"Апаттық-диспетчерлік қызмет" кәсіптік стандартын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2025 жылғы 5 желтоқсандағы № 526 бұйрығы

      "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Апаттық-диспетчерлік қызмет" кәсіптік стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Қала құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

      Министрдің міндетін атқарушы И. Шархан

  Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
2025 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 526 бұйрығына қосымша

Кәсіптік стандарт: "Апаттық-диспетчерлік қызмет"

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Кәсіптік стандарттың қолдану аясы: Кәсіби стандарт бағалау, аттестациялау, сертификаттау және біліктілікті растау, кадрларды даярлау мен қайта даярлау үшін негіз ретінде әзірленеді және пайдаланушылардың кең ауқымында пайдалануға арналған.

      2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер, анықтамалар мен қысқартулар қолданылады:

      1) Салалық біліктілік шеңбері (СБШ) – ұлттық біліктілік жүйесінің құрамдас бөлігі (ішкі жүйесі), салаларда танылатын әртүрлі біліктілік деңгейлерінің құрылымдық шеңбері.

      2) Кәсіби стандарт – белгілі бір кәсіби қызмет саласында біліктілік пен құзыреттілік деңгейіне, еңбектің мазмұнына, сапасы мен шарттарына қойылатын талаптарды анықтайтын стандарт.

      3) Төтенше жағдай – бұл белгілі бір аумақта апат, қауіпті табиғи құбылыс, катастрофа, дүлей немесе өзге де апат салдарынан туындаған, адам шығынына, адамдардың денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтіруі, елеулі материалдық шығынға және халықтың өмір сүру жағдайларының бұзылуына алып келетін немесе әкелуі мүмкін жағдай.

      4) Апат – бұл адам мен жануарлардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаның қауіпсіздігіне қауіп төндіретін, әдетте құрылымдар мен техникалық құрылғылардың бұзылуы, бақыланбайтын жарылыс немесе қауіпті заттардың таралуы түрінде көрініс табатын штаттан тыс жағдайлардың бір түрі.

      5) Тіршілік қауіпсіздігі – адамның өмірі, денсаулығы, мүлкі мен заңды мүдделеріне қауіп төндіретін қауіпті факторлардың пайда болу ықтималдығы азайтылған, қоршаған ортаның, еңбек пен оқу жағдайларының, тамақтану мен демалыстың қолайлы, қалыпты жағдайы.

      6) Апаттық жұмыстар – апаттың алдын алу немесе оның салдарын жою үшін шұғыл түрде күтпеген жағдайда атқарылатын жұмыстар.

      3. Осы кәсіптік стандартта мынадай қысқартулар қолданылады

      1) БТБА – жұмысшылар мамандықтары мен жұмыстардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы.

      2) БА – басшылар, мамандар және басқа да қызметкерлер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы.

      3) БХСЖ – білім берудің халықаралық стандартты жіктеуі.

      4) ТКШ – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық.

      5) АДҚ – апаттық-диспетчерлік қызмет.

      6) АЖ – ақпараттық жүйе.

2-тарау. Кәсіптік стандарттың паспорты

      4. Кәсіптік стандарттың атауы: Апаттық-диспетчерлік қызмет

      5. Кәсіптік стандарттың коды: S008

      6. ЭҚЖЖ секциясын, бөлімін, тобын, сыныбын және кіші сыныбын көрсету:

      S Өзге де қызметтер түрлерін ұсыну

      96 Өзге де дербес қызметтер көрсету

      96.0 Өзге де дербес қызметтер ұсыну

      96.09 Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де жеке көрсетілетін қызметтерді ұсыну

      96.09.0 Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де жеке көрсетілетін қызметтерді ұсыну

      7. Кәсіптік стандарттың қысқаша сипаттамасы: "Апаттық-диспетчерлік қызмет" кәсіптік стандарты "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 5-тармағына сәйкес әзірленді. Аталған кәсіби стандарттың мақсаты - білім беру бағдарламаларын, оның ішінде кәсіпорындарда персоналды, білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен түлектерін оқытуды және диспетчерлік бақылауды қолдана отырып, ғимараттар мен құрылыстардың инженерлік-техникалық жабдықтарының қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жөндеу жұмыстарын жүргізу саласындағы кең ауқымды міндеттердің шешімдерін қалыптастыруға қойылатын талаптарды белгілеу.

      8. Кәсіптер карточкаларының тізбесі:

      1) Диспетчер (коммуналдық қызмет) - СБШ-нің 5-деңгейі

      2) Авариялық-қалпына келтіру жұмыстары слесары** - СБШ-нің 3-деңгейі

      4) Авариялық-қалпына келтіру пунктінің шебері - СБШ-нің 5-деңгейі

      5) Авариялық-қалпына келтіру жұмыстары слесары - СБШ-нің 2-деңгейі

      6) Диспетчер (жалпы профиль) - СБШ-нің 4-деңгейі

3-тарау. Кәсіптер карточкалары

9. "Диспетчер (коммуналдық қызмет)" кәсіптің карточкасы:

Топтың коды:

3159-0

Қызмет атауының коды:

3159-0-001

Кәсіптің атауы:

Диспетчер (коммуналдық қызмет)

СБШ бойынша біліктілік деңгейі:

5

СБШ бойынша біліктілік ішкі деңгейі:


БТБА, БА, үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі:

Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы "Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 желтоқсанда № 22003 болып тіркелді.
Диспетчер

Кәсіптік білім деңгейі:

Білім деңгейі:
орта білімнен кейінгі (қолданбалы бакалавриат)

Мамандық:
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің инженерлік жүйелерін монтаждау және пайдалану

Біліктілік:
-

Білім деңгейі:
ТжКБ (орта деңгейдегі маман)

Мамандық:
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің инженерлік жүйелерін монтаждау және пайдалану

Біліктілік:
-

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:

Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім беру жұмыс өтіліне немесе жалпы орта білімге, арнаулы бағдарлама бойынша оқуға және басқару (өндіріс) процесін жедел реттеу жөніндегі жұмыс өтіліне кемінде 3 жыл, оның ішінде осы ұйымда кемінде 1 жыл.

Формалды емес және информалы біліммен байланыс:

Жұмыс тәжірибесін растау және тиісті аттестаттаудан өту арқылы біліктілікті тануға болады

Кәсіптің басқа ықтимал атаулары:

2147-4-001 - Магистральдық құбыр желілерінің диспетчері
2151-2-003 - Электр берілісі желілерінің диспетчері, аумақтық диспетчерлік

Қызметтің негізгі мақсаты:

Коммуналдық қызметтердің жұмысын жедел бақылауды және үйлестіруді қамтамасыз ету, халықтан өтінімдерді қабылдау және өңдеу, авариялық жағдайларды жоюды ұйымдастыру, орындалған жұмыстар бойынша есеп пен есептілікті жүргізу

Еңбек функциялардың сипаттамасы

Еңбек функцияларының тізбесі:

Міндетті еңбек функциялары:

1. Халық пен ұйымдардан өтінімдерді қабылдау және өңдеу
2. Жөндеу және авариялық қызметтердің жұмысын жедел басқару

Қосымша еңбек функциялары:


1-еңбек функциясы:
Халық пен ұйымдардан өтінімдерді қабылдау және өңдеу



1-дағды:
Өтінімдер журналын жүргізу

Машықтар:
1. Халықтан және ұйымдардан өтінімдерді телефон арқылы, жазбаша нысанда немесе электрондық байланыс арналары арқылы қабылдау;
2. Өтінімдерді қолмен немесе ақпараттық жүйелерді қолдана отырып ресімдеу және тіркеу;
3. Өтінімдердегі мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын тексеру (мекен-жайы, мәселесі, байланыс деректері);
4. Өтінімдерді тиісті қызметтерге немесе мамандарға уақтылы беру;
5. Орындау мерзімдерін белгілей отырып, өтінімдерді есепке алуды, орындалуын бақылауды және жабуды жүргізу;
6. ТКШ мамандандырылған АЖ қоса алғанда, есепке алу және электрондық құжат айналымы бағдарламаларын пайдалану;
7. Алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету.

Білімдер:
1. Қазақстан Республикасының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы заңнамасының негіздері;
2. ТКШ саласында диспетчерлік қызметті ұйымдастыру тәртібі;
3. Коммуналдық қызметтердің түрлері және ақаулар мен төтенше жағдайлардың негізгі түрлері;
4. Іс жүргізу және құжат айналымы ережелері;
5. Өтінімдерді, оның ішінде электрондық жүйелерде тіркеу журналдарын жүргізу қағидалары;
6. Диспетчерлеудің ақпараттық жүйелерімен және деректер базасымен жұмыс істеу негіздері;
7. Авариялық-жөндеу және қызмет көрсету қызметтерімен өзара іс-қимыл тәртібі.
8. Диспетчердің лауазымдық нұсқаулығы және апаттық-диспетчерлік қызмет туралы ереже.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

2-дағды:
Өтініштің жеделдігі санатын анықтау

Машықтар:
1. Шұғылдық сипаты мен дәрежесін анықтау үшін келіп түскен өтінімнің мазмұнын бағалау;
2. Өтініштерді апаттық, шұғыл, жоспарлы және консультациялық санаттар бойынша жіктеу;
3. Әрекет етудің жеделдігін айқындау кезінде нормативтік құжаттар мен ішкі регламенттерді қолдану;
4. Белгіленген әрекет ету тәртібін ескере отырып, ақпаратты тиісті қызметтерге жіберу;
5. Есеп журналында немесе ақпараттық жүйеде жеделдік санатын белгілеу.

Білімдер:
1. Азаматтар мен ұйымдардың өтініштеріне ден қою тәртібін реттейтін ТКШ саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері;
2. Шұғылдық деңгейі бойынша өтінімдердің түрлері мен жіктелуі (қаулылар, стандарттар, нұсқаулықтар);
3. Әр түрлі санаттағы өтініштерге жауап берудің уақытша нормативтері;
4. Инженерлік жүйелер жұмысының негіздері (сумен жабдықтау, кәріз, жылыту, электрмен жабдықтау және т. б.);
5. Ішкі нұсқаулар және өтініштерге диспетчерлік жауап беру алгоритмдері.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

3-дағды:
Өтінімдерді тиісті қызметтерге беру

Машықтар:
1. Алынған өтінімдерді белгіленген регламентке сәйкес тиісті авариялық, техникалық және қызмет көрсету қызметтеріне жедел жіберу;
2. Қызметтердің құзыреті бойынша өтінімдерді бөлу алгоритмдерін қолдану (сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және т. б.);
3. Өтінімдерді беру үшін байланыс құралдарын (телефон, радиобайланыс, ақпараттық жүйелер) пайдалану;
4. Өтінімді журналға немесе ақпараттық жүйеге беру фактісін тіркеп, күнін, уақытын және жауапты бөлімшесін көрсету;
5. Орындаушы қызметтің өтінім алуын бақылау.

Білімдер:
1. Диспетчерлік қызметтің жедел және техникалық бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасау тәртібі;
2. ТКШ объектілеріне қызмет көрсететін коммуналдық қызметтердің құрылымы мен функциялары;
3. Санаттар бойынша өтінімдерге ден қою уақытының регламенттері мен нормативтері;
4. ТКШ саласындағы процестерді диспетчерлеу жөніндегі нұсқаулықтар мен ішкі ережелер;
5. Ақпаратты беру үшін қолданылатын байланыс құралдары (телефон желілері, радиобайланыс және т.б.).

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

2-еңбек функциясы:
Жөндеу және авариялық қызметтердің жұмысын жедел басқару



1-дағды:
Ауысымдық есептілікті жүргізу

Машықтар:
1. Орындалған жұмыстар, авариялық жағдайлар және өтінімдерге ден қою туралы ауысымдық есептерді жасау және рәсімдеу;
2. Тиімділікті бағалау және жедел шешім қабылдау үшін жұмыстың барысы туралы ақпаратты талдау;
3. Құжаттаманы белгіленген нормативтер мен талаптарға сәйкес жүргізу;
4. Есептік деректерді тіркеу және сақтау үшін ақпараттық жүйелерді пайдалану;
5. Ауысымдық есептерді басшылыққа және мүдделі бөлімшелерге уақтылы беруді қамтамасыз ету.

Білімдер:
1. Коммуналдық қызметте ауысымдық есептілікті жүргізу қағидалары мен рәсімдері;
2. Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес құжаттаманы ресімдеуге қойылатын форматтар мен талаптар;
3. Жөндеу және авариялық жұмыстарды басқару негіздері;
4. Бухгалтерлік есеп пен есеп беру үшін қолданылатын ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық қамтамасыз ету;
5. Есеп беру және коммуналдық қызметтердің жұмысын бақылау тәртібін реттейтін нормативтік құжаттар.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

2-дағды:
Өтінімдердің орындалуын бақылау

Машықтар:
1. Авариялық және жөндеу қызметтеріне берілген өтінімдердің орындалу мерзімдері мен сапасына бақылауды жүзеге асыру;
2. Орындаушылардан жұмыстарды орындау кезеңдері туралы ақпарат алу және тіркеу;
3. Кешігу себептерін көрсете отырып, аяқталған және аяқталмаған өтінімдердің есебін жүргізу;
4. Өтінім берушілерге өтінімнің орындалу мәртебесі туралы хабарлау;
5. Өтінімдерді белгіленген мерзімде орындау бойынша есептілікті қалыптастыру.

Білімдер:
1. ТКШ авариялық және жөндеу қызметтерін ұйымдастыру және олармен өзара іс-қимыл жасау тәртібі;
2. ТКШ саласында авариялық-жөндеу жұмыстарын орындау түрлері мен мерзімдері;
3. Есептілікті жүргізуге және өтінімдердің орындалуын есепке алуға қойылатын талаптар;
4. Диспетчерлеуде қолданылатын ақпараттық жүйелер немесе есепке алу журналдары;
5. Коммуналдық қызметтер көрсету және аварияларды жою тәртібін регламенттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

3-дағды:
Бригадалардың шығуын үйлестіру

Машықтар:
1. Жөндеу және авариялық бригадалардың объектілерге уақтылы шығуын ұйымдастыру және жоспарлау;
2. Өтінімдерді олардың жүктемесі мен мамандануын ескере отырып, бригадалар арасында жедел бөлу;
3. Мәселелерді тиімді шешу үшін диспетчер, бригадалар және өтініш берушілер арасындағы байланысты қамтамасыз ету;
4. Жұмыс орнына бригадалардың қозғалысы мен келуін бақылау және бақылау;
5. Шығуларды үйлестіру және авариялық жағдайларға ден қою жөніндегі құжаттаманы жүргізу.

Білімдер:
1. ТКШ саласындағы жөндеу және авариялық қызметтердің құрылымы мен функционалдық міндеттері;
2. Өтінімдерге және авариялық жағдайларға жедел ден қою тәртібі мен регламенті;
3. Шығу уақытын, маршруттарын және қауіпсіздік талаптарын қоса алғанда, бригадалардың жұмысын ұйымдастыру қағидалары;
4. Шығуды үйлестіру үшін пайдаланылатын коммуникациялық құралдар мен ақпараттық жүйелер;
5. Коммуналдық қызметтердің қызметін және авариялық ден қою тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар:

Жауапкершілік
Күйзеліске тұрақтылық
Тез шешім қабылдай білу
Командада жұмыс істей білу
Оқу және өзін-өзі оқыту қабілеті

Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімі:


СБШ -нің ішіндегі басқа кәсіптермен байланыс:

СБШ-нің деңгейі:

Кәсіптің атауы:

5

Диспетчер (коммуналдық қызмет)

3

Авариялық-қалпына келтіру жұмыстарының слесарі

10. Кәсіптің карточкасы "Авариялық-қалпына келтіру жұмыстары слесары**":

Топтың коды:

7126-9

Қызмет атауының коды:

7126-9-015

Кәсіптің атауы:

Авариялық-қалпына келтіру жұмыстары слесары**

СБШ бойынша біліктілік деңгейі:

3

СБШ бойынша біліктілік ішкі деңгейі:


БТБА, БА, үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі:

63-шығарылым. "Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (63 -шығарылым) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 10 қарашадағы № 441 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 13 қарашада № 21626 болып тіркелді.
Авариялық-қалпына келтіру жұмыстарының слесарі, БТБА-мен ішінара сәйкестік

Кәсіптік білім деңгейі:

Білім деңгейі:
ТжКБ (жұмысшы кәсіптер)

Мамандық:
Жөндеуші-слесарь

Біліктілік:
-

Білім деңгейі:
негізгі орта білім

Мамандық:
-

Біліктілік:
-

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:

4-разряд үшін-кемінде 1 жыл; 5-разряд үшін-кемінде 3 жылдық практикалық тәжірибе.

Формалды емес және информалы біліммен байланыс:

Талап етілмейді

Кәсіптің басқа ықтимал атаулары:

7126-9-019 - Жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі слесарь
7214-2-004 - Слесарь-монтажшы
7239-2-063 - Слесарь-жөндеуші

Қызметтің негізгі мақсаты:

Төтенше жағдайларды жедел жою, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, техникалық қызмет көрсету және ақаулардың алдын алу жолымен ТКШ саласындағы инженерлік желілер мен жабдықтардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету

Еңбек функциялардың сипаттамасы

Еңбек функцияларының тізбесі:

Міндетті еңбек функциялары:

1. Нормативтік талаптарға және жұмыс кестелеріне сәйкес сумен жабдықтау, су бұру, жылумен жабдықтау және су бұру инженерлік желілерінде авариялық қалпына келтіру және профилактикалық жөндеу жұмыстарын жүргізу
2. ТКШ инженерлік желілерінде авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу (сумен жабдықтау, кәріз, жылыту).

Қосымша еңбек функциялары:


1-еңбек функциясы:
Нормативтік талаптарға және жұмыс кестелеріне сәйкес сумен жабдықтау, су бұру, жылумен жабдықтау және су бұру инженерлік желілерінде авариялық қалпына келтіру және профилактикалық жөндеу жұмыстарын жүргізу



1-дағды:
Шектеулі кеңістікте және төтенше жағдайларда жұмыс жасау

Машықтар:
1. Жабық немесе шектеулі жерлерде (құдықтар, камералар, жертөлелер және т. б.) жұмыстарды қауіпсіз орындау;
2. Жоғары тәуекел жағдайында жұмыстарды орындау кезінде жеке қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ) пайдалану;
3. Апаттық жағдайдағы жағдайды бағалау және тәуекелдерді азайту шараларын қабылдау (желдету, газды бақылау, жарықтандыру және т. б.);
4. Шектеулі уақыт және инженерлік желілердің зақымдалған учаскелеріне қол жеткізу жағдайында авариялық бригада құрамында жұмыс істеу.

Білімдер:
1. Шектеулі және жабық кеңістіктерде жұмыс істеу кезінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қағидалары;
2. Қиын жағдайларда авариялық жұмыстарды жүргізуге қойылатын нормативтік талаптар;
3. Жеке және ұжымдық қорғау құралдарын қолдану түрлері мен ережелері;
4. Жұмыс орнында желдетуді, жарықтандыруды және ауа ортасын бақылауды қамтамасыз ету әдістері;
5. Төтенше жағдайлар кезіндегі, оның ішінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төнген кездегі іс-қимыл алгоритмі.
6. Авариялық-қалпына келтіру жұмыстары слесарінің лауазымдық нұсқаулығы және авариялық-диспетчерлік қызмет туралы ереже.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

2-дағды:
ТКШ сыртқы және ішкі инженерлік желілерінде авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу

Машықтар:
4-5-разряд үшін:
1. Сумен жабдықтау, су бұру, жылумен жабдықтау және кәріздің инженерлік желілерінде аварияларды диагностикалауды және оқшаулауды жүзеге асыру;
2. Техникалық құжаттамаға сәйкес мамандандырылған құралдар мен жабдықтарды пайдалана отырып, авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын орындау;
3. Инженерлік коммуникацияларды жөндеу және қызмет көрсету кезінде технологиялық процестер мен нормативтік талаптарды сақтау;
4. Авариялардың алдын алу және желілердің сенімділігін арттыру үшін алдын алу шараларын жүзеге асыру;
5. Актілер мен есептерді қоса алғанда, орындалған жұмыстар бойынша техникалық құжаттаманы жүргізу;
6. Жұмыстарды орындау кезінде еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және экологиялық нормаларды сақтау.
7. Кәріз желісі мен коллекторларды 12 м тереңдікте гидравликалық әдіспен тазалауды орындау;
8. Жылжымалы автосорғылардың көмегімен икемді білікпен, су ағынымен және кері гидравликалық қысым әдісімен бітелулерді жою;
9. Жүк көтергіштігі 1 тоннаға дейін трос пен лебедканы дайындауды орындау.
5-разряд үшін, 1-9 тармақтарда көзделген дағдыларға қосымша:
10. Гидравликалық тәсілмен 12 м-ден астам тереңдікте дөңгелек, жұмыртқа тәрізді, шатырлы кәріз желілерін, дюкерлерді, каналдар мен коллекторларды тазалауды жүзеге асыру;
11. Жүк көтергіштігі 2 тоннаға дейін трос пен лебедканы дайындауды орындау.

Білімдер:
4-5-разряд үшін:
1. Сумен жабдықтау, су бұру, жылумен жабдықтау және кәріздің инженерлік желілерінің конструктивтік ерекшеліктері мен техникалық сипаттамалары;
2. ТКШ саласында авариялық-қалпына келтіру және профилактикалық жұмыстарды жүргізу тәртібін реттейтін нормативтік құжаттар мен стандарттар;
3. Инженерлік коммуникацияларды жөндеу, диагностикалау және қызмет көрсетудің техникалық талаптары мен технологиялары;
4. Мамандандырылған құралдар мен жабдықтарды пайдалану қағидалары;
5. Авариялық және қалпына келтіру жұмыстарын орындау кезінде еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және экологиялық қауіпсіздік негіздері.
6. Авариялық-қалпына келтіру жұмыстары слесарінің лауазымдық нұсқаулығы және авариялық-диспетчерлік қызмет туралы ереже.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

3-дағды:
Құбырлардың әр түрлі түрлерімен (металл, полимер және т. б.), арматурамен және байланыстырушы элементтермен жұмыс жасау

Машықтар:
4-5-разряд үшін:
1. Металл және полимерлі құбырларды қоса алғанда, құбырлардың әртүрлі түрлерін монтаждауды, бөлшектеуді және жөндеуді жүзеге асыру;
2. Құбырлардың түріне және техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес арматура мен байланыстырушы элементтерді дұрыс таңдау және пайдалану;
3. Құбырлардың материалдарын ескере отырып, герметизациялау және дәнекерлеу жұмыстарын орындау;
4. Инженерлік желілердің қосылыстары мен тораптарының сапасы мен сенімділігін бақылау;
5. Құбырлармен және арматурамен жұмыс істеу кезінде технологиялық нормалар мен қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Білімдер:
4-5-разряд үшін:
1. Әр түрлі құбыр материалдарының түрлері мен сипаттамалары (металл, полимер және т. б.), арматура және байланыстырушы элементтер;
2. Пісіру, дәнекерлеу, фланецті және бұрандалы қосылыстарды қоса алғанда, құбырларды қосу технологиялары мен әдістері;
4. Инженерлік коммуникациялармен және тиісті жабдықтармен жұмыс істеу кезіндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидалары;
5. Инженерлік желілерді пайдалану және техникалық қызмет көрсету негіздері.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

4-дағды:
Зақымдануды жою кезінде дәнекерлеу және слесарь құралдарын қолдану

Машықтар:
4-5-разряд үшін:
1. Инженерлік желілердің зақымдалған жерлерін жөндеу және қалпына келтіру үшін дәнекерлеу жабдықтары мен слесарлық құралдарды дұрыс пайдалану;
2. Техникалық талаптарға сәйкес әртүрлі типтегі дәнекерлеу жұмыстарын (электрмен дәнекерлеу, газбен дәнекерлеу, аргон-доғалық дәнекерлеу және т. б.) жүзеге асыру;
3. Бөлшектерді тазалауды, кесуді және сәйкестендіруді қоса алғанда, дәнекерлеуге және слесарлық операцияларға дайындық жұмыстарын жүргізу;
4. Дәнекерленген қосылыстардың сапасы мен тығыздығын қамтамасыз ету;
5. Дәнекерлеу және слесарлық құралдармен жұмыс істеу кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау техникасының талаптарын сақтау.

Білімдер:
4-5-разряд үшін:
1. Дәнекерлеу жабдықтары мен слесарлық құралдардың құрылысы мен жұмыс принциптері;
2. Дәнекерлеу және слесарлық жұмыстардың технологиялары, дәнекерлеу қосылыстарының түрлері және олардың сапасын бақылау әдістері;
3. Дәнекерлеу және монтаждау үшін жиектер мен беттерді дайындау әдістері;
4. Дәнекерленген тігістердің сапасын бақылау әдістері;
5. Дәнекерленген қосылыстардың ақауларын жіктеу және оларды жою әдістері.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

5-дағды:
Диагностикалық құралдарды қолдану (ағып кету детекторлары, трасса детекторлары, деңгей өлшегіштер және т. б.)

Машықтар:
4-5-разряд үшін:
1. Құбырлардың ағып кетуін, бітелуін, зақымдану орындарын анықтау үшін диагностикалық аспаптарды қолдану;
2. Инженерлік желілерді зерттеу үшін жол іздегіштерді, деңгей өлшегіштерді және басқа жабдықтарды теңшеу және дұрыс пайдалану;
3. Диагностикалық аспаптардың көрсеткіштерін түсіндіру және тексеру нәтижелерін ресімдеу;
4. Диагностика нәтижелері бойынша авариялық-қалпына келтіру жұмыстарының қажеттілігі мен көлемін анықтау.

Білімдер:
4-5-разряд үшін:
1. ТКШ саласында қолданылатын диагностикалық аспаптардың түрлері мен жұмыс принциптері;
2. Инженерлік желілердегі ағып кетулерді, жасырын ақаулар мен зақымдарды іздеу және оқшаулау әдістері;
3. Диагностикалық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және сақтау ережесі;
4. Ақаулар мен зақымдарды анықтау үшін бұзбайтын бақылау әдістері мен технологиялары (акустикалық, ультрадыбыстық, магниттік, құйынды ток) ;
5. Құбырлардың техникалық жай-күйін бағалау критерийлері және диагностикалық деректер негізінде тозу дәрежесін анықтау;
6. Нәтижелерді тіркей отырып, техникалық құжаттаманы ресімдеу қағидалары (ақаулы ведомостар, диагностика хаттамалары, тексеру актілері).

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

2-еңбек функциясы:
ТКШ инженерлік желілерінде авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу (сумен жабдықтау, кәріз, жылыту).



1-дағды:
Қолмен және механикаландырылған слесарлық, дәнекерлеу және монтаждау құралдарымен жұмыс.

Машықтар:
4-разряд үшін:
1. Диаметрі 300-ден 900 мм-ге дейінгі құбырларды су құбыры желілерін жөндеу, қорғасынмен және түрлі алмастырғыштармен құю, құю бойынша жұмыстарды орындау;
5 разряд үшін:
2. Диаметрі 900 мм-ден асатын құбырларды қорғасынмен және түрлі алмастырғыштармен құю, су құбыры желілерін жөндеу бойынша жұмыстарды орындау;
4-5-разряд үшін:
3. Қарапайым желі схемалары мен сызбаларын оқу.
4. Төтенше жағдайдың сипаты мен орнын анықтау.
5. Жеке қорғаныс құралдарын қолдану.
6. Шектеулі және қауіпті жағдайларда жұмыс істеу (траншеялар, құдықтар және т.б.).
7. Авариялық-қалпына келтіру жұмыстары бойынша құжаттаманы жүргізу.

Білімдер:
4-5-разряд үшін:
1. ТКШ инженерлік жүйелерінің құрылысы.
2. Құбырларда қолданылатын материалдардың қасиеттері.
3. Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі ережелері.
4. Су және кәріз желілеріндегі апаттарды жою технологиялары.
5. ТКШ саласындағы нормативтік құжаттар.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар:

Жауапкершілік
Күйзеліске тұрақтылық
Тез шешім қабылдай білу
Командада жұмыс істей білу
Төзімділік пен еңбексүйгіштік
Зейінді шоғырландыру және бақылау

Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімі:

ҚР ҚН 4.01-01-2011 "Ғимараттардың ішкі санитарлық-техникалық жүйелері" - МЕМСТ 21.602-2016 Сумен жабдықтау және кәріз жүйелері. - Сумен жабдықтау және су бұрудың коммуналдық желілерін пайдалану қағидалары – "Ғимараттар мен құрылыстардың қауіпсіздігі" техникалық регламенті - ҚР МЕМСТ ИСО 9001-2016 (жұмыс сапасы)

СБШ -нің ішіндегі басқа кәсіптермен байланыс:

СБШ-нің деңгейі:

Кәсіптің атауы:

3

Инженерлік желілерді жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі слесарь

5

Авариялық-қалпына келтіру жұмыстарының шебері

12. "Авариялық-қалпына келтіру пунктінің шебері" кәсіптің карточкасы:

Топтың коды:

3118-4

Қызмет атауының коды:

3118-4-001

Кәсіптің атауы:

Авариялық-қалпына келтіру пунктінің шебері

СБШ бойынша біліктілік деңгейі:

5

СБШ бойынша біліктілік ішкі деңгейі:


БТБА, БА, үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі:


Кәсіптік білім деңгейі:

Білім деңгейі:
орта білімнен кейінгі (қолданбалы бакалавриат)

Мамандық:
Электрмен қамтамасыздандыру (салалар бойынша)

Біліктілік:

Білім деңгейі:
ТжКБ (орта деңгейдегі маман)

Мамандық:
Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша)

Біліктілік:
-

Білім деңгейі:
ТжКБ (орта деңгейдегі маман)

Мамандық:
Лифт шаруашылығы және эскалаторлар (түрлері бойынша)

Біліктілік:
-

Білім деңгейі:
ТжКБ (орта деңгейдегі маман)

Мамандық:
Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану

Біліктілік:
-

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:

Инженерлік желілерге немесе авариялық бригадаларды ұйымдастыру функциялары бар аралас техникалық лауазымдарға авариялық-диспетчерлік қызмет көрсету саласында кемінде 3 жыл жұмыс істеу

Формалды емес және информалы біліммен байланыс:

Талап етілмейді

Кәсіптің басқа ықтимал атаулары:

3118-4-005 - Газ жабдықтарын жөндеу және оларға қызмет көрсету мастері
3113-5-002 - Жылумен жабдықтау жөніндегі мастер

Қызметтің негізгі мақсаты:

Диспетчерлік бақылауды қолдана отырып, ғимараттар мен құрылыстардың инженерлік-техникалық жабдықтарының қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жедел-диспетчерлік бригадаға басшылық жасау

Еңбек функциялардың сипаттамасы

Еңбек функцияларының тізбесі:

Міндетті еңбек функциялары:

1. Инженерлік жабдықтардың жұмысын бақылау жөніндегі диспетчерлік қызметті басқару
2. Авариялық-диспетчерлік қызметті жедел басқару жөніндегі қызметті басқару

Қосымша еңбек функциялары:


1-еңбек функциясы:
Инженерлік жабдықтардың жұмысын бақылау жөніндегі диспетчерлік қызметті басқару



1-дағды:
Авариялық, төтенше жағдайлар туындаған кезде жедел және шұғыл қызметтермен, жергілікті өзін-өзі басқару және атқарушы билік органдарымен бірлескен іс-қимылдарды ұйымдастыру

Машықтар:
1. Жедел және шұғыл қызметтерге, жергілікті өзін-өзі басқару және атқарушы билік органдарына, басқа да тиісті мекемелерге лифттердегі авариялық жағдай, инженерлік жабдықтар, сондай-ақ басқа да төтенше жағдайлар туралы хабарлау.
2. Лифттерде немесе инженерлік жабдықта авариялық жағдайлар және/немесе болған жазатайым оқиғалар кезінде тиісті ұйымдар мен авариялық қызметтердің бірлескен іс-қимылдарын қамтамасыз ету.
3. Нақты міндеттерді орындау үшін келетін жедел және шұғыл қызметтерге жәрдем көрсету үшін диспетчерлік қызмет персоналын қажетті жағдайларда тарту.
4. Болған авария және/немесе жазатайым оқиға туралы ақпаратты тиісті ұйымдарға, қызметтерге, органдарға беру уақытын белгілеу.
5. Жедел және шұғыл қызметтердің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және басқарудың жоғары деңгейдегі ұқсас қызметінің тиісті өкілдерімен тиімді коммуникацияларды жүзеге асыру.
6. Ұйымдармен, қызметтермен, органдармен бірлескен іс-қимылдарды ұйымдастыру кезінде қабылданған шаралардың нәтижелерін құжаттау.
7. Бағынысты персоналдың қызметін ұйымдастыру.

Білімдер:
1. Төтенше жағдайлар туындаған кезде диспетчерлік қызметтің іс-қимыл тәртібі.
2. Қала шаруашылығын ұйымдастыру негіздері.
3. Жедел және шұғыл қызметтердің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және басқарудың жоғары деңгейдегі ұқсас қызметінің өкілдерімен ақпарат алмасу тәсілдері.
4. Төтенше жағдайлар туындаған кезде қабылданатын іс-қимылдарды ресімдеу тәртібі.
5. Диспетчердің және аға диспетчердің лауазымдық нұсқаулығы.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

2-дағды:
Жедел-диспетчерлік бригаданың жұмысын ұйымдастыру

Машықтар:
1. Диспетчермен бірлесіп осы объектіге атқарушылық-техникалық құжаттаманы (планшет, жоспар, бейін, дәнекерленген түйіспелер схемасы) дайындайды және объектіні (ауданды) ажырату тәртібі мен орнын, объектінің ауданында жерасты каналдық коммуникацияларының болуын нақтылау.
2. Бригада мүшелеріне нұсқау беру, нысанды ажырату сызбасымен таныстыру және апат орнына жабдықталған көлікпен бірге шығу.
3. Қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру.
4. Диспетчерлік пульт пен ұйымдастыру техникасы құралдарының жабдықтарын пайдалану.
5. Пайдалану құжаттамасын пайдалану.
6. Диспетчерлік қызмет жұмысының нәтижелерін құжаттау.
7. Диспетчерлік бақылау қызметі диспетчерлерінің жұмыс кестесін жасау.
8. Диспетчерлерді нормативтік және техникалық құжаттамамен, нұсқаулық-әдістемелік материалдармен, шығыс материалдарымен қамтамасыз ету.
9. Диспетчерлік қызмет жанындағы мердігерлік ұйымдар қызметкерлерінің жұмыс кестесін келісу және қажетті өзгерістер енгізуді келісу.
10. Диспетчерлік қызмет қызметкерлерін көтермелеу және өндіріп алу шаралары туралы ұсыныстар дайындау.

Білімдер:
1. Диспетчерлік қызмет пайдаланатын диспетчерлік бақылау жүйесінің түрі, мақсаты және жұмыс қағидаты.
2. Диспетчерлік бақылау жүйесінің бағдарламалық қамтамасыз ету мүмкіндіктері, бағдарламадағы жұмыс тәсілдері.
3. Лифтілер мен басқа да инженерлік жабдықтардың ақаулығы туралы өтінімдерді қабылдау және олардың орындалуын бақылау тәртібі.
4. Диспетчерлік бақылау жүйесінің нақты түрін, диспетчердің және аға диспетчердің міндеттерін, құқықтары мен жауапкершілігін пайдаланатын диспетчерлік қызмет туралы ереже.
5. Нормативтік техникалық құжаттаманың, қызметтік құжаттаманың, нұсқаулық-әдістемелік материалдардың тізбесі мен мазмұны.
6. Диспетчердің және аға диспетчердің лауазымдық нұсқаулығы.
7. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы.
8. Еңбекті ұйымдастыру және персоналды басқару негіздері.
9. Есептік құжаттаманы жүргізу тәртібі.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

3-дағды:
Диспетчерлік қызметтің қызметін бақылау

Машықтар:
1. Жертөледегі газды анықтау.
2. Есіктер мен терезелерді ашу арқылы, сондай-ақ желдетуді ұйымдастыру.
3. Барлық баспалдақ торларында, үйдің бірінші және жертөле қабатының үй-жайларында газдану дәрежесін тексеруді, сондай-ақ 50 метр радиуста орналасқан үйлердің барлық жертөлелерінің, газ құдықтарының, құдықтардың және жерасты инженерлік коммуникациялар камераларының газдануын тексеруді ұйымдастыру.
4. Келіп түскен өтінімдердің қаралуына және орындалуына мониторинг және бақылау жүргізу, қайталанған өтініштерді анықтау, диспетчерлік бақылау қызметінің жұмысына шағымдарды қарау.
5. Диспетчерлік қызмет қызметкерлерінің және диспетчерлік қызмет жанындағы мердігерлік ұйымдардың қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін орындауына бақылау жүргізу.
6. Персоналдың өндірістік нұсқаулықтарды, еңбекті қорғау жөніндегі ережелерді сақтауын бақылауды жүргізу.
7. Мердігерлік ұйымдардың және басқарудың жоғары деңгейдегі ұқсас қызметінің (орталық диспетчерлік қызметтің) басшылығын талдау нәтижелері және қызмет көрсетудің тиісінше сапасыздығы фактілері туралы хабардар ету.
8. Диспетчерлік бақылау жүйесінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуді орындау мерзімдерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру.
9. Басқару пультінің жабдықтары мен кеңсе жабдықтарын пайдалану.
10. Лифттердің, инженерлік жабдықтардың, диспетчерлік бақылау жүйесінің жабдықтарының ақаулықтарын жоюға өтінімдерді қабылдау, беру және орындау туралы ақпаратты талдау.
11. Қызметкерлер ұжымының жұмысын ұйымдастыру.
12. Жүргізілген тексерулердің нәтижелерін құжаттау, келіп түскен өтінімдерді талдау, қажетті жағдайларда жедел шаралар қабылдау.

Білімдер:
1. Диспетчерлік қызмет туралы ереже, диспетчердің және аға диспетчердің міндеттері, құқықтары мен жауапкершілігі.
2. Диспетчерлік бақылау жүйесінің мақсаты мен жұмыс қағидаты.
3. Диспетчердің және аға диспетчердің лауазымдық нұсқаулығы.
4. Есептік құжаттаманы жүргізу тәртібі.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

2-еңбек функциясы:
Авариялық-диспетчерлік қызметті жедел басқару жөніндегі қызметті басқару



1-дағды:
Жедел басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және орындау

Машықтар:
1. Төтенше жағдайларды жоюды талдау.
2. Қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ауытқулар мен бұзушылықтарды анықтау.
3. Белгіленген тәртіппен ақпарат алмасуды жүргізу.
4. Техникалық және есептік құжаттаманы жүргізу.
5. Негізгі деңгейде мәтіндік редакторлармен, электрондық кестелермен, электрондық пошталармен және браузерлермен жұмыс жасау.
6. Базалық деңгейде мамандандырылған бағдарламалармен жұмыс істеу.
7. Шешімдерді жедел қабылдау және іске асыру.
8. Жаңа құрылғыларды енгізу кезінде жұмысты ұйымдастыру (оларды енгізу шамасына қарай).
9. Бағынысты қызметкерлердің жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру.
10. Жедел басқару саласында анықтамалық материалдарды қолдану, ғылыми-техникалық ақпаратты талдау.
11. Жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау.
12. Өз қызметінің және бағыныштылардың қызметінің нәтижелерін бағалау.

Білімдер:
1. Жабдықтың қалыпты және апаттық режимдері.
2. Алғашқы көмек көрсету жөніндегі іс-шаралар тізбесі.
3. Төтенше жағдайларда жұмыскерлердің іс-әрекеттері.
4. Ауысымды қабылдау-беру тәртібі.
5. Жедел ақпаратты беру регламенті.
6. Жедел-техникалық құжаттаманы жүргізу тәртібі.
7. Техникалық қауіпсіздік құралдарының, аварияға қарсы қорғаныс және автоматика құралдарының жұмыс істеу қағидаты.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

2-дағды:
Жедел қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру және бақылау

Машықтар:
1. Жылу желілерінің берілген жұмыс режимдерінің орындалуын талдау.
2. Техникалық және есептік құжаттаманы жүргізу.
3. Жанжалды жағдайларды басқару.
4. Шешімдерді жедел қабылдау және іске асыру.
5. Жаңа құрылғыларды енгізу кезінде жұмысты ұйымдастыру (оларды енгізу шамасына қарай).
6. Бағынысты қызметкерлердің жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру.
7. Командада жұмыс істеу.
8. Жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау.
9. Өз қызметінің және бағыныштылардың қызметінің нәтижелерін бағалау.

Білімдер:
1. Объектілердің аумақтық орналасуы.
2. Орнату орындары және қалпына келтіру құрылғыларының құрылғысы, олардың схемалардағы шартты белгілері.
3. Жылу желілерінің температуралық кестесі және гидравликалық жұмыс режимі.
4. АДС жедел қызметкерлерінің лауазымдық және өндірістік нұсқаулықтары.
5. Диспетчерлік басқару жүйелері және АДС.
6. Жедел-диспетчерлік басқаруды ұйымдастырудың негізгі міндеттері, жедел схемаларға, қызметкерлерге қойылатын талаптар.
7. Жұмыстағы авариялар мен технологиялық бұзушылықтарды тексеру және есепке алу жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтар.
8. Энергия жүйесінде және жылу желілерінде жедел қызмет көрсетуді ұйымдастыру тәсілдері.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар:

Жауапкершілік
Аналитикалық ойлау
Жұмыс процестерін бақылау

Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімі:


СБШ -нің ішіндегі басқа кәсіптермен байланыс:

СБШ-нің деңгейі:

Кәсіптің атауы:

5

Авариялық-диспетчерлік қызметтің диспетчері

13. "Авариялық-қалпына келтіру жұмыстары слесарі" кәсіптің карточкасы:

Топтың коды:

7126-9

Қызмет атауының коды:

7126-9-015

Кәсіптің атауы:

Авариялық-қалпына келтіру жұмыстары слесары

СБШ бойынша біліктілік деңгейі:

2

СБШ бойынша біліктілік ішкі деңгейі:


БТБА, БА, үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі:

63-шығарылым. "Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (63 -шығарылым) бекіту туралы" 2020 жылғы 10 қарашадағы № 441 Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 13 қарашада № 21626 болып тіркелді.
Авариялық-қалпына келтіру жұмыстарының слесарі, БТБА-мен ішінара сәйкестік

Кәсіптік білім деңгейі:

Білім деңгейі:
негізгі орта білім

Мамандық:
-

Біліктілік:
-

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:

2-разряд үшін-тәжірибесіз; 3-разряд үшін-кемінде 6 ай практикалық тәжірибе.

Формалды емес және информалы біліммен байланыс:

Талап етілмейді

Кәсіптің басқа ықтимал атаулары:

7126-9-019 - Жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі слесарь
7214-2-004 - Слесарь-монтажшы
7239-2-063 - Слесарь-жөндеуші

Қызметтің негізгі мақсаты:

Техникалық қызмет көрсету және ақаулықтардың алдын алу жолымен ТКШ саласындағы инженерлік желілер мен жабдықтардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету.

Еңбек функциялардың сипаттамасы

Еңбек функцияларының тізбесі:

Міндетті еңбек функциялары:

1. Басшылық етумен инженерлік желілерде авариялық-қалпына келтіру және профилактикалық жұмыстарды орындау
2. Құбырлар мен арматураларға қызмет көрсету
3. Диагностика мен техникалық қызмет көрсетуге қатысу

Қосымша еңбек функциялары:


1-еңбек функциясы:
Басшылық етумен инженерлік желілерде авариялық-қалпына келтіру және профилактикалық жұмыстарды орындау



1-дағды:
Қауіпсіздік талаптарын сақтау

Машықтар:
2-3-разряд үшін:
1. Жеке қорғаныс құралдарын қолдана отырып құдықтар мен камераларда жұмыс істеу;
2. Жұмыс басталар алдында желдетуді және газдануды бақылауды орындау;
3. Аварияларды жою кезінде бригадирдің (5-6 санатты слесарь) нұсқауларын орындау.

Білімдер:
2-3-разряд үшін:
1. Жабық кеңістіктегі еңбекті қорғаудың негізгі ережелері;
2. Жеке қорғаныс құралдарын қолдану түрлері мен тәртібі;
3. Газдану белгілері және ұңғымаларды желдету әдістері.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

2-дағды:
Қарапайым жөндеу жұмыстарын орындау

Машықтар:
2-3-разряд үшін:
1. Диаметрі 300 мм-ге дейінгі кәріз құбырларындағы бітелулерді тазарту;
2. Фланецті қосылыстардағы ақауларды (ағуларды) жою;
3. Қазба жұмыстарына және траншеяларды бекітуге қатысу.

Білімдер:
2-3-разряд үшін:
1. Кәріз желілерін тазарту әдістері;
2. Құбыр буындарын тығыздау технологиясы;
3. Жер жұмыстарын қауіпсіз жүргізу ережелері.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

2-еңбек функциясы:
Құбырлар мен арматураларға қызмет көрсету



1-дағды:
Слесарлық құралды қолдану

Машықтар:
3-разряд үшін:
1. Арматураны құрастыру/бөлшектеу үшін қол құралын пайдалану;
2. Дәнекерлеуге арналған беттерді дайындау жұмыстарын орындау;
3. Жоғары білікті слесарьдің бақылауымен дәнекерлеу жұмыстарына қатысу.

Білімдер:
3-разряд үшін:
1. Слесарь құралының құрылғысы.
2. Құбырларды дәнекерлеуге дайындау ережелері.
3. Дәнекерлеу кезіндегі қауіпсіздіктің негізгі талаптары.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

2-дағды:
Құбырлармен және байланыстырушы элементтермен жұмыс

Машықтар:
2-3-разряд үшін:
1. Полимерлі және металл құбырлардан құбырларды монтаждау;
2. Басшылықпен пішінді бөліктерді орнату;
3. Бұрандалы қосылыстарды тығыздауды орындау.

Білімдер:
2-3-разряд үшін:
1. Құбырлар мен байланыстырушы элементтердің түрлері;
2. Құбырларды монтаждау технологиялары;
3. Қосылыстарды тығыздауға арналған материалдар.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

3-еңбек функциясы:
Диагностика мен техникалық қызмет көрсетуге қатысу



1-дағды:
Диагностикалық жұмыстарды жүргізу

Машықтар:
2-3-разряд үшін:
1. Құбырларды қарапайым аспаптармен тексеруге қатысу;
2. Орындалған жұмыстар журналын жүргізу;
3. Манометрлер мен деңгей өлшегіштердің көрсеткіштерін жазып алу;
4. Құдықтарды бейне инспекциялау кезінде көмек көрсету.

Білімдер:
2-3-разряд үшін:
1. Негізгі бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты.
2. Аспаптардың көрсеткіштерін тіркеу ережесі;
3. Жабдықты диагностикаға дайындау тәртібі;
4. Журналдар мен актілерді толтыру ережесі.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар:

Жауапкершілік
Күйзеліске тұрақтылық
Тез шешім қабылдай білу
Командада жұмыс істей білу
Төзімділік пен еңбексүйгіштік
Зейінді шоғырландыру және бақылау

Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімі:

ҚР ҚН 4.01-01-2011 "Ғимараттардың ішкі санитарлық-техникалық жүйелері" - МЕМСТ 21.602-2016 Сумен жабдықтау және кәріз жүйелері. - Сумен жабдықтау және су бұрудың коммуналдық желілерін пайдалану қағидалары – "Ғимараттар мен құрылыстардың қауіпсіздігі" техникалық регламенті - ҚР МЕМСТ ИСО 9001-2016 (жұмыс сапасы)

СБШ -нің ішіндегі басқа кәсіптермен байланыс:

СБШ-нің деңгейі:

Кәсіптің атауы:

3

Инженерлік желілерді жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі слесарь

3

Авариялық-қалпына келтіру жұмыстарының слесарі

14. "Диспетчер (жалпы бейіні)" кәсіптің карточкасы:

Топтың коды:

3159-0

Қызмет атауының коды:

3159-0-001

Кәсіптің атауы:

Диспетчер (жалпы бейіні)

СБШ бойынша біліктілік деңгейі:

4

СБШ бойынша біліктілік ішкі деңгейі:


БТБА, БА, үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі:

Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы "Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 желтоқсанда № 22003 болып тіркелді.
Диспетчер

Кәсіптік білім деңгейі:

Білім деңгейі:
ТжКБ (орта деңгейдегі маман)

Мамандық:
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің инженерлік жүйелерін монтаждау және пайдалану

Біліктілік:
-

Білім деңгейі:
ТжКБ (жұмысшы кәсіптер)

Мамандық:
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің инженерлік жүйелерін монтаждау және пайдалану

Біліктілік:
-

Білім деңгейі:
негізгі орта білім

Мамандық:
-

Біліктілік:
-

Білім деңгейі:
-

Мамандық:
-

Біліктілік:
-

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:

Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнаулы орта, кәсіптік орта) білімі, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе мамандығы бойынша жалпы орта және жұмыс өтілі кемінде 1 жыл.

Формалды емес және информалы біліммен байланыс:

Талап етілмейді

Кәсіптің басқа ықтимал атаулары:


Қызметтің негізгі мақсаты:

Коммуналдық қызметтердің жұмысын жедел бақылауды және үйлестіруді қамтамасыз ету, халықтан өтінімдерді қабылдау және өңдеу, авариялық жағдайларды жоюды ұйымдастыру, орындалған жұмыстар бойынша есеп пен есептілікті жүргізу

Еңбек функциялардың сипаттамасы

Еңбек функцияларының тізбесі:

Міндетті еңбек функциялары:

1. Халық пен ұйымдардан өтінімдерді қабылдау және өңдеу
2. Жөндеу және авариялық қызметтердің жұмысын жедел басқару
3. Өтінімдердің орындалуын және авариялық жағдайларды жоюды бақылау

Қосымша еңбек функциялары:


1-еңбек функциясы:
Халық пен ұйымдардан өтінімдерді қабылдау және өңдеу



1-дағды:
Өтінімдер журналын жүргізу (қолмен немесе АЖ-да)

Машықтар:
1. Халықтан және ұйымдардан өтінімдерді телефон арқылы, жазбаша нысанда немесе электрондық байланыс арналары арқылы қабылдау;
2. Өтінімдерді қолмен немесе ақпараттық жүйелерді қолдана отырып ресімдеу және тіркеу;
3. Өтінімдердегі мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын тексеру (мекен-жайы, мәселесі, байланыс деректері);
4. Өтінімдерді тиісті қызметтерге немесе мамандарға уақтылы беру;
5. Орындау мерзімдерін белгілей отырып, өтінімдерді есепке алуды, орындалуын бақылауды және жабуды жүргізу;
6. ТКШ мамандандырылған АЖ қоса алғанда, есепке алу және электрондық құжат айналымы бағдарламаларын пайдалану;
7. Алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету.

Білімдер:
1. Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы заңнамасының негіздері;
2. ТКШ саласында диспетчерлік қызметті ұйымдастыру тәртібі;
3. Коммуналдық қызметтердің түрлері және ақаулар мен төтенше жағдайлардың негізгі түрлері;
4. Іс жүргізу және құжат айналымы ережелері;
5. Өтінімдерді, оның ішінде электрондық жүйелерде тіркеу журналдарын жүргізу қағидалары;
6. Диспетчерлеудің ақпараттық жүйелерімен және деректер базасымен жұмыс істеу негіздері;
7. Авариялық-жөндеу және қызмет көрсету қызметтерімен өзара іс-қимыл тәртібі.
8. Диспетчердің лауазымдық нұсқаулығы және апаттық-диспетчерлік қызмет туралы ереже.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

2-дағды:
Өтініштің жеделдігі санатын анықтау

Машықтар:
1. Шұғылдық сипаты мен дәрежесін анықтау үшін келіп түскен өтінімнің мазмұнын бағалау;
2. Өтініштерді апаттық, шұғыл, жоспарлы және консультациялық санаттар бойынша жіктеу;
3. Әрекет етудің жеделдігін айқындау кезінде нормативтік құжаттар мен ішкі регламенттерді қолдану;
4. Белгіленген әрекет ету тәртібін ескере отырып, ақпаратты тиісті қызметтерге жіберу;
5. Есеп журналында немесе ақпараттық жүйеде жеделдік санатын белгілеу.

Білімдер:
1. Азаматтар мен ұйымдардың өтініштеріне ден қою тәртібін реттейтін ТКШ саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері;
2. Шұғылдық деңгейі бойынша өтінімдердің түрлері мен жіктелуі (қаулылар, стандарттар, нұсқаулықтар);
3. Әр түрлі санаттағы өтініштерге жауап берудің уақытша нормативтері;
4. Инженерлік жүйелер жұмысының негіздері (сумен жабдықтау, кәріз, жылыту, электрмен жабдықтау және т. б.);
5. Ішкі нұсқаулар және өтініштерге диспетчерлік жауап беру алгоритмдері.
6.Диспетчердің лауазымдық нұсқаулығы және апаттық-диспетчерлік қызмет туралы ереже.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

3-дағды:
Өтінімдерді тиісті қызметтерге беру

Машықтар:
1. Алынған өтінімдерді белгіленген регламентке сәйкес тиісті авариялық, техникалық және қызмет көрсету қызметтеріне жедел жіберу;
2. Қызметтердің құзыреті бойынша өтінімдерді бөлу алгоритмдерін қолдану (сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және т. б.);
3. Өтінімдерді беру үшін байланыс құралдарын (телефон, радиобайланыс, Ақпараттық жүйелер) пайдалану;
4. Өтінімді журналға немесе ақпараттық жүйеге беру фактісін тіркеп, күнін, уақытын және жауапты бөлімшесін көрсету;
5. Орындаушы қызметтің өтінім алуын бақылау.

Білімдер:
1. Диспетчерлік қызметтің жедел және техникалық бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасау тәртібі;
2. ТКШ объектілеріне қызмет көрсететін коммуналдық қызметтердің құрылымы мен функциялары;
3. Санаттар бойынша өтінімдерге ден қою уақытының регламенттері мен нормативтері;
4. ТКШ саласындағы процестерді диспетчерлеу жөніндегі нұсқаулықтар мен ішкі ережелер;
5. Ақпаратты беру үшін қолданылатын байланыс құралдары (телефон желілері, Радиобайланыс және т.б.).
6.Диспетчердің лауазымдық нұсқаулығы және апаттық-диспетчерлік қызмет туралы ереже.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

2-еңбек функциясы:
Жөндеу және авариялық қызметтердің жұмысын жедел басқару



1-дағды:
Өтінімдердің орындалуын бақылау

Машықтар:
1. Авариялық және жөндеу қызметтеріне берілген өтінімдердің орындалу мерзімдері мен сапасына бақылауды жүзеге асыру;
2. Орындаушылардан жұмыстарды орындау кезеңдері туралы ақпарат алу және тіркеу;
3. Кешігу себептерін көрсете отырып, аяқталған және аяқталмаған өтінімдердің есебін жүргізу;
4. Өтінім берушілерге өтінімнің орындалу мәртебесі туралы хабарлау;
5. Өтінімдерді белгіленген мерзімде орындау бойынша есептілікті қалыптастыру.

Білімдер:
1. ТКШ авариялық және жөндеу қызметтерін ұйымдастыру және олармен өзара іс-қимыл жасау тәртібі;
2. ТКШ саласында авариялық-жөндеу жұмыстарын орындау түрлері мен мерзімдері;
3. Есептілікті жүргізуге және өтінімдердің орындалуын есепке алуға қойылатын талаптар;
4. Диспетчерлеуде қолданылатын ақпараттық жүйелер немесе есепке алу журналдары;
5. Коммуналдық қызметтер көрсету және аварияларды жою тәртібін регламенттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері.
6.Диспетчердің лауазымдық нұсқаулығы және апаттық-диспетчерлік қызмет туралы ереже.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

2-дағды:
Бригадалардың шығуын үйлестіру

Машықтар:
1. Жөндеу және авариялық бригадалардың объектілерге уақтылы шығуын ұйымдастыру және жоспарлау;
2. Өтінімдерді олардың жүктемесі мен мамандануын ескере отырып, бригадалар арасында жедел бөлу;
3. Мәселелерді тиімді шешу үшін диспетчер, бригадалар және өтініш берушілер арасындағы байланысты қамтамасыз ету;
4. Жұмыс орнына бригадалардың қозғалысы мен келуін бақылау және бақылау;
5. Шығуларды үйлестіру және авариялық жағдайларға ден қою жөніндегі құжаттаманы жүргізу.

Білімдер:
1. ТКШ саласындағы жөндеу және авариялық қызметтердің құрылымы мен функционалдық міндеттері;
2. Өтінімдерге және авариялық жағдайларға жедел ден қою тәртібі мен регламенті;
3. Шығу уақытын, маршруттарын және қауіпсіздік талаптарын қоса алғанда, бригадалардың жұмысын ұйымдастыру қағидалары;
4. Шығуды үйлестіру үшін пайдаланылатын коммуникациялық құралдар мен ақпараттық жүйелер;
5. Коммуналдық қызметтердің қызметін және авариялық ден қою тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері.
6.Диспетчердің лауазымдық нұсқаулығы және апаттық-диспетчерлік қызмет туралы ереже.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

3-дағды:
Ауысымдық есептілікті жүргізу

Машықтар:
1. Орындалған жұмыстар, авариялық жағдайлар және өтінімдерге ден қою туралы ауысымдық есептерді жасау және рәсімдеу;
2. Тиімділікті бағалау және жедел шешім қабылдау үшін жұмыстың барысы туралы ақпаратты талдау;
3. Құжаттаманы белгіленген нормативтер мен талаптарға сәйкес жүргізу;
4. Есептік деректерді тіркеу және сақтау үшін ақпараттық жүйелерді пайдалану;
5. Ауысымдық есептерді басшылыққа және мүдделі бөлімшелерге уақтылы беруді қамтамасыз ету.

Білімдер:
1. Коммуналдық қызметте ауысымдық есептілікті жүргізу қағидалары мен рәсімдері;
2. Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес құжаттаманы ресімдеуге қойылатын форматтар мен талаптар;
3. Жөндеу және авариялық жұмыстарды басқару негіздері;
4. Бухгалтерлік есеп пен есеп беру үшін қолданылатын ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық қамтамасыз ету;
5. Есеп беру және коммуналдық қызметтердің жұмысын бақылау тәртібін реттейтін нормативтік құжаттар.
6.Диспетчердің лауазымдық нұсқаулығы және апаттық-диспетчерлік қызмет туралы ереже.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

3-еңбек функциясы:
Өтінімдердің орындалуын және авариялық жағдайларды жоюды бақылау



1-дағды:
Диспетчерлік бағдарламалармен және байланыс құралдарымен жұмыс

Машықтар:
1. Коммуналдық шаруашылық құрылымында және қызмет көрсету аймақтарында бағдарлау.
2. Төтенше жағдайларда тез және сауатты шешім қабылдау.
3. Халықпен қарым-қатынас кезінде сөйлеу мәдениетін меңгеру.
4. Компьютерлік және кеңсе техникасымен жұмыс істеу.
5. Қызметтер арасында ақпаратты нақты жеткізу.

Білімдер:
1. Сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, кәріз және электрмен жабдықтау жүйелерінің жұмыс істеу негіздері.
2. Коммуналдық қызметтер жұмысының ережелері мен регламенттері.
3. Авариялық және жөндеу бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимыл тәртібі.
4. Іс жүргізу негіздері, құжат айналымы, диспетчерлік қызмет жөніндегі нұсқаулықтар.
5. Еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі негіздері.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар:

Жауапкершілік
Ұқыптылық
Күйзеліске тұрақтылық
Ауызекі сөйлеу дағдылары
Оқу және өзін-өзі оқыту қабілеті

Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімі:

ҚР МЕМСТ ИСО 9001-2016-сапа менеджменті жүйелері. ҚР ҚН сумен жабдықтау, жылыту, кәріз бойынша.

СБШ -нің ішіндегі басқа кәсіптермен байланыс:

СБШ-нің деңгейі:

Кәсіптің атауы:

3

Авариялық-диспетчерлік қызмет операторы

4-тарау. Кәсіптік стандарттың техникалық деректері

      15. Мемлекеттік органның атауы:

      Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      Орындаушы:

      Қаби Қарахан Зейнуллаұлы, +7 (702) 866 44 90,

      16. Әзірлеуге қатысатын ұйымдар (кәсіпорындар):

      "Шаңырак" тұрғын-үй саласында сервис және энегрия сервисін басқыру субъектліренің қауымдастығы" жеке кәсіпкерлік және заңды тұлғалар бірлестігі

      Жоба жетекшісі:

      Махамбетов Сакен Аралбаевич

      E-mail: aralbay@inbox.ru

      Телефон нөмірі: +7 (775) 000 13 66

      Орындаушылар:

      Садуакасова Гульнара Болатовна, +7 (701) 518 33 51, c.gylnara68@mail.ru

      Рахимова Гульнур Мешитбаевна, +7 (701) 770 58 55, rakhimova.gulnur@mail.ru

      17. Кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес: 5 , 14.10.2025 ж.

      18. Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган: 15.10.2025 ж.

      19. "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы: -

      20. Нұсқа нөмірі және шығарылған жылы: 2-нұсқа, 2025 ж.

      21. Болжамды қайта қарау күні: 18.10.2028 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады