Байзақ ауданы Түймекент ауылдық округінің Түймекент ауылының көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Түймекент ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 55 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35 - бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14 - бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 17 қыркүйектегі қорытындысы негізінде және халықтың пікірін ескере отырып Түймекент ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Байзақ ауданы Түймекент ауылдық округі Түймекент ауылы Жеңістің 50 жылдығы көшесі Шаңырақ көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түймекент ауылдық округінің әкімі К. Смагулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады