"Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамдардың Ашық бағдарламалық интерфейстер (Open API) бойынша ақпарат алмасудың банкаралық жүйесі арқылы банктік шоттар, олар бойынша ақша қалдықтары және (немесе) қозғалысы бойынша деректерді беруге келісімін алған кезде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тетігін сынақтан өткізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 19 желтоқсандағы № 468, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 830/НҚ және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасарының 2024 жылғы 19 желтоқсандағы № 210 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 қазандағы № 345, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2024 жылғы 31 қазандағы № 547/НҚ және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасы орынбасарының 2025 жылғы 3 қарашадағы № 244 бірлескен бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамдардың Ашық бағдарламалық интерфейстер (Open API) бойынша ақпарат алмасудың банкаралық жүйесі арқылы банктік шоттар, олар бойынша ақша қалдықтары және (немесе) қозғалысы бойынша деректерді беруге келісімін алған кезде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тетігін сынақтан өткізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 19 желтоқсандағы № 468, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 830/НҚ және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасарының 2024 жылғы 19 желтоқсандағы № 210 бірлескен бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Пилоттық жобаның қолданылу кезеңі 2026 жылғы 1 қарашаға дейін айқындалсын.".

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті осы бірлескен бұйрыққа мемлекеттік органдар басшыларының соңғысы қолы қойғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" ШЖҚ РМК жолдасын.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрлеріне, Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
__________________С. Жақыпова
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі
____________________ Ж. Мәдиев
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары
________________ Б. Шолпанқұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады