Ұлытау облысы бойынша "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек пен тұрғын үй көмегін алушыларға тауарлық газға ваучерлер беру" қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жобаны бекіту туралы

Жаңа

Ұлытау облысының әкімдігінің 2025 жылғы 23 маусымдағы № 54/01 қаулысы

      "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7 - бабы 5 - тармағының 6-2) тармақшасына сәйкес, Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ұлытау облысы бойынша "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек пен тұрғын үй көмегін алушыларға тауарлық газға ваучерлер беру" қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жобасы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Ұлытау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ұлытау облысының әкімі Д. Рыспеков

  Ұлытау облысы әкімдігінің
2025 "23" маусым
№54/01 қаулысына
қосымша

Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек пен тұрғын үй көмегін алушыларға тауарлық газға ваучерлер беру нормасы

Тауарлық газ тұтыну сипаттамасы

Жылыту маусымындағы айлық норма, м³

Жылыту маусымынан тыс кезеңдегі айлық норма, м³

1.

Жылыту қазандығы, газ плитасы және су жылытқышы бар тұрмыстық шаруашылық

880

148

      Аббревиатураларды толық жазылуы:

      м³ – текше куб;

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады