"Абай облысының жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 17 шілдедегі № 126 қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Абай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 3 қыркүйектегі № 159 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Абай облысының жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 17 шілдедегі № 126 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 184080 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2023 жылғы 20 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімі аппаратының басшысы Э.Қ. Бақпаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулының алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Абай облысының әкімі Б. Уәли

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады