1. "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 28 қыркүйектегі №15 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 33) және 34) тармақшалармен толықтырылсын:
"33) автожол саласы қызметкерлерінің біліктілігін міндетті түрде арттыру курстарын өткізетін ұйымдардың бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу;
34) жол құрылысы материалдары мен жаңа технологиялардың бірыңғай базасын қалыптастыру және жүргізу".
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық бекітілген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
|
Қазақстан Республикасының Көлік министрі |
Н. Сауранбаев |
