2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен кейін күнтізбелік бес күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
1. Кәсіптік стандартты қолдану саласы: "Мүгедектігі бар адамдардың және жүріп-тұруы шектеулі топтардың қажеттілігін ескере отырып, инфрақұрылым объектілерінің халыққа қолжетімділігі бойынша қызметтер" кәсіптік стандарты "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес әзірленген және ол білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, соның ішінде кәсіпорындардағы персоналды оқытуға, білім беру ұйымдарының түлектері мен жұмыскерлерді даярлауға қойылатын талаптарды белгілейді, сондай-ақ халық үшін инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша қызметтерді көрсету саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешуге бағытталған.
2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер, анықтамалар мен қысқартулар қолданылады:
1) әлеуметтік инфрақұрылым – қызметі халықтың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға, толыққанды тыныс-тіршілікті қамтамасыз етуге бағытталған қызмет көрсету салалары (әлеуметтік-мәдени мақсаттағы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және халыққа қызмет көрсету жөніндегі байланыс; білім беру, денсаулық сақтау, сауда, қоғамдық тамақтану және т. б.) объектілерінің жиынтығы;
2) бейінді маман – белгілі бір мамандық бойынша сертификаты бар жоғары немесе орта арнаулы білімі бар жұмыскер;
3) білім – кәсіптік міндет шеңберінде іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті зерделенген және меңгерілген ақпарат;
4) дағды – кәсіптік міндетті толығымен орындауға мүмкіндік беретін білім мен машықты қолдану қабілеті;
5) жағдаяттық көмек – мүгедектігі бар адамдарға және жүріп-тұруы шектеулі топтардың қажеттілігін ескере отырып, олардың қалауы бойынша немесе олардың келісімімен халыққа көрсетілетін қызметтерді алуға кедергі келтіретін кедергілерді басқа адамдармен тең дәрежеде еңсеру мақсатында көрсетілетін көмек;
6) жүйелі бейімдеу – нақты жағдайда қажет болғанда мүгедектігі бар адамдардың барлық құқықтары мен негізгі бостандықтарын басқалармен тең дәрежеде іске асыруын қамтамасыз етуі немесе жүзеге асыруы мақсатында мөлшерлес емес немесе ақталмаған ауыртпалық болмайтындай қажетті және сәйкес келетін модификациялар мен түзетулерді енгізу туралы ереже негізі болған кедергісіз ортаны қалыптастыру;
7) кәсіп –жеке адам жүзеге асыратын және оны орындалуы үшін белгілі бір біліктілікті талап ететін қызмет түрі;
8) кәсіптік біліктілік – кәсіп бойынша еңбек функцияларын орындау үшін талап етілетін құзыреттерді меңгеруді сипаттайтын кәсіптік даярлық дәрежесі;
9) кәсіптік стандарт – формалды және (немесе) формалды емес және (немесе) информалды білім беру ескеріле отырып, білімге, машыққа, дағдыға, жұмыс тәжірибесіне, біліктілік деңгейі мен құзыреттілікке, кәсіптік қызметтің нақты бір саласындағы еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін жазбаша ресми құжат;
10) кедергісіз орта – мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары (бұдан әрі – ХЖШТ) үшін физикалық қоршаған орталық, ақпараттық және әлеуметтік-психологиялық кедергілер жоқ немесе барынша азайтылған тіршілік ортасы;
11) қадамдық қолжетімділік – жүріп-тұру бағдарларының (жаяу жүргіншілер және қажет болған кезде қоғамдық көлік), мүгедектігі бар адамдарда бар нозологияларды ескере отырып қызмет көрсету тәсілдерінің қолжетімділік сапасын ескере отырып, талап етілетін қызметтерді алу үшін объектілерге бару мүмкіндігін айқындайтын, тұрғылықты жерінен қызмет көрсету орнына дейін (табалдырықтан табалдырыққа дейін) мүгедектігі бар адамдар мен ХЖШТ үшін объектілер мен қызметтердің физикалық қолжетімділік көрсеткіші;
12) қолжетімділік – ғимараттың, үй-жайдың, қызмет көрсету орнының мүгедектігі бар адамдар мен ХЖШТ қатарындағы адамдардың нақты санатына нысаналы мақсатқа жетуге және қызметті пайдалануға мүмкіндік беретін қасиеті;
13) құзыреттілік – еңбек функциясын құрайтын бір немесе бірнеше кәсіптік міндетті орындауға мүмкіндік беретін дағдыны қолдану қабілеті;
14) қызметтің қолжетімділігі – барлық объективті шектеулерді ескере отырып, тұтынушылардың кез келген қызметтерді алу мүмкіндігі;
15) машық – кәсіптік міндет шеңберінде жекелеген бірлі жарым іс-әрекеті физикалық тұрғыдан және/немесе ақыл-оймен орындау қабілеті;
16) мүгедектігі бар адамдар – әртүрлі тосқауылдармен өзара іс-қимыл кезінде олардың қоғам өміріне қоғамның басқа мүшелерімен тең дәрежеде толық және тиімді қатысуына кедергі келтіруі мүмкін тұрақты дене, психикалық, интеллектуалдық немесе сенсорлық кемістігі бар адамдар;
17) мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктері – мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, олардың басқа азаматтармен тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік интеграциялау мәселелерін шешу мақсатында мүгедектігі бар адамдар және олардың мүдделерін білдіретін адамдар құратын ұйымдар (бірлестіктер);
18) мүгедектік белгісі бойынша кемсіту – мүгедектігіне байланысты мақсаты немесе нәтижесі Қазақстан Республикасында адамның және азаматтың саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, азаматтық немесе кез келген өзге саладағы барлық кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарын басқалармен тең дәрежеде тануды, іске асыруды немесе жүзеге асыруды төмендету немесе теріске шығару болып табылатын мүгедектігі салдарынан кез келген бөлектеу, есепке алмау немесе шектеу;
19) халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары – олардың қала бойынша жаяу немесе бағдарлық көлік құралдарымен қауіпсіз және жайлы жүріп - тұруына, сондай-ақ қоғамдық ғимараттар мен ашық қолжетімділік құрылыстарында көрсетілетін қызметтерді алуға кедергі келтіретін тұрақты, уақытша немесе жағдаяттық шектеулері бар адамдарды біріктіретін жалпылама ұғым.
3. Осы кәсіптік стандартта мынадай қысқартулар қолданылады:
12) ВЕБ – дүниежүзілік желі (World Wide Web).
4. Кәсіптік стандарттың атауы: "Мүгедектігі бар адамдардың және жүріп-тұруы шектеулі топтардың қажеттілігін ескере отырып, инфрақұрылым объектілерінің халыққа қолжетімділігі бойынша қызметтер".
5. Кәсіптік стандарттың коды: X96090001.
6. ЭҚЖЖ секциясын, бөлімін, тобын, сыныбын және кіші сыныбын көрсету:
96.09 Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де жеке көрсетілетін қызметтерді ұсыну;
96.09.0 Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де жеке көрсетілетін қызметтерді ұсыну.
7. Кәсіптік стандарттың қысқаша сипаттамасы: "Мүгедектігі бар адамдардың және жүріп-тұруы шектеулі топтардың қажеттілігін ескере отырып, инфрақұрылым объектілерінің халыққа қолжетімділігі бойынша қызметтер" "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес әзірленген. Кәсіпорындарда кадрларды, білім беру ұйымдарының жұмыскерлері мен түлектерін оқытуды қоса алғанда, білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға қойылатын талаптарды және халыққа инфрақұрылым объектілерінің болуы бойынша қызметтер көрсету саласындағы мәселелердің кең ауқымын шешу жолдарын белгілейді.
8. Кәсіптер карточкаларының тізімі:
1) Халық үшін (жүріп-тұруы шектеулі топтардың қажеттіліктерін ескере отырып) инфрақұрылым объектілері мен қызметтерінің қолжетімділік жағдайларын бағалау жөніндегі сарапшы - 5 СБШ-нің деңгейі;
2) Мүгедектігі бар адамдарға ахуалдық көмек көрсету бойынша персоналды оқыту жөніндегі нұсқаушы - 5 СБШ-нің деңгейі;
3) Халық үшін (жүріп-тұруы шектеулі топтардың қажеттілігін ескере отырып) инфрақұрылым объектілері мен қызметтердің қолжетімділігін дамыту саласындағы басшы - 6 СБШ-нің деңгейі.
9. "Халық үшін (жүріп-тұруы шектеулі топтардың қажеттіліктерін ескере отырып) инфрақұрылым объектілері мен қызметтерінің қолжетімділік жағдайларын бағалау жөніндегі сарапшы" кәсіп карточкасы:
|
Топтың коды:
|
3160-1
|
Қызмет атауының коды:
|
3160-1
|
Кәсіптің атауы:
|
Халық үшін (жүріп-тұруы шектеулі топтардың қажеттіліктерін ескере отырып) инфрақұрылым объектілері мен қызметтерінің қолжетімділік жағдайларын бағалау жөніндегі сарапшы
|
СБШ бойынша біліктілік деңгейі:
|
5
|
СБШ бойынша біліктілік ішкі деңгейі:
|
-
|
БТБА, БА, үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі:
|
жоқ
|
Кәсіптік білім деңгейі
|
Білім деңгейі:
орта білімнен кейінгі (қолданбалы бакалавриат)
|
Мамандық: Ғимараттарды жобалау мен пайдаланудың автоматтандырылған жүйелері
|
Біліктілік:
-
|
Білім деңгейі:
ТжКБ (орта деңгейдегі маман)
|
Мамандық: Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану
|
Біліктілік:
-
|
Білім деңгейі:
орта білімнен кейінгі (қолданбалы бакалавриат)
|
Мамандық: Әлеуметтік жұмыс
|
Біліктілік:
-
|
Білім деңгейі:
орта білімнен кейінгі (қолданбалы бакалавриат)
|
Мамандық: Архитектура
|
Біліктілік:
-
|
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:
|
техникалық және кәсіптік білімі, жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес
|
Формалды емес және информалы біліммен байланыс:
|
Мүгедектігі бар адамдар мен жүріп-тұруы шектеулі топтардың қажеттіліктерін ескере отырып, инфрақұрылым объектілері мен халыққа көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі саласындағы мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің деректер тізіліміне енгізілген оқу орталықтары жанындағы курстар
|
Кәсіптің басқа ықтимал атаулары:
|
|
Қызметтің негізгі мақсаты:
|
Мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктерін ескере отырып, объектілер мен қызметтердің халық үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік талаптарға байланысты халыққа қызмет көрсететін ұйымдар жұмыстарының нәтижелерін бағалау
|
Еңбек функцияларының сипаттамасы
|
Еңбек функцияларының тізбесі:
|
Міндетті еңбек функциялары:
|
1. Халыққа қызмет көрсететін ұйымдардың объектілері мен қызметтерінің; атқарушы билік органдарының мүгедектігі бар адамдар үшін қызметтер мен инфрақұрылым объектілерінің қадамдық қолжетімділік жағдайларын қамтамасыз ету бойынша қолжетімділік.
2. Кәсіби қасиеттерді дамыту.
|
Қосымша еңбек функциялары:
|
|
Еңбек функциясы 1:
Халыққа қызмет көрсететін ұйымдардың объектілері мен қызметтерінің; атқарушы билік органдарының мүгедектігі бар адамдар үшін қызметтер мен инфрақұрылым объектілерінің қадамдық қолжетімділік жағдайларын қамтамасыз ету бойынша қолжетімділік
|
Дағды 1:
Әртүрлі нозологиялары бар мүгедектігі бар адамдардың қозғалуына, ақпарат алуына, қызмет көрсетуіне кедергі келтіретін қоршаған ортаның кедергілерін анықтай және бағалай білу
|
Машықтар:
|
1. Қызметтердің және инфрақұрылым объектілерінің физикалық және ақпараттық қолжетімділігінің кедергілерін еңсеру үшін түрлі нозологиялары бар мүгедектігі бар адамдардың көмекке және жағдайларға қажеттіліктерін түсіну.
2. Қызметтер мен инфрақұрылым объектілеріне қадамдық қолжетімділік шарттарын бағалау.
3. Қызметтер мен инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділік жағдайларын қамтамасыз ету кезінде мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету және ситуациялық көмек көрсету технологияларының тиімділігін бағалау.
|
Білімдер:
|
1. Әртүрлі нозологиялары бар мүгедектігі бар адамдар үшін объектілер мен іргелес аумақтардың архитектуралық қолжетімділігін қамтамасыз ету негіздері.
2. Мүгедектігі бар адамдар үшін қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қозғалыс кезінде қызмет көрсету және қолжетімділік шарттары туралы хабардар ету негіздері.
3. Мүгедектігі бар адамдар үшін объектілер мен қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды регламенттейтін құжаттардың нормативтік құқықтық, техникалық базасы.
4. Әр түрлі нозологиялары бар мүгедектігі бар адамдармен қарым-қатынас этикасы.
5. Мүгедектігі бар адамдар үшін қоршаған ортаның антропометриялық көрсеткіштері.
6. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі бойынша талаптар.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
ұсынылмайды
|
Дағды 2:
Халыққа қызмет көрсететін ұйымдардың, жергілікті атқарушы органдардың қызметтер мен инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігі үшін жағдайлардын қамтамасыз ету кезінде жұмыстарын кешенді ұйымдастыруға талдау жүргізу
|
Машықтар:
|
1.Қызметтер мен инфрақұрылым объектілеріне қадамдық қолжетімділік жағдайларын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды, халыққа қызмет көрсететін ұйымдарды, жергілікті атқарушы органдарды кешенді ұйымдастыру нәтижелерінің тиімділігі мен сапасын бағалау.
2. Мүгедектігі бар адамдар үшін қызметтер мен инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділік сапасының деңгейін бағалау.
3. Мүгедектігі бар адамдар үшін қызметтер мен инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділік жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар нәтижелерінің статистикалық көрсеткіштерін бағалау.
4. Мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету және ситуациялық көмек көрсету үшін персоналдың даярлық деңгейі мен құзыреттілігін бағалау.
|
Білімдер:
|
1. Қызметтердің және инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары туралы конвенцияның ережелерін қолдану практикасы (әмбебап дизайн, жүйелі бейімдеу, мүгедектік белгісі бойынша кемсітпеу).
2. Қазақстан Республикасының ұлттық стандарты 3846-2023 мүгедектігі бар адамдар мен жүріп-тұруы жектеулі топтардың қажеттіліктерін ескере отырып, халық үшін инфрақұрылым объектілері мен қызметтердің қолжетімділігі.
3. Қызметтер мен инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету кезіндегі жұмыс нәтижелерінің статистикалық көрсеткіштері, тиімділігі мен сапасы.
4. Қазақстан Республикасының қағидалар жинағы 3.06-101-2012 халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділікті ескере отырып, ғимараттар мен құрылыстарды жобалау.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
ұсынылмайды
|
Дағды 3:
Қызметтер мен инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету кезінде қауіпсіздік шарттарының сақталуын бағалау
|
Машықтар:
|
1. Мүгедектігі бар адамдар үшін қызметтер мен инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету жұмыстарының кешенін жүргізу кезінде қоршаған орта қауіпсіздігінің шарттарын бағалау.
2. Қызметтер мен инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділік жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу кезінде мүгедектігі бар адамдардың және айналадағы адамдардың өмірі, денсаулығы, жабдықтары мен мүлкі үшін қауіпсіздік жағдайларын қамтамасыз ету.
3. Ұйымның ресми ВЕБ-бетінде ақпараттың қолжетімділігі мен өзектілігін бағалауды жүргізу.
|
Білімдер:
|
1. Мүгедектігі бар адамдар ақпарат алу және жүріп-тұру үшін пайдаланатын жабдықтың техникалық сипаттамалары, техникалық пайдалану қағидалары.
2. Әртүрлі нозологиялары бар мүгедектігі бар адамдар үшін қоршаған ортаның антропометриялық параметрлері.
3. Мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету үшін жабдықтар мен объектілерді, іргелес аумақтарды күтіп-ұстау, техникалық пайдалану қағидалары.
4. Мүгедектігі бар адамдарға ситуациялық көмек көрсету кезінде қауіпсіздік жағдайларын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар.
5. Мүгедектігі бар адамдардың инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізу қауіпсіздігінің шарттарын айқындайтын техникалық регламенттердің талаптары.
6. Мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктерін ескере отырып, халық үшін қызметтер мен инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігін техникалық реттеу негіздері.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
ұсынылмайды
|
Дағды 4:
Объектілер мен қызметтердің сапасын қолжетімділігін бағалау бойынша жұмыстардың нәтижелерін ресімдеу
|
Машықтар:
|
1. Қызметтер мен инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділік шарттарын растау жөніндегі жұмыстардың нәтижелерін ресімдеу.
2. Зерттеу нәтижелері бойынша қызметтер мен инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділік шарттарына сәйкестігін растайтын сараптамалық қорытындыларды ресімдеу.
3. Мәліметтер жинағын жасау.
|
Білімдер:
|
1. Қазақстан Республикасының ұлттық стандарты 3846-2023 Мүгедектігі бар адамдар мен жүріп-тұруы шектеулі топтарды есепке алғанда, халық үшін инфрақұрылым нысандарының және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі
2. Қазақстан Республикасының қағидалар жинағы 3.06-101-2012 Ғимараттар мен имараттарды халықтың қимылы шектеулі топтары ?шін қолжетімділіктің есебімен жобалау.
3. Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
ұсынылмайды
|
Дағды 5:
Ұйымдағы әріптестермен қарым-қатынас жасау
|
Машықтар:
|
1. Сарапшыны аккредиттеген уәкілетті куәландыру орталығының әдеп кодексіне, корпоративтік мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес қызметтер мен инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділік шарттарын бағалау бойынша өз қызметін жүзеге асыру.
2. Сарапшыны аккредиттеген уәкілетті куәландыру орталығының әдеп кодексіне сәйкес қызметтер мен инфрақұрылымның қолжетімділігін растайтын ұйымдардың персоналымен өзара іс-қимыл жасау.
3. Қызметтер мен инфрақұрылымның қолжетімділігін бағалай отырып, зерттеу жұмыстарын жүргізуге қатысу үшін мүгедектігі бар адамдарды тарту.
|
Білімдер:
|
1. Сарапшыны аккредиттеген уәкілетті куәландыру орталығының этикалық кодексі.
2. Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары туралы конвенция.
3. Бар кедергілерді еңсеру үшін мүгедектігі бар адамдардың қызметтерге және инфрақұрылымға қажеттіліктері.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
ұсынылмайды
|
Дағды 6:
Түрлі нозологиясы бар мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық ұйымдарының өкілдерімен өзара әрекеттесу
|
Машықтар:
|
1. Объектілер мен қызметтердің қолжетімділігін бағалау бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен өзара іс-қимыл.
2. Қызметтер мен инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігін бағалау бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде мүгедектігі бар адамдардың басым қажеттіліктерін қанағаттандыруға талдау жүргізу және бағалау.
3. Мүгедектігі бар адамдардың қолжетімді қызметтер мен инфрақұрылымға заңды құқықтарын қорғау.
|
Білімдер:
|
1. Мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің қызметтер мен инфрақұрылымның қолжетімділігіне заңды құқықтарын қорғауға қатысуының негіздері мен нысандары.
2. Мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық ұйымдарымен өзара әрекеттесу тәртібі.
3. Мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық ұйымдарының қолжетімділікке заңды құқықтарын қорғау құқықтары.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
ұсынылмайды
|
Еңбек функциясы 2:
Кәсіби қасиеттерді дамыту
|
Дағды 1:
Ұйым жұмыскерлері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу
|
Машықтар:
|
1. Мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін қызметтер мен инфрақұрылым объектілерінің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің ережелерін түсіндіру.
2. Мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін қызметтер мен инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігінің сапасын қамтамасыз ету бойынша ұйым жұмысының тиімділігі мен сапасының нәтижелеріне талдау жүргізу.
3. Қолжетiмдiлiк жағдайларын қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты ұйымдастыруда кәсiби құзыреттiлiктi арттыруға бағытталған бiлiм беру бағдарламаларына, тренингтерге және шараларға қатысу.
4. Объектілер мен қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін мүгедектігі бар ерге ситуациялық көмек көрсету үшін персоналды оқытудың тиімділігіне талдау жүргізу.
|
Білімдер:
|
1. Кәсіби саладағы әріптестермен қарым-қатынас принциптері.
2. Сарапшылардың қызметін реттейтін этикалық нормалар, кәсіптік стандарттар.
3. Мүгедектігі бар адамдар мен жүріп-тұруы шектеулі топтар үшін қызметтер мен инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстардың халықаралық тәжірибесі.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
ұсынылмайды
|
Дағды 2:
Ұйымдағы әріптестермен байланысу
|
Машықтар:
|
1. Ұйымның корпоративтік мақсаттары мен міндеттеріне және мүгедектігі бар адамдардың қолжетімділік қажеттіліктеріне сәйкес мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділік жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруда өз қызметін жүзеге асыру.
2. Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділік жағдайларын қамтамасыз ету, олардың қоғамдастықтың әлеуметтік өміріне белсенді қатысуын қолдау жөніндегі ұйымның қазіргі заманғы корпоративтік мәдениетін қалыптастыру.
3. Мүгедектігі бар адамдар үшін ұйым объектілері мен қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша персонал жұмыстарының нәтижелерін ынталандыру жүйесін дамыту.
|
Білімдер:
|
1. Қызметтер мен инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділік жағдайларын қамтамасыз етудің үздік тәжірибесі.
2. Персоналды ынталандыру жүйесі мен әдістемесі.
3. Мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің объектілер мен қызметтерге қол жетімділіктің заңды құқықтарын қорғауға қатысуының негіздері мен нысандары.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
ұсынылмайды
|
Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар:
|
Жауапкершілік
Ынтымақтастық және өзара іс-қимыл
Күйзеліске тұрақтылық
Тез шешім қабылдай білу
Ауызекі сөйлеу дағдылары
Жазбаша қарым-қатынас жасау дағдылары
Жауапкершілік
Ынтымақтастық және өзара іс-қимыл
Күйзеліске тұрақтылық
Тез шешім қабылдай білу
Ауызекі сөйлеу дағдылары
Жазбаша қарым-қатынас жасау дағдылары
Жауапкершілік
Ынтымақтастық және өзара іс-қимыл
Күйзеліске тұрақтылық
Тез шешім қабылдай білу
Ауызекі сөйлеу дағдылары
Жазбаша қарым-қатынас жасау дағдылары
|
Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімі:
|
Қазақстан Республикасының ұлттық стандарты 3846-2023 Мүгедектігі бар адамдар мен жүріп-тұруы шектеулі топтарды есепке алғанда, халық үшін инфрақұрылым нысандарының және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі, Қазақстан Республикасының қағидалар жинағы 3.06-101-2012 Ғимараттар мен имараттарды халықтың қимылы шектеулі топтары ?шін қолжетімділіктің есебімен жобалау.
|
СБШ -нің ішіндегі басқа кәсіптермен байланыс:
|
СБШ-нің деңгейі:
|
Кәсіптің атауы:
|
6
|
Халық үшін (жүріп-тұруы шектеулі топтардың қажеттілігін ескере отырып) инфрақұрылым объектілері мен қызметтердің қолжетімділігін дамыту саласындағы басшы
|
5
|
Мүгедектігі бар адамдарға ахуалдық көмек көрсету бойынша персоналды оқыту жөніндегі нұсқаушы
|
10. "Мүгедектігі бар адамдарға ахуалдық көмек көрсету бойынша персоналды оқыту жөніндегі нұсқаушы" кәсіп карточкасы:
|
Топтың коды:
|
2422-2
|
Қызмет атауының коды:
|
2422-2
|
Кәсіптің атауы:
|
Мүгедектігі бар адамдарға ахуалдық көмек көрсету бойынша персоналды оқыту жөніндегі нұсқаушы
|
СБШ бойынша біліктілік деңгейі:
|
5
|
СБШ бойынша біліктілік ішкі деңгейі:
|
-
|
БТБА, БА, үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі:
|
жоқ
|
Кәсіптік білім деңгейі:
|
Білім деңгейі:
орта білімнен кейінгі (қолданбалы бакалавриат)
|
Мамандық: Қосымша білім беру
|
Біліктілік:
-
|
Білім деңгейі:
орта білімнен кейінгі (қолданбалы бакалавриат)
|
Мамандық: Әлеуметтік жұмыс
|
Біліктілік:
-
|
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:
|
техникалық және кәсіптік білімі, жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес
|
Формалды емес және информалы біліммен байланыс:
|
Мүгедектігі бар адамдар мен жүріп-тұруы шектеулі топтардың қажеттіліктерін ескере отырып, инфрақұрылым объектілері мен халыққа көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі саласындағы мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің деректер тізіліміне енгізілген оқу орталықтары жанындағы курстар
|
Кәсіптің басқа ықтимал атаулары:
|
|
Қызметтің негізгі мақсаты:
|
Персоналды мүгедектігі бар адамдарға ситуациялық көмек көрсетуге оқыту
|
Еңбек функцияларының сипаттамасы
|
Еңбек функцияларының тізбесі:
|
Міндетті еңбек функциялары:
|
1. Мүгедектігі бар адамдарға ситуациялық көмек көрсету.
2. Объектілер мен қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін халыққа қызмет көрсететін ұйымның персоналын даярлауды жүргізу.
|
Қосымша еңбек функциялары:
|
|
Еңбек функциясы 1:
Мүгедектігі бар адамдарға ситуациялық көмек көрсету
|
Дағды 1:
Мүгедектігі бар адамдарға ситуациялық көмек көрсету
|
Машықтар:
|
1. Мүгедектігі бар адамдардың және айналадағы адамдардың өмірі, денсаулығы, жабдықтары мен мүлкі үшін ахуалдық көмек көрсету және қауіпсіздік жағдайларын қамтамасыз ету.
2. Әр түрлі нозологиялары бар мүгедектігі бар адамдармен қарым-қатынас жасау.
3. Мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық ұйымдарының өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау.
|
Білімдер:
|
1. Қарым-қатынас, ақпарат алу, жүріп-тұру және қызмет алу кезінде кедергілерді еңсеруде әртүрлі нозологиялары бар мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктері.
2. Қазақстан Республикасының ұлттық стандарты 3846-2023 "Мүгедектігі бар адамдар мен жүріп-тұруы шектеулі топтарды есепке алғанда, халық үшін инфрақұрылым нысандарының және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі" қадамдық қолжетімділік жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды кешенді ұйымдастыру әдістемесі жалпы талаптар. Қол жетімділік шарттары.
3. Қазақстан Республикасының қағидалар жинағы 3.06-101-2012 Ғимараттар мен имараттарды халықтың қимылы шектеулі топтары ?шін қолжетімділіктің есебімен жобалау.
4. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі бойынша талаптар.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
ұсынылмайды
|
Дағды 2:
Объектілер мен қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету кезінде қауіпсіздік шарттарын сақтау
|
Машықтар:
|
1. Мүгедектігі бар адамдарға ситуациялық көмек көрсету кезінде қоршаған ортаның қолжетімділік жағдайларына бағалау жүргізу.
2. Ситуациялық көмек көрсету кезінде мүгедектігі бар адамдардың және айналасындағы адамдардың өмірі, денсаулығы, жабдықтары мен мүлкі үшін қауіпсіздік жағдайларын қамтамасыз ету.
3. Тыңдаушыларды даярлаудың оқу процесін ұйымдастыру бойынша мәселелерді шешу.
|
Білімдер:
|
1. Жабдықты техникалық пайдалану қағидалары.
2. Ситуациялық көмек көрсету кезінде қауіпсіздік жағдайларын қамтамасыз етуге мүгедектігі бар адамдар үшін объектілер мен қызметтердің қолжетімділігі жағдайларын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар.
3. Мүгедектігі бар адамдар ақпарат алу және жүріп-тұру үшін пайдаланатын жабдықтың техникалық сипаттамалары, техникалық пайдалану қағидалары.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
ұсынылмайды
|
Еңбек функциясы 2:
Объектілер мен қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін халыққа қызмет көрсететін ұйымның персоналын даярлауды жүргізу
|
Дағды 1:
Қызметтер мен инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін халыққа қызмет көрсететін ұйымның персоналын даярлау
|
Машықтар:
|
1. Ұйымның жарақтандырылуы мен ресурстарын, мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктерін ескере отырып, объектілер мен қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін мүгедектігі бар адамдарға ситуациялық көмек көрсету технологияларын әзірлеу.
2. Тыңдаушыларды даярлаудың оқу процесін ұйымдастыру мәселелерін шешу.
3. Тыңдаушылардың кәсіби және дене шынықтыру дайындығының деңгейін бағалау.
|
Білімдер:
|
1. Ситуациялық көмек көрсету саласындағы нормативтік құқықтық актілер.
2. Дайындықты өткізуге арналған бағдарламалар мен әдістемелік материалдар.
3. Әртүрлі нозологиялары бар мүгедектігі бар адамдарға ситуациялық көмек көрсетуге практикалық дайындықты тиімді ұйымдастыру принциптері.
4. Мүгедектігі бар адамдармен ситуациялық көмек көрсету туралы қарым қатынас кезінде мүгедектік белгісі бойынша кемсітушілікті алып тастау талаптары мен практикасы.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
ұсынылмайды
|
Дағды 2:
Инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділік шарттарын бағалау
|
Машықтар:
|
1. Объектілердің қадамдық қол жетімділік шарттарын бағалау.
2. Сәулеттік қол жетімділік шарттарын бағалау.
3. Объектінің техникалық жай-күйіне ішкі аудит жүргізу.
4. Объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін "жүйелі бейімдеу" қолдану тиімділігінің негізгі көрсеткіштеріне бақылау жүргізу.
5. Түрлі нозологиялары бар мүгедектігі бар адамдар үшін қызметтер мен объектінің қолжетімділік шарттары туралы ақпаратты ашу.
6. Мүгедектік белгісі бойынша кемсітушілікті жою жөнінде консультациялар жүргізу.
7. Мүгедектігі бар адамдар үшін қауіпсіздік шарттарын сақтау.
8. Мүгедектігі бар адамдар үшін қызметтер мен объектінің қолжетімділік сапасын қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар әзірлеу.
|
Білімдер:
|
1. Объектілер мен іргелес аумақтардың сатылы қолжетімділігінің сапасын бағалаудың нормативтік құқықтық актілері мен әдістемелері.
2. Объектілер мен іргелес аумақтың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін "әмбебап дизайн" әдістемесін, "жүйелі бейімдеу" қағидатын қолдану.
3. Объектілердің қолжетімділік сапасын бағалау әдістемесі мен технологиялары.
4. Әртүрлі нозологиялары бар мүгедектігі бар адамдар үшін қоршаған ортаның антропометриялық параметрлері.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
ұсынылмайды
|
Дағды 3:
Мүгедектігі бар адамдарға арналған объектілер мен қызметтердің қолжетімділігі бойынша жұмыстарды ұйымдастыру бойынша маманның жетекшілігімен іс-шараларды жүзеге асыру
|
Машықтар:
|
1. Мүгедектігі бар адамдар үшін объектілер мен қызметтерге қолжетімділік шарттарын қамтамасыз ету үшін ұйымдағы жұмысты ұйымдастыру бойынша маманмен тығыз байланыста жұмыс істеу.
2. Мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету және ситуациялық көмек көрсету туралы ақпарат алмасу.
3. Объектілер мен қызметтерге қолжетімділік шарттарын қамтамасыз ету бойынша бірлескен іс-қимылдарды үйлестіру.
4. Объектілер мен қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ситуациялық көмек көрсету үшін әртүрлі технологияларды ұсыну.
|
Білімдер:
|
1. Ситуациялық көмек көрсету, объектілер мен қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілер.
2. Мүгедектігі бар адамдардың қол жетімділігін қамтамасыз етудегі мүгедектігі бар адамдардың құқықтары туралы конвенцияның талаптары.
3. Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
ұсынылмайды
|
Дағды 4:
Оқыту нәтижелері бойынша кадрларды дайындау сапасын бағалау
|
Машықтар:
|
1. Объектілер мен қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін мүгедектігі бар адамдарға ситуациялық көмек көрсету үшін персоналды оқытудың тиімділігі мен сапасына талдау жүргізу.
2. Мүгедектігі бар адамдарға ситуациялық көмек көрсетуде олардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған білім беру бағдарламаларына, тренингтерге және іс-шараларға қатысу.
3. Оқушылардың кәсіби және дене дайындығының деңгейін бағалау.
4. Объектілер мен қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін мүгедектігі бар адамдарға ситуациялық көмек көрсету үшін кадрларды даярлау сапасын арттыру бойынша ұсыныстар енгізу.
|
Білімдер:
|
1. Кәсіби саладағы әріптестермен желі құру және қарым-қатынас жасау мүмкіндіктері.
2. Нұсқаушылардың қызметін реттейтін этикалық принциптер мен кәсіптік стандарттар.
3. Ситуациялық көмек көрсету саласындағы нормативтік құқықтық актілер.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
ұсынылмайды
|
Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар:
|
Ынтымақтастық және өзара іс-қимыл
Күйзеліске тұрақтылық
Сыпайылық
Ауызекі сөйлеу дағдылары
Оқу және өзін-өзі оқыту қабілеті
|
Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімі:
|
Қазақстан Республикасының ұлттық стандарты 3846-2023 Мүгедектігі бар адамдар мен жүріп-тұруы шектеулі топтарды есепке алғанда, халық үшін инфрақұрылым нысандарының және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі, Қазақстан Республикасының қағидалар жинағы 3.06-101-2012 Ғимараттар мен имараттарды халықтың қимылы шектеулі топтары ?шін қолжетімділіктің есебімен жобалау.
|
СБШ -нің ішіндегі басқа кәсіптермен байланыс:
|
СБШ-нің деңгейі:
|
Кәсіптің атауы:
|
6
|
Халық үшін (жүріп-тұруы шектеулі топтардың қажеттілігін ескере отырып) инфрақұрылым объектілері мен қызметтердің қолжетімділігін дамыту саласындағы басшы
|
5
|
Халық үшін (жүріп-тұруы шектеулі топтардың қажеттіліктерін ескере отырып) инфрақұрылым объектілері мен қызметтерінің қолжетімділік жағдайларын бағалау жөніндегі сарапшы
|
11. "Халық үшін (жүріп-тұруы шектеулі топтардың қажеттілігін ескере отырып) инфрақұрылым объектілері мен қызметтердің қолжетімділігін дамыту саласындағы басшы" кәсіп карточкасы:
|
Топтың коды:
|
1223-0
|
Қызмет атауының коды:
|
-
|
Кәсіптің атауы:
|
Халық үшін (жүріп-тұруы шектеулі топтардың қажеттілігін ескере отырып) инфрақұрылым объектілері мен қызметтердің қолжетімділігін дамыту саласындағы басшы
|
СБШ бойынша біліктілік деңгейі:
|
6
|
СБШ бойынша біліктілік ішкі деңгейі:
|
-
|
БТБА, БА, үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі:
|
жоқ
|
Кәсіптік білім деңгейі:
|
Білім деңгейі:
жоғары білім (бакалавриат, маман дәрежесі, ординатура)
|
Мамандық: Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
|
Біліктілік:
-
|
Білім деңгейі:
жоғары білім (бакалавриат, маман дәрежесі, ординатура)
|
Мамандық: Педагогикалық ғылымдар
|
Біліктілік:
-
|
Білім деңгейі:
жоғары білім (бакалавриат, маман дәрежесі, ординатура)
|
Мамандық: Қызметтер
|
Біліктілік:
-
|
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:
|
Техникалық кәсіптік білімі 5 жылдан кем емес, орта білімнен кейінгі білімі 3 жылдан кем емес
|
Формалды емес және информалы біліммен байланыс:
|
Мүгедектігі бар адамдар мен жүріп-тұруы шектеулі топтардың қажеттіліктерін ескере отырып, инфрақұрылым объектілері мен халыққа көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі саласындағы мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің деректер тізіліміне енгізілген оқу орталықтары жанындағы курстар
|
Кәсіптің басқа ықтимал атаулары:
|
|
Қызметтің негізгі мақсаты:
|
Қазақстан Республикасының ұлттық стандарты 3846-2023 "Мүгедектігі бар адамдар мен жүріп-тұруы шектеулі топтарды есепке алғанда, халық үшін инфрақұрылым нысандарының және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі"
|
Еңбек функцияларының сипаттамасы
|
Еңбек функцияларының тізбесі:
|
Міндетті еңбек функциялары:
|
1. Инфрақұрылым объектілеріне және мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін қызметтерге қадамдық қолжетімділік жағдайларын қамтамасыз ету бойынша атқарушы билік органдарының, халыққа қызмет көрсететін ұйымдардың жұмыс кешенін ұйымдастыру.
2. Қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен мүгедектігі бар адамдармен өзара іс-қимыл жасау.
3. Мүгедектігі бар адамдарға ситуациялық көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру.
4. Мүгедектігі бар адамдар үшін объектілер мен қызметтердің қолжетімділік шарттарын бағалау.
|
Қосымша еңбек функциялары:
|
|
Еңбек функциясы Инфрақұрылым объектілеріне және мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін қызметтерге қадамдық қолжетімділік жағдайларын қамтамасыз ету бойынша атқарушы билік органдарының, халыққа қызмет көрсететін ұйымдардың жұмыс кешенін ұйымдастыру
|
Дағды 1:
1. Мүгедектігі бар адамдар үшін объектілер мен қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды кешенді ұйымдастыру
|
Машықтар:
|
1. Қоршаған ортаның кедергілерін еңсеруде әртүрлі нозологиялары бар мүгедектігі бар адамдардың қызметтер мен инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділік шарттары туралы қажетті ақпаратқа қажеттіліктерін түсіну.
2. Мүгедектігі бар адамдардың жүріп-тұру жағдайларын қамтамасыз ету және ақпарат алу үшін жабдықтарды, көлемдік-жоспарлау шешімдерін, қызмет көрсету технологияларын пайдалану.
3. Мүгедектігі бар адамдарға ситуациялық көмек көрсету технологияларын әзірлеу және енгізу.
4. Мүгедектігі бар адамдар үшін көрсетілетін қызметтер мен инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділік сапасының деңгейін олардың басымдықтары мен қажеттіліктерін ескере отырып қамтамасыз ету жөнінде оңтайлы шешімдер қабылдау.
|
Білімдер:
|
1. Қазақстан Республикасының ұлттық стандарты 3846-2023 "Мүгедектігі бар адамдар мен жүріп-тұруы шектеулі топтарды есепке алғанда, халық үшін инфрақұрылым нысандарының және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі" қадамдық қолжетімділік жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды кешенді ұйымдастыру әдістемесі
2. Қызметтер мен инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін "жүйелі бейімдеу" әзірлеу және қолдану негіздері.
3. Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі.
4. Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары туралы конвенция.
5. Қазақстан Республикасының қағидалар жинағы 3.06-101-2012 Ғимараттар мен имараттарды халықтың қимылы шектеулі топтары ?шін қолжетімділіктің есебімен жобалау.
6. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі бойынша талаптар.
7. Ұлттық Стандарты ҚР СТ 3846-2023 Мүгедектігі бар адамдар мен жүріп-тұруы шектеулі топтарды есепке алғанда, халық үшін инфрақұрылым нысандарының және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
ұсынылмайды
|
Дағды 2:
Объектілер мен қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету кезінде қауіпсіздік шарттарын сақтау
|
Машықтар:
|
1. Қызметтердің және инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін мүгедектігі бар адамдарға ситуациялық көмек көрсету.
2. Мүгедектігі бар адамдар үшін объектілер мен қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу кезінде қоршаған ортаның қолжетімділік жағдайларына бағалау жүргізу.
3. Ұйымның ресми ВЕБ-бетінде ақпараттың қолжетімділігі мен өзектілігін бағалауды жүргізу.
|
Білімдер:
|
1. Мүгедектігі бар адамдар ақпарат алу және жүріп-тұру үшін пайдаланатын жабдықтың техникалық сипаттамалары, техникалық пайдалану қағидалары.
2. Әртүрлі нозологиялары бар мүгедектігі бар адамдар үшін қоршаған ортаның антропометриялық параметрлері.
3. Мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету үшін жабдықтар мен объектілерді, іргелес аумақтарды күтіп-ұстау, техникалық пайдалану қағидалары.
4. Ситуациялық көмек көрсету кезінде қауіпсіздік жағдайларын қамтамасыз етуге мүгедектігі бар адамдар үшін объектілер мен қызметтердің қолжетімділігі жағдайларын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар.
5. Көрсетілетін қызметтер мен инфрақұрылым объектілерінің физикалық қолжетімділігі жағдайында мүгедектігі бар адамдардың ерекше қажеттіліктері.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
ұсынылмайды
|
Еңбек функциясы 2:
Қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен мүгедектігі бар адамдармен өзара іс-қимыл жасау
|
Дағды 1:
Мүгедектігі бар адамдардың объектілер мен қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз етуге құқықтарын қолдану (әмбебап дизайн, жүйелі бейімдеу, мүгедектік белгісі бойынша кемсітпеу)
|
Машықтар:
|
1. Әр түрлі нозологиялары бар мүгедектігі бар адамдармен қарым-қатынас жасау.
2. Ұйымның ресми ВЕБ-бетінде мүгедектігі бар адамдар үшін, ұйымға бару және қызмет алу туралы шешім қабылдау үшін тиісті және қажетті ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету.
3. Мүгедектігі бар адамдарға ситуациялық көмек көрсету кезінде қоршаған ортаның қолжетімділік жағдайларына бағалау жүргізу.
|
Білімдер:
|
1. Инфрақұрылым объектілері мен қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету кезіндегі жұмыстардың тиімділігі мен сапасының статистикалық көрсеткіштері, салалық көрсеткіштері.
2. Мүгедектігі бар адамдар үшін объектілер мен қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды регламенттейтін құжаттардың нормативтік құқықтық, техникалық базасы.
3. Ситуациялық көмек көрсету кезінде қауіпсіздік жағдайларын қамтамасыз етуге мүгедектігі бар адамдар үшін объектілер мен қызметтердің қолжетімділігі жағдайларын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
ұсынылмайды
|
Дағды 2:
Қызметтер мен инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігіне қойылатын талаптардың сәйкестігі бойынша деректер талдау жүргізу
|
Машықтар:
|
1. Мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерімен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.
2. Кәсіби дағдылар мен білімдерді дамыту және жетілдіру.
3. Мүгедектігі бар адамдарға ситуациялық көмек көрсетуде олардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған білім беру бағдарламаларына, тренингтерге және іс-шараларға қатысу.
4. Мүгедектігі бар адамдар үшін қызметтер мен инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігін жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу.
|
Білімдер:
|
1. Қарым-қатынас, ақпарат алу, жүріп-тұру және қызмет алу кезінде кедергілерді еңсеруде әртүрлі нозологиялары бар мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктері.
2. Әр түрлі нозологиялары бар мүгедектігі бар адамдармен қарым-қатынас этикасы.
3. Өзінің кәсіби саласындағы әріптестерімен желілік өзара әрекеттесу және қарым-қатынас мүмкіндіктері.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
ұсынылмайды
|
Еңбек функциясы 3:
Мүгедектігі бар адамдарға ситуациялық көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру
|
Дағды 1:
Мүгедектігі бар адамдарға ситуациялық көмек көрсету
|
Машықтар:
|
1. Ұйымның жарақтандырылуы мен ресурстарын, мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктерін ескере отырып, объектілер мен қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін мүгедектігі бар адамдарға ситуациялық көмек көрсетудің оңтайлы технологияларын әзірлеу.
2. Мүгедектігі бар адамдарға ситуациялық көмек көрсету үшін персоналды даярлаудың оқу процесін ұйымдастыру мәселелерін шешу.
3. Тыңдаушылардың кәсіби және дене шынықтыру даярлығының деңгейін бағалау.
4. Мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсетуге және ситуациялық көмек көрсетуге персоналды даярлау жөніндегі жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелерінің сапасын бағалау.
5. Мүгедектігі бар адамдарға оның өзектілігін, тиімділігі мен сапасын арттыру үшін персоналды оқыту бойынша нұсқаушылардың жұмысын үйлестіру.
|
Білімдер:
|
1. Ситуациялық көмек көрсету саласындағы нормативтік құқықтық актілер.
2. Дайындықты өткізуге арналған бағдарламалар мен әдістемелік материалдар.
3. Әртүрлі нозологиялары бар мүгедектігі бар адамдарға ситуациялық көмек көрсетуге практикалық дайындықты тиімді ұйымдастыру принциптері.
4. Мүгедектігі бар адамдармен ситуациялық көмек көрсету туралы қарым-қатынас кезінде мүгедектік белгісі бойынша кемсітушілікті алып тастау талаптары мен практикасы.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
ұсынылмайды
|
Дағды 2:
Әріптестермен және мүгедектігі бар адамдармен қарым-қатынас жасау
|
Машықтар:
|
1. Ұйымның корпоративтік мақсаттары мен міндеттеріне және мүгедектігі бар адамдардың қолжетімділік қажеттіліктеріне сәйкес мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділік жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруда өз қызметін жүзеге асыру.
2. Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділік жағдайларын қамтамасыз ету, олардың қоғамдастықтың әлеуметтік өміріне белсенді қатысуын қолдау жөніндегі ұйымның қазіргі заманғы корпоративтік мәдениетін қалыптастыру.
3. Мүгедектігі бар адамдар үшін ұйымның объектілері мен қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі персонал жұмыстарының нәтижелерін ынталандыру жүйесін дамыту.
|
Білімдер:
|
1. Мүгедектігі бар адамдардың қызметтердің қолжетімділігіне басымдықты қажеттіліктерін айқындау.
2. Мүгедектігі бар адамдар үшін қызметтердің қолжетімділік сапасын бағалаудың нормативтік құқықтық актілері мен әдістемелері.
3. Мүгедектігі бар адамдар үшін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету кезінде "әмбебап дизайн" әдістемесін, "жүйелі бейімдеу" қағидатын, мүгедектік белгісі бойынша кемсітпеу қағидатын қолдану.
4. Қызметтер мен инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділік жағдайларын қамтамасыз етудің үздік салалық тәжірибесі.
5. Жұмыскерлерді ынталандыру әдістемесін анықтаңыз.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
ұсынылмайды
|
Еңбек функциясы 4:
Мүгедектігі бар адамдар үшін объектілер мен қызметтердің қолжетімділік шарттарын бағалау
|
Дағды 1:
Инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділік шарттарын бағалау
|
Машықтар:
|
1. Объектілердің қадамдық қол жетімділік шарттарын бағалау.
2. Сәулеттік қол жетімділік шарттарын бағалау.
3. Объектінің техникалық жай-күйіне ішкі аудит жүргізу.
4. Объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін "жүйелі бейімдеу" қолдану тиімділігінің негізгі көрсеткіштеріне бақылау жүргізу.
5. Түрлі нозологиялары бар мүгедектігі бар адамдар үшін қызметтер мен объектінің қолжетімділік шарттары туралы ақпаратты ашу.
6. Мүгедектік белгісі бойынша кемсітушілікті жою жөнінде консультациялар жүргізу.
7. Мүгедектігі бар адамдар үшін қауіпсіздік шарттарын сақтау.
8. Мүгедектігі бар адамдар үшін қызметтер мен объектінің қолжетімділік сапасын қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар әзірлеу.
|
Білімдер:
|
1. Объектілер мен іргелес аумақтардың сатылы қолжетімділігінің сапасын бағалаудың нормативтік құқықтық актілері мен әдістемелері.
2. Объектілер мен іргелес аумақтың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін "әмбебап дизайн" әдістемесін, "жүйелі бейімдеу" қағидатын қолдану.
3. Объектілердің қолжетімділік сапасын бағалау әдістемесі мен технологиялары.
4. Әртүрлі нозологиялары бар мүгедектігі бар адамдар үшін қоршаған ортаның антропометриялық параметрлері.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
ұсынылмайды
|
Дағды 2:
Қызметтер мен инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігіне қойылатын талаптардың тиімділігіне талдау жүргізу
|
Машықтар:
|
1. Мүгедектігі бар адамдарға арналған нысандар мен қызметтердің қолжетімділігінің сапасын қамтамасыз ету бойынша ұйым жұмысының тиімділігі мен сапасының нәтижелеріне талдау жүргізу.
2. Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділік жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруда кәсіби құзыреттілікті арттыруға бағытталған білім беру бағдарламаларына, тренингтерге және іс-шараларға қатысу.
3. Мүгедектігі бар адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіздік жағдайларын жасау.
|
Білімдер:
|
1. Өзінің кәсіби саласындағы әріптестерімен желілік өзара әрекеттесу және қарым-қатынас мүмкіндіктері.
2. Мамандардың қызметін реттейтін этикалық принциптер мен кәсіптік стандарттар.
3. Қолжетімділікті қамтамасыз ету жұмыстарының кешенін жүргізу кезінде мүгедектігі бар адамдардың және айналадағы адамдардың өмірі, денсаулығы, жабдықтары мен мүлкі үшін қауіпсіздік жағдайларын қамтамасыз ету.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
ұсынылмайды
|
Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар:
|
Жауапкершілік
Ынтымақтастық және өзара іс-қимыл
Күйзеліске тұрақтылық
Тез шешім қабылдай білу
Командада жұмыс істей білу
Сыпайылық
Мотивация
Жобалық ойлау
Оқу және өзін-өзі оқыту қабілеті
|
Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімі:
|
Қазақстан Республикасының ұлттық стандарты 3846-2023 Мүгедектігі бар адамдар мен жүріп-тұруы шектеулі топтарды есепке алғанда, халық үшін инфрақұрылым нысандарының және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі, Қазақстан Республикасының ережелер жинағы 3.06-101-2012 Ғимараттар мен имараттарды халықтың қимылы шектеулі топтары үшін қолжетімділіктің есебімен жобалау.
|
СБШ -нің ішіндегі басқа кәсіптермен байланыс:
|
СБШ-нің деңгейі:
|
Кәсіптің атауы:
|
5
|
Мүгедектігі бар адамдарға ахуалдық көмек көрсету бойынша персоналды оқыту жөніндегі нұсқаушы
|
5
|
Халық үшін (жүріп-тұруы шектеулі топтардың қажеттіліктерін ескере отырып) инфрақұрылым объектілері мен қызметтерінің қолжетімділік жағдайларын бағалау жөніндегі сарапшы
|
12. Мемлекеттік органның атауы:
Орындаушы: Б.Б. Касенов, Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті директорының міндетін атқарушы, 87172742852.
13. Әзірлеуге қатысатын ұйымдар (кәсіпорындар):
"Инклюзивті қоғамды дамыту жөніндегі Еуразиялық қауымдастығы" заңды тұлғалардық бірлестігі, БСН/ЖСН: 221240023747, KZT ағымдағы шоты: KZ7696503F0011998105, Астана қ. "ForteBank" АҚ бөлімшесі, БСК: IRTYKZKA
E-mail: v_pak@inclusia.kz, Телефон нөмірі: +7 (707) 599 19 75.
14. Кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес отырысының хаттамасы, 2025 жылғы 15 сәуір.
15. Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган: 2025 жылғы 15 сәуір.
16. "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы: 2025 жылғы 16 мамыр.
17. Нұсқа нөмірі және шығарылған жылы: 1-нұсқа, 2025 жыл.
18. Болжамды қайта қарау күні: 2028 жылғы 1 қыркүйек.