"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14 - бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 22 қыркүйектегі қорытындысы негізінде және халықтың пікірін ескере отырып Сарыкемер ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сарыкемер ауылдық округі Сарыкемер ауылының атауы жоқ жаңа көшесі Сауытбек Рыспаев көшесі деп аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сарыкемер ауылдық округінің әкімі | Е. Заурбеков |