Тараз қаласының құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2025 жылғы 18 маусымдағы № 127 бірлескен қаулысы және Жамбыл облысы мәслихатының 2025 жылғы 18 маусымдағы № 23-4 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, Республикалық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 21 ақпандағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облысының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Тараз қаласының келесі құрамдас бөліктері:

      Шалғай Қарасу алабының 1-көшесі Қорқыт ата көшесіне;

      Жилкооперация көшесі Иманжүсіп Құтпанұлы көшесіне;

      Фресно көшесі Шәкен Ниязбеков көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы бірлескен Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысы мен Жамбыл облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімінің міндетін атқарушы Н. Календеров
      Облыстық мәслихаттың төрағасы А. Нұралиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады