Байзақ ауданы Сарыкемер ауылдық округінің Сарыкемер ауылының құрамдас бөлігіне атау беру туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 29 қазандағы № 174 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14 - бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 22 қыркүйектегі қорытындысы негізінде және халықтың пікірін ескере отырып Сарыкемер ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сарыкемер ауылдық округі Сарыкемер ауылының атауы жоқ жаңа көшесі Сауытбек Рыспаев көшесі деп аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарыкемер ауылдық округінің әкімі Е. Заурбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады