Ұлытау облысының жерүстi көздерiнің су ресурстарын пайдаланғаны үшiн 2025 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы

Жаңа

Ұлытау облыстық мәслихатының 2025 жылғы 3 шілдедегі № 258 шешімі

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 569-бабына, Қазақстан Республикасы Су кодексінің 26-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес Ұлытау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ұлытау облысының жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2025 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы Б.Шингисов

  Ұлытау облыстық
мәслихатының XXVII
сессиясының 2025 жылғы
3 шілдедегі
№258 шешіміне қосымша

Ұлытау облысының жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2025 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері

Арнаулы су пайдаланудың түрі

Өлшеу бірлігі

2025 жылға төлемақы мөлшерлемесі, теңге

1

Нұра, Сарысу, Кеңгір өзендерінің бассейні

1

Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер

теңге/1000 текше метр

244,86

2

Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса есептегенде

теңге/1000 текше метр

698,59

3

Ауыл шаруашылығы (төмендету коэффициентін есепке ала отырып – 0,5)

теңге/1000 текше метр

100,82

4

Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

теңге/1000 текше метр

190,85

5

Су энергетикасы

теңге/1000 килоВатт сағат

-

6

Су көлігі

теңге/1000 тонна километр

-

2

Торғай, Тобыл, Ырғыз өзендерінің бассейні

1

Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер

теңге/1000 текше метр

219,66

2

Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса есептегенде

теңге/1000 текше метр

626,57

3

Ауыл шаруашылығы (төмендету коэффициентін есепке ала отырып – 0,5)

теңге/1000 текше метр

86,42

4

Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

теңге/1000 текше метр

172,84

5

Су энергетикасы

теңге/1000 килоВатт сағат

-

6

Су көлігі

теңге/1000 тонна километр

-






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады