"Сайлау учаскелерін құру туралы" Шу ауданы әкімінің 2024 жылғы 23 мамырдағы № 3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Шу ауданы әкімінің 2025 жылғы 11 қыркүйектегі № 2 шешімі

      ШЕШТІМ:

      1. "Сайлау учаскелерін құру туралы" Шу ауданы әкімінің 2024 жылғы 23 мамырдағы №3 (Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 24 мамырда № 5208-08 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      Жоғарыда аталған шешімнің қосымшасындағы Шу ауданы аумағындағы № 453, № 455 сайлау учаскелерінің шекаралары осы шешімнің қосымшасына сәйкес өзгертілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шу ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шу ауданының әкімі Б. Джанибеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Шу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

  Шу ауданы әкімінің
  шешіміне қосымша

Шу ауданы аумағындағы сайлау учаскелерінің шекараларына өзгеріс туралы

      №453 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Шу қаласы, С.Сейфуллин көшесі №2а, "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Төле би атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекарасы: Ғ.Мұратбаев (№1-109 тақ жағы, №2-78 жұп жағы үйлер), Қ.Сатпаев (№ 1-135 үйлер), С. Сейфуллин (№1-119 үйлер), С.Төлебаев, Мәңгілік ел, А.Рахманұлы, Үстірт, Жамбыл, М.Горький, Жайсан, Жайлау, Телемұнара, Желтоқсан, Пырақ, Аққұдық, Бөген, Жайлаукөл, Қазығұрт көшелері және Желтоқсан, Аққұдық кірме жолдары,

      №455 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Шу қаласы, С.Шәкіров №3а, "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Жібек жолы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекарасы: Д.Қонаев (№2-16 жұп жағы көпқабатты үйлер), С.Шәкіров (№ 1-12 көпқабатты үйлер), Жайсан (№1, №2, №5, №6, №7, №7а көпқабатты үйлер), Рысбек батыр, Тоқташ, Ақкөл, Ақжелкен көшелері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады