Ақмола облысында және Алматы қаласында "Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" мемлекеттік қызметін көзбе-көз көрсету кезінде электрондық кезекті енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 4 қарашадағы № 347, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 5 қарашадағы № 136 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 11 қарашадағы № 571/НҚ бірлескен бұйрығы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 8-тармақтан қараңыз.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.04.2026 № 148, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 02.06.2026 № 273/НҚ және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 08.05.2026 № 47 (қол қойған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді және 20.11.2026 дейін қолданыста болады) бірлескен бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Ақмола облысында және Алматы қаласында "Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" мемлекеттік қызметін көзбе-көз көрсету кезінде электрондық кезекті енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асырсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.04.2026 № 148, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 02.06.2026 № 273/НҚ және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 08.05.2026 № 47 (қол қойған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді және 20.11.2026 дейін қолданыста болады) бірлескен бұйрығымен.

      2. Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес "Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" мемлекеттік қызметін көзбе-көз көрсету кезінде электрондық кезекті қалыптастыру алгоритмі бекітілсін.

      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетіне:

      1) пилоттық жобаны жүргізудің іске асырылуын және тұрақты мониторингін;

      2) пилоттық жобаны іске асыру барысында туындаған проблемалық мәселелер туралы ақпаратты олардың анықталған сәтінен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әдістеме және медициналық-әлеуметтік сараптаманы жетілдіру департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      4. "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" акционерлік қоғамына:

      1) әлеуметтік қызметтер порталына электрондық кезекті енгізуді;

      2) пилоттық жобаны техникалық қолдауды, ақпараттық жүйелердің үздіксіз жұмыс істеуін;

      3) электрондық кезекке жазылу процесінің бейне-нұсқаулығын жасауды;

      4) Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес дербес деректер субъектісінің немесе оның заңды өкілінің келісімін алуды;

      5) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптар нормаларын сақталуын қамтамасыз етсін.

      5. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әдістеме және медициналық-әлеуметтік сараптаманы жетілдіру департаменті, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті осы бірлескен бұйрықты өзінің мүдделі аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының назарына жеткізсін.

      6. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әдістеме және медициналық-әлеуметтік сараптаманы жетілдіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін бірлескен бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      7. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, жасанды интеллект және цифрлық даму, денсаулық сақтау вице-министрлеріне жүктелсін.

      8. Осы бірлескен бұйрық мемлекеттік органдар басшыларының соңғысы қол қойған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді және ол күшіне енген күннен бастап 12 (он екі) ай ішінде қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
____________ С. Жақыпова
      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрі ______________ А. Әлназарова
      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрінің орынбасары –
      Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі ______Ж. Мәдиев
      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрі _________А. Альназарова
      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің орынбасары –
      Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі ______Ж. Мадиев
      Қазақстан Республикасы
      Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі _____С. Жакупова

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2025 жылғы 4 қарашадағы
№ 347
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2025 жылғы 5 қарашадағы
№ 136
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрінің
2025 жылғы 11 қарашадағы
№ 571/НҚ бірлескен бұйрығына
қосымша

"Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" мемлекеттік қызметін көзбе-көз көрсету кезінде электрондық кезекті қалыптастыру алгоритмі

      Ескерту. Алгоритмі жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.04.2026 № 148, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 02.06.2026 № 273/НҚ және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 08.05.2026 № 47 (қол қойған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді және 20.11.2026 дейін қолданыста болады) бірлескен бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" мемлекеттік қызметін көзбе-көз көрсету кезінде электрондық кезекті қалыптастыру алгоритмі (бұдан әрі — Алгоритм) "Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" мемлекеттік қызметті көзбе-көз көрсету шеңберінде (бұдан әрі – Көрсетілетін қызмет) Әлеуметтік қызметтер порталы – aleumet.egov.kz арқылы электрондық кезекті қалыптастыру тәртібін регламенттейді.

      2. Алгоритмде мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар қолданылады:

      1) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы (бұдан әрі – Портал) – Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес мүгедектігі бар адамдар үшін өнім берушілер ұсынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын жергілікті атқарушы органдардың кепілдік берілген сома шегінде өтеуі шарттарымен оларға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін білдіретін ақпараттандыру объектісі;

      2) көрсетілетін қызметті алушы – куәландырылатын тұлға немесе оның заңды өкілі;

      3) көрсетілетін қызметті беруші – Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті;

      4) медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) – мүгедектікті және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеп (белгілемей), куәландырылатын адамның организмі функцияларының тұрақты бұзылуынан туындаған тыныс-тіршілігінің шектелуін бағалау, сондай-ақ оның әлеуметтік қорғау шараларын қажетсінуін айқындау;

      5) МӘС бөлімі – уәкілетті мемлекеттік органның МӘС жүргізетін құрылымдық бөлімшесі;

      6)

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      6) тармақша 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.04.2026 № 148, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 02.06.2026 № 273/НҚ және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 08.05.2026 № 47 бірлескен бұйрығымен.

      3. Электрондық кезек Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген демалыс және мереке күндерін қоспағанда, Көрсетілетін қызметке алдын ала жазылу негізінде Ақмола облысында мынадай сағаттарда: 09:00, 09:30, 10:00, 10:30, 11:00, 11:30, 12:00, 12:30, 14:30, 15:00, сағат 13.00-ден 14:30-ға дейін түскі үзіліспен қалыптастырылады. Алматы қаласында: 09:00, 09:30, 10:00, 10:30, 11:00, 11:30, 12:00, 12:30, 14:00, 14:30, сағат 13.00-ден 14:00-ге дейін түскі үзіліспен қалыптастырылады.

      4.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      4-тармақ 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.04.2026 № 148, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 02.06.2026 № 273/НҚ және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 08.05.2026 № 47 бірлескен бұйрығымен.

      5. Көрсетілетін қызметті алушылар:

      1) Порталдағы электрондық кезек арқылы МӘС-ке жазылады;

      2) МӘС бөлімдерінде тағайындалған куәландыруларға уақтылы барады.

2-тарау. "Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" мемлекеттік қызметін көзбе-көз көрсету кезінде электрондық кезекті қалыптастыру тәртібі

      6.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      6-тармақ 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.04.2026 № 148, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 02.06.2026 № 273/НҚ және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 08.05.2026 № 47 бірлескен бұйрығымен.

      7. SMS-хабарламаны алғаннан кейін Көрсетілетін қызметті алушы № 031/е нысанының қолданылу мерзімі ішінде Порталда авторизацияланады және Көрсетілетін қызметке, оның ішінде қорғаншыға да жазылуға сұрау салуды жүзеге асырады.

      8.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      8-тармақ 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.04.2026 № 148, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 02.06.2026 № 273/НҚ және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 08.05.2026 № 47 бірлескен бұйрығымен.

      9.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      9-тармақ 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.04.2026 № 148, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 02.06.2026 № 273/НҚ және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 08.05.2026 № 47 бірлескен бұйрығымен.

      10.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      10-тармақ 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.04.2026 № 148, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 02.06.2026 № 273/НҚ және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 08.05.2026 № 47 бірлескен бұйрығымен.

      11. Көрсетілетін қызметті алушының Көрсетілетін қызметке жазылудан бас тартуы Порталдағы "жеке кабинетте" жүргізіледі.

      Жазбадан бас тартқан жағдайда Көрсетілетін қызметті алушыға осы Алгоритмге 3-қосымшаға сәйкес мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының нөміріне SMS-хабарлама жіберіледі.

      № 031/у нысаны бойынша бір мезгілде бірнеше жазылуға жол бермеу мақсатында МӘС-ке электрондық кезекке қайта жазылу Порталдағы алдыңғы жазбаның күшін жойғаннан кейін мүмкін болады.

      12. Көрсетілетін қызмет алушы тағайындалған уақыттан 15 (он бес) минуттан астам кешіккен жағдайда, электрондық кезекке жазылу күшін жояды. Көрсетілетін қызметті алушыға мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының нөміріне осы Алгоритмге 4-қосымшаға сәйкес SMS-хабарлама жіберіледі.

      Қайта жазылу бос күндер мен уақыт болған кезде жол беріледі, не алдын ала жазылу бойынша келген адамдарды қабылдағаннан кейін сол күні жалпы кезек тәртібімен өту мүмкін болады.

  "Мүгедектікті және/немесе
еңбек ету қабілетінен айырылу
дәрежесін белгілеу және/немесе
қажетті әлеуметтік қорғау
шараларын айқындау"
мемлекеттік қызметін
көзбе-көз көрсету кезінде
электрондық кезекті
қалыптастыру алгоритміне
1-қосымша
Нысан

Құрметті аты-жөні!

      Сіздің медициналық құжаттарыңыз тексеруден өтті, "https://aleumet.egov.kz/.../.../" сілтемесі бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне куәландыруға жазылуды сұраймыз.

  "Мүгедектікті және/немесе
еңбек ету қабілетінен айырылу
дәрежесін белгілеу және/немесе
қажетті әлеуметтік қорғау
шараларын айқындау"
мемлекеттік қызметін көзбе-көз
көрсету кезінде электрондық
кезекті қалыптастыру
алгоритміне
2-қосымша
Нысан

Құрметті аты-жөні!

      Сіз № ___ медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне куәландыруға (күн.ай.жыл.) ___ күні (қала, көше, үй, кабинет) (сағ:мм) уақыты, мекенжайы бойынша жазылдыңыз, талон нөмірі _______.

      Жазбаңыздан "https://aleumet.egov.kz/.../.../" сілтемесі бойынша бас тартуға болады.

  "Мүгедектікті және/немесе
еңбек ету қабілетінен айырылу
дәрежесін белгілеу және/немесе
қажетті әлеуметтік қорғау
шараларын айқындау"
мемлекеттік қызметін көзбе-көз
көрсету кезінде электрондық
кезекті қалыптастыру
алгоритміне
3-қосымша
Нысан

Құрметті аты-жөні!

      Сіз № __ медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне (күн.ай.жыл.) күні, (сағ:мм) уақыты (қала, көше, үй, кабинет) мекенжайы бойынша куәландыруға жазылудан бас тарттыңыз.

  "Мүгедектікті және/немесе
еңбек ету қабілетінен айырылу
дәрежесін белгілеу және/немесе
қажетті әлеуметтік қорғау
шараларын айқындау"
мемлекеттік қызметін көзбе-көз
көрсету кезінде электрондық
кезекті қалыптастыру
алгоритміне
4-қосымша
Нысан

Құрметті аты-жөні!

      Сіздің медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне куәландыруға жазылуыңыз Сіздің белгіленген уақытта келмеуіңізге байланысты жойылды.

      Сіз "жеке кабинетте" "https://aleumet.egov.kz/.../.../" сілтемесі бойынша куәландыруға қайта жазылуыңызға болады.

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады