"Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2025 жылға арналған квота белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 505 бұйрығына (Нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35573 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2025 жылға арналған квота жұмыс күшінің санына қатысты келесі пайыздық мөлшерде:
1) жергілікті атқарушы орган жұмыс берушілерге беретін рұқсаттар бойынша 0,25 %;
2) еңбекші көшіп келушілерді тартуға 2,95% мөлшерінде белгіленсін.".
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Көші-қон комитеті осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімдіктерінің назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы |
А. Ертаев |