Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 2022 жылғы 20 желтоқсандағы № 37/265-VII "Семей қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 2025 жылғы 27 маусымдағы № 45/241-VIII шешімі

      Абай облысы Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 2022 жылғы 20 желтоқсандағы № 37/265-VII "Семей қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31571 болып тіркелген) шешіміне мынадай толықтырулар енгізілсін:

      1. Көрсетілген шешімнің 1-тармағы келесі тармақшамен толықтырылсын:

      1-3. Тұрғын үй сертификаттары ипотекалық бағдарламада, тұрғын үй құрылысы бағдарламасында немесе "Наурыз" тұрғын үй бағдарламасында көзделген тәртіпте тұрғын үй алу кезінде Тізбеге сәйкес келетін өтініш берушілерге беріледі.

      2-тармақ мынадай мазмұндағы санатпен толықтырылсын:

      - асырауында кәмелетке толмаған балалары және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын, бірақ жиырма үш жасқа толмаған балалары бар жесір әйелдер (тұл ер адамдар) жатады.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Семей қаласы мәслихатының төрағасы А. Бекжасаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады