"Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7 - бабы 5 - тармағының 6-2) тармақшасына сәйкес, Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұлытау облысы бойынша "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек пен тұрғын үй көмегін алушыларға тауарлық газға ваучерлер беру" қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жобасы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Ұлытау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ұлытау облысының әкімі | Д. Рыспеков |
Ұлытау облысы әкімдігінің 2025 "23" маусым №54/01 қаулысына қосымша |
Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек пен тұрғын үй көмегін алушыларға тауарлық газға ваучерлер беру нормасы
№ | Тауарлық газ тұтыну сипаттамасы | Жылыту маусымындағы айлық норма, м³ | Жылыту маусымынан тыс кезеңдегі айлық норма, м³ |
1. | Жылыту қазандығы, газ плитасы және су жылытқышы бар тұрмыстық шаруашылық | 880 | 148 |
Аббревиатураларды толық жазылуы:
м³ – текше куб;