауарлар;
азық-түлік;
киім;
темекі өнімдері;
электр тауарлары;
тұрмыстық химия;
тұрмыс техникалары үшін жүргізіледі.
|
30.
|
Оңтүстік Африка Республикасының Елшілігі
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 8 АЕК.
2. ҚҚС қайтару:
азық-түлік;
медициналық сақтандыру үшін жүргізілмейді.
|
ҚҚС қайтару жүргізілмейді.
|
31.
|
Өзбекстан Республикасының Елшілігі, Өзбекстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы, Өзбекстан Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулдығы
|
Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 8 АЕК.
|
ҚҚС қайтару шектеусіз жүргізіледі.
|
32.
|
Пәкістан Ислам Республикасының Елшілігі
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 8 АЕК.
2. ҚҚС қайтару
қызметтік мақсатта пайдалану үшін сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін жүргізіледі.
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 8 АЕК.
2. ҚҚС қайтару дипломатиялық персонал мүшелеріне жүргізіледі.
|
33.
|
Португалия Республикасының Елшілігі
|
Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 40 АЕК.
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 40 АЕК.
2. ҚҚС қайтару:
жылжымайтын мүлікті жөндеу жұмыстары, құрылыс материалдарын қоса алғанда, соның ішінде оларды құрылыс салушының өзі осы мақсаттар үшін арнайы ұсынған болса;
сумен жабдықтау, газ және электр энергиясы үшін төлемдер;
тамақ өнімдері, соның ішінде сусындар;
қоғамдық тамақтану және сусындар саласындағы қызметтер (мейрамханалар);
қонақүйде тұру ақысы;
тұрғын үйлердегі телефон қызметтері үшін жүргізілмейді.
|
34.
|
Ресей Федерациясының Елшілігі, Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы Бас консулдығы, Ресей Федерациясының Орал қаласындағы Бас консулдығы, Ресей Федерациясының Өскемен қаласындағы Бас консулдығы, Ресей Федерациясының Ақтау қаласындағы Бас консулдығы
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 8 АЕК.
2. Телекоммуникациялық және коммуналдық қызметтер үшін төменгі шек – 3 АЕК.
|
ҚҚС қайтару шектеусіз жүргізіледі.
|
35.
|
Румыния Елшілігі
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 8 АЕК.
2. Коммуналдық қызметтер үшін ҚҚС қайтару шектеусіз жүргізіледі.
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 8 АЕК.
2. 2. Коммуналдық қызметтер үшін ҚҚС қайтару шектеусіз жүргізіледі.
|
36.
|
Сауд Арабиясы Корольдігінің Елшілігі
|
Барлық шот-фактура бойынша төменгі шек – 35 АЕК.
|
Барлық шот-фактура бойынша төменгі шек – 35 АЕК.
|
37.
|
Сербия Республикасының Елшілігі
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 8 АЕК.
2. ҚҚС қайтару:
телекоммуникация қызметтері;
коммуналдық қызметтер;
алкогольдік ішімдіктер;
кофе үшін жүргізілмейді.
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 8 АЕК.
2. ҚҚС қайтару:
телекоммуникация қызметтері;
коммуналдық қызметтер;
алкогольдік ішімдіктер;
кофе үшін жүргізілмейді.
|
38.
|
Словакия Республикасының Елшілігі
|
1. ҚҚС сомасының жоғарғы шегі жылына – 14000 АЕК.
2. ҚҚС қайтару:
3 автомобиль үшін екі жылда 1 рет шектеусіз;
сатып алынған қызмет түрлері;
жөндеу-құрылыс жұмыстары үшін жүргізіледі;
3. ҚҚС қайтару: жанармай 1 автомобильге жылына 4000 литр үшін жүргізіледі.
3. ҚҚС қайтару:
құрылыс материалдары;
үй жануарларына арналған тауарлар үшін жүргізілмейді.
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 5 АЕК.
2. ҚҚС сомасының жоғарғы шегі жылына:
өкілдік басшысы үшін – 465 АЕК;
өкілдіктің консулдық лауазымды адамы үшін – 465 АЕК;
дипломатиялық персонал мүшесі үшін – 371 АЕК;
әкімшілік-техникалық персонал мүшесі үшін – 280 АЕК.
3. ҚҚС қайтару:
1 өкілдік қызметкеріне 1 автомобиль үшін 2 жылда 1 рет шектеусіз;
жанармай 1 автомобильге жылына 3200 литр үшін жүргізіледі.
4. ҚҚС қайтару:
құрылыс материалдары;
үй жануарларына арналған тауарлар үшін жүргізілмейді.
|
39.
|
Солтүстік Македония Республикасының Елшілігі
|
Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 20 АЕК.
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 20 АЕК.
2. Өкілдік қызметкерлері және олардың жұбайларына ҚҚС сомасының жоғарғы шегі жылына 115 АЕК құрайды.
|
40.
|
Таиланд Корольдігінің Елшілігі
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 20 АЕК (ҚҚС-сыз).
2. ҚҚС қайтару коммуналдық қызметтер үшін шектеусіз жүргізіледі.
|
ҚҚС қайтару жүргізілмейді.
|
41.
|
Түркия Республикасының Елшілігі, Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулдығы, Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы, Түркия Республикасының Түркістан қаласындағы Бас консулдығы
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 8 АЕК.
2. Сатып алудың жалпы сомасының жоғарғы шегі – 3300 АЕК.
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 8 АЕК.
2. Сатып алудың жалпы сомасының жоғарғы шегі – 3300 АЕК.
|
42.
|
Түркі академиясы
|
Бір шот-фактура бойынша төменгі шек - 8 АЕК.
|
Сатып алынған тауарлар мен қызметтер үшін ұйымға ҚҚС қайтару жүргізіледі.
|
43.
|
Украина Елшілігі
|
ҚҚС қайтару медициналық қызметтер және тауарлар үшін жүргізілмейді.
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 8 АЕК.
2. ҚҚС қайтару медициналық қызметтер және тауарлар үшін жүргізілмейді.
|
44.
|
Үндістан Республикасының Елшілігі
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 8 АЕК.
2. ҚҚС қайтару коммуналдық қызметтер үшін жүргізілмейді.
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 4 АЕК.
2. ҚҚС қайтару коммуналдық қызметтер үшін жүргізілмейді.
|
45.
|
Финляндия Республикасының Елшілігі
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 24 АЕК.
2. ҚҚС қайтару электр қуаты, телефон байланысы, сумен жабдықтау, отын және мазутқа қатысты сатып алулардың жалпы сомасы жылдың бір тоқсанында кемінде 24 АЕК құраған кезде жүргізіледі.
|
1. ҚҚС қайтару дипломатиялық персонал мүшелеріне және олардың жұбайларына жүргізіледі.
2. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 24 АЕК.
3. ҚҚС қайтару электр қуаты, телефон байланысы, сумен жабдықтау, отын және мазутқа қатысты сатып алулардың жалпы сомасы жылдың бір тоқсанында кемінде 24 АЕК құраған кезде жүргізіледі.
|
46.
|
Француз Республикасының Елшілігі
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 21 АЕК.
2. ҚҚС қайтару:
коммуналдық қызметтер;
әкімшілік ғимараттарды күтіп ұстау бойынша қызметтер;
өкілдік мақсаттарға арналған шығыстар;
жиһаз;
кеңсе керек-жарақтары;
байланыс қызметтері;
тұрмыстық техника;
тұрмыстық химия;
тек ұлттық күнін мерекелеуге бойынша қабылдау;
жөндеу, құрылыс, реконструкциялау, өкілдіктің әкімшілік ғимаратын күтіп ұстау жұмыстарына арналған материалдарды сатып алу, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету жұмыстары үшін жүргізіледі.
|
ҚҚС қайтару жүргізілмейді.
|
47.
|
Халықаралық Валюта Қоры өкілдігі
|
Бір шот-фактура бойынша төменгі шек - 8 АЕК.
|
ҚҚС қайтару жүргізілмейді.
|
48.
|
Халықаралық қаржы корпорациясы
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек - 8 АЕК.
2. Халықаралық қаржы корпорациясының 1956 жылғы 20 шілдедегі келісімінің баптарында көрсетілмеген операциялар мен мәмілелер үшін ҚҚС қайтару жүргізілмейді.
|
ҚҚС қайтару жүргізілмейді.
|
49.
|
Халықаралық Қызыл Крест комитеті өкілдігі (бұдан әрі – ХҚКК)
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 8 АЕК.
2. ХҚКК мен оның өкілдігінің қызметтік пайдалануына және Қазақстан Республикасында гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі ХҚКК бағдарламаларын жүзеге асыруға арналған қызмет көрсетулерді және заттарды сатып алғаны үшін болу мемлекетінде алынатын салықтардың барлық түрлерінен босатылады.
|
ҚҚС қайтару Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын немесе Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын ХҚКК Өкілдігінің мүшелерін қоспағанда, ХҚКК өкілдігінің басшысына, орынбасарына, олардың жұбайларына және басқа да туыстары мен олардың асырауындағы отбасы мүшелері үшін жүргізіледі
|
50.
|
Чех Республикасының Елшілігі
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 21 АЕК.
2. Төменгі шек – 21 АЕК:
көлік құралдарына арналған ЖЖМ-ға;
байланыс қызметтері;
электр энергиясы, су, газ шығыстары;
тұрмыстық қалдықтарды жинауға және шығаруға байланысты шығыстар үшін қолданылмайды.
3. ҚҚС қайтару:
егер өкілдік штаты 15 қызметкерге дейін болса, онда ҚҚС жалпы сомасының жоғарғы шегі – жылына 10700 АЕК құрайтын болса;
егер өкілдік штаты 15 өкілдік қызметкерлерінен асатын болса, онда ҚҚС жалпы сомасының жоғарғы шегі – жылына 16100 АЕК құрайтын жағдайда жүргізіледі.
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 21 АЕК.
2. Төменгі шек – 21 АЕК:
көлік құралдарына арналған ЖЖМ-на;
байланыс қызметтері;
электр энергиясы, су, газ шығыстары;
тұрмыстық қалдықтарды жинауға және шығаруға байланысты шығыстар үшін қолданылмайды.
3. ҚҚС жалпы сомасының жоғарғы шегі жылына 1100 АЕК.
|
51.
|
Швейцария Конфедерациясы-ның Елшілігі, Швейцария Конфедерациясы-ның Алматы қаласындағы Бас консулдығы
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 15 АЕК.
2. ҚҚС қайтару:
коммуналдық қызметтер;
сұйық отын;
телефон қызметтері үшін шектеусіз жүргізіледі.
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 15 АЕК.
2. ҚҚС қайтару:
коммуналдық қызметтер;
сұйық отын;
телефон қызметтері үшін шектеусіз жүргізіледі.
3. ҚҚС қайтару әкімшілік-техникалық персонал мүшелеріне жүргізілмейді.
|
52.
|
Швеция Корольдігінің Елшілігі
|
1. ҚҚС қайтару өтінімі бір күнтізбелік тоқсан (қаңтар-наурыз, сәуір-маусым шілде-қыркүйек және қазан-желтоқсан) кезеңі үшін беріледі.
2. ҚҚС қайтару келесі тауарлар мен қызметтерді сатып алуға жүргізілмейді:
өкілдіктің немесе консулдық мекеменің үй-жайларына жатпайтын үй-жайларды сатып алу және оларға қызмет көрсету;
тұтыну тауарлары, мысалы: тамақ, батареялар, шамдар, люминесцентті шамдар, газды бөтелкелер, гүлдер, гүл композициялары, көшірме қағаз, қаламсаптар, файлдар, тазалау құралдары, сүзгілер, көшіру машиналарына арналған картридждер, таспалар, түзету таспасы, қағаз майлықтар мен табақтар, балауыздар,
кассеталар, флэш-дискілер, компакт дискілер, магнитофон таспалары, бейне таспалар, барлық түрдегі экспозицияланбаған және экспозицияланған пленкалар, фотокөшірме қағазы, фотосуреттер мен пленкаларды басып шығаруға арналған химиялық заттар және басқа материалдар, пакеттер;
қайықтар, шатырлар, спорттық жабдықтар (мысалы, гольфқа арналған имек таяқ, шаңғы, коньки), жылқылар және басқа тірі жануарлар;
автомобильдерге арналған тұрақ, гаражды жалға алу;
ақпараттық қызметтер, жарнама, консультациялық қызметтер, білім, заң қызметтері, пошта және курьерлік қызметтер, жәрмеңкелер, көрмелер шығындары;
саяхат, тұру, фургонды жалға алу немесе сатып алу, көлік қызметтері, көшу шығындары, VIP қызметтер және әуежайдағы басқа қызметтер;
мейрамхана шоттары, кейтеринг қызметтері, өкілдік аумағынан тыс жалдау құны.
|
1. ҚҚС қайтару өтінімі бір күнтізбелік тоқсан (қаңтар-наурыз, сәуір-маусым шілде-қыркүйек және қазан-желтоқсан) кезеңі үшін беріледі.
2. ҚҚС және акциздік алымдарды қосқанда әрбір жекелеген сатып алу 8 АЕК кем болмауы тиіс алкогольдік ішімдіктер, темекі өнімдері және отынды қоспағанда, бір шот-фактура бойынша төменгі шек 12 АЕК.
3. ҚҚС қайтару келесі тауарлар мен қызметтерді сатып алуға жүргізілмейді:
төсек жабдықтары;
төсек-орын;
сүлгілер;
үстел жабдықтары;
қарапайым тұрмыстық заттар: кәстрөлдер, қуыруға арналған табалар, ас үй фарфоры және қыш ыдыстар, ас құралдары, күміс бұйымдар, консервілерге арналған ашқыштар.
сәндік бұйымдар, мысалы: өсімдіктер, вазалар, урналар, отырғызғыштар, хрусталдан жасалған бұйымдар, күл салғыштар, сәндік фарфор, картиналар, мүсіндер немесе басқа өнер туындылары немесе қолдан жасалған бұйымдар, жақтаулар, зергерлік бұйымдар, қол сағаты;
күнделікті газеттер, кассеталар, иілгіш дискілер, магнитофон таспалары, бейне таспалар, жазбалар-дискілер, компакт-дискілер, флэш-дискілер, барлық түрдегі экспозицияланбаған және экспозицияланған пленкалар, фотокөшірме қағазы, фотосуреттер мен пленкаларды басып шығаруға арналған химиялық заттар және басқа материалдар;
үй жануарлары, карантиндік алым, ветеринарлық шығындар;
фортепиано мен пианинодан басқа музыкалық аспаптар, қайықтар, велосипедтер, гольфқа арналған жабдықтар, шаңғы жабдықтары, коньки, роликтер, дене шынықтыру жабдықтары, клубқа мүшелік жарналар;
балалар арбалары, ойыншықтар, соның ішінде компьютерлік ойындар, бала тауарлары;
киім, аяқ киім, чемодандар, сөмкелер;
азық-түлік, косметика, дәретхана керек-жарақтары, шаш кептіргіштер, ұстара, электрлік тіс щеткалары;
медициналық керек-жарақтар, көзілдірік, контактілі линзалар;
батареялар, электр шамдары, люминесцентті шамдар, аша мен шнур сияқты электр жабдықтары;
құралдар, сантехника, жылыту және кәрізге арналған өнімдер, ас үй шкафтары сияқты құрылғылар;
телекоммуникациялық қызметтер, телефон шоттары, электр энергиясына төлемдер, сумен жабдықтау, ағынды суларды тазарту, қоқыс шығару;
автомобильдерге арналған тұрақ, гаражды жалға алу, жылжымайтын мүлік агенттерінің төлемдері, мысалы, дипломатиялық миссиядан немесе консулдық мекемеден басқа үй-жайларды сатып алу, жалға алу;
саяхат, тұрғын үй, фургонды жалға алу немесе сатып алу, көлік қызметтері, көшу шығыстары, мейрамхана, кейтеринг шоттары.
4. Дипломатиялық персонал мүшелері мен консулдық мекемелердің қызметкерлері бір автомобильді немесе отбасылары болған жағдайда екі автомобильді ҚҚС-сыз сатып алуға құқылы.
5. Әкімшілік-техникалық персонал мүшелері автомобильді ҚҚС-сыз сатып алуға құқықтары жоқ.
|
53.
|
Эстония Республикасының Елшілігі
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 8 АЕК.
2. ҚҚС қайтару (8 АЕК төменгі шегіне қарамастан):
коммуникациялық қызметтер;
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтері;
сұйық отын үшін шектеусіз жүргізіледі.
3. ҚҚС қайтару:
азық-түлік;
бұрын пайдаланылған тауарлар үшін жүргізілмейді.
|
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 8 АЕК.
2. ҚҚС қайтару (8 АЕК төменгі шегіне қарамастан):
коммуникациялық қызметтер;
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтері;
сұйық отын үшін шектеусіз жүргізіледі.
3. ҚҚС қайтару:
азық-түлік;
бұрын пайдаланылған тауарлар үшін жүргізілмейді.
|
Ескертпе: Қазақстан Республикасының азаматтарына ҚҚС қайтару жүргізілмейді.
ЖЖМ – жанар-жағармай материалдары.