"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 569-бабына, Қазақстан Республикасы Су кодексінің 26-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес Ұлытау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ұлытау облысының жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2025 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы | Б.Шингисов |
Ұлытау облыстық мәслихатының XXVII сессиясының 2025 жылғы 3 шілдедегі №258 шешіміне қосымша |
Ұлытау облысының жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2025 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері
№ | Арнаулы су пайдаланудың түрі | Өлшеу бірлігі | 2025 жылға төлемақы мөлшерлемесі, теңге |
1 | Нұра, Сарысу, Кеңгір өзендерінің бассейні | ||
1 | Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер | теңге/1000 текше метр | 244,86 |
2 | Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса есептегенде | теңге/1000 текше метр | 698,59 |
3 | Ауыл шаруашылығы (төмендету коэффициентін есепке ала отырып – 0,5) | теңге/1000 текше метр | 100,82 |
4 | Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары | теңге/1000 текше метр | 190,85 |
5 | Су энергетикасы | теңге/1000 килоВатт сағат | - |
6 | Су көлігі | теңге/1000 тонна километр | - |
2 | Торғай, Тобыл, Ырғыз өзендерінің бассейні | ||
1 | Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер | теңге/1000 текше метр | 219,66 |
2 | Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса есептегенде | теңге/1000 текше метр | 626,57 |
3 | Ауыл шаруашылығы (төмендету коэффициентін есепке ала отырып – 0,5) | теңге/1000 текше метр | 86,42 |
4 | Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары | теңге/1000 текше метр | 172,84 |
5 | Су энергетикасы | теңге/1000 килоВатт сағат | - |
6 | Су көлігі | теңге/1000 тонна километр | - |