Текелі қалалық мәслихатының 2023 жылғы 18 қазандағы "Текелі қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға арналған тарифтерді бекіту туралы" № 9-44 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жетісу облысы Текелі қалалық мәслихатының 2025 жылғы 23 шілдедегі № 34-143 шешімі

      Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      "Текелі қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға арналған тарифтерді бекіту туралы" Текелі қалалық мәслихатының 2023 жылғы 18 қазандағы № 9-44 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 187581 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      1. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Текелі қалалық мәслихатының төрағасы Б.Тугулбаев

  Текелі қалалық мәслихатының 2025 жылғы 23 шілдедегі № 34-143 шешіміне 1-қосымша

Текелі қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

Коммуналдық қалдықтардың жиналған жылдық шамасы, м3

1

Жайлы үйлер

1 тұрғын

1,6

Жайлы емес үйлер

1 тұрғын

1,65

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

1,12

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

1,3

4

Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер

1 орын

0,545

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

1,559

6

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

2,344

7

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,078

8

Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көніл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

0,091

9

Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер

сауда алаңы 1 м2

0,348

10

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1 м2

0,028

11

Дәріханалар

Сауда алаңы 1 м2

0,05

12

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС

1 машина-орын

9,157

13

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

7,939

14

Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер

1 гаражға

0,037

15

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

0,997

16

Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды, саябақ қалдықтары

1000 қатысушы

0,043

17

Бау-бақша кооперативтері

1 учаске

0,145

  Текелі қалалық мәслихатының 2025 жылғы 23 шілдедегі № 34-143 шешіміне 2-қосымша

Текелі қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға арналған тарифтер

Атауы

Есептік бірлік

Теңге
(Қосылған құн салығымен)

Жайлы үйлер

1 тұрғын айына

231,5

Жайлы емес үйлер

1 тұрғын айына

238,7

Жеке және заңды тұлғалар үшін бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф

1 м3

1736,06


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады