Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес Көксу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Д.Халелов |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Көксу аудандық мәcлихатының төрағасы | Ж.Бейсенбай |
Көксу ауданы әкімдігінің 2025 жылғы " "____________ № ____ қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік мекеменің мамандар лауазымдары:
-жалғыз басты қарттар мен мүгедектігі бар адамдармен жұмыс жасау бөлімше меңгерушісі;
-мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасау бөлімше меңгерушісі;
-әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесшісі;
-жалғыз басты қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қызметкер;
-айқындау және бағалау маманы;
-мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік қызметкер;
-директор;
-құрылымдық бөлімшенің басшысы,
-әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
-әлеуметтік қызметкер;
-әлеуметтік қызметкер кейс –менеджер;
-психолог;
-бұқаралық ақпарат құралдарымен және жұртшылықпен жұмыс маманы;
-халықпен профилактикалық жұмыс маманы;
-әдіскер үйлестіруші;
-гериатр/геронтолог/терапевт дәрігері;
-массажист/медбике;
-йога мен көркем гимнастика бойынша нұсқаушы;
-компьютерлік сауаттылық пәнінің мұғалімі;
-ағылшын тілі мұғалімі;
-мәдени ұйымдастырушы және музыка маманы;
-сурет мұғалімі;
2. Мәдениет саласындағы коммуналдық мемлекеттік мекеменің, мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорының мамандар лауазымдары:
-директор;
-мәдени ұйымдастырушы;
-көркемдік жетекші;
-әдіскер;
-дыбыс операторы;
-музыкалық жетекші;
-биші, жарық беруші;
-балалар оркестрінің жетекшісі;
-актер;
-сүйемелдеуші;
-концертмейестер;
-бас суретші;
-режиссер;
-аккомпаниатор;
-кітапханашы.