ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 508-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына және 509-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған ауыл шаруашылығы техникасы өндірісінде пайдаланылатын қосалқы бөлшектер тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкiне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
кинистрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2025 жылғы 18 қыркүйектегі |
|
№ 302 бұйрығымен бекітілген |
Ауыл шаруашылығы техникасы өндірісінде пайдаланылатын қосалқы бөлшектер тізбесі
Р/с № | Атауы | Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды |
1 | 2 | 3 |
1. | Вулканизацияланған резеңкеден жасалған конвейерлік таспалар немесе жетекті белдіктер немесе бельтинг | 4010 |
2. | Қаптама, амортизаторлар, ұштықтар, тұғырықтар* | 4016 93 000 5-тен |
3. | тауар позицияларын 8701-8705 моторлы көлік құралдарына арналған қатты резеңкеден басқа, вулканизацияланған резеңкеден жасалған бұйымдар* | 4016 99 970 8-ден |
4. | Ыстықтай орамдалған серіппелер, рессорлар |
7320 10 110 0-ден, |
5. | Созылатын бұрандалы суықтай орамдалған серіппелер* | 7320 20 850 8-ден |
6. | Серіппелі қабықтар* | 7320 90 900 8-ден |
7. | Ыстық қалыптамалар* | 7326 90 940 9-дан |
8. | Ауыл шаруашылығы машиналарында, тракторларда, ұшу аппараттарында, электр генераторларында, компрессорларда пайдалануға жататын, поршеннің айналмалы немесе қайтарымды-үдемелі қозғалысымен ұшқындап оталатын іштен жану қозғалтқыштары | 8407-ден |
9. | Ауыл шаруашылығы машиналарында, локомотивтерде, тракторларда, кемелерде, электр станцияларында пайдалануға жататын, қысқанда тұтанатын поршеньді іштен жану қозғалтқыштары (дизельдер немесе жартылай дизельдер) | 8408-ден |
10. | Май құю станциялары мен гараждарда пайдалануға арналғандарды, сондай-ақ көлік құралдарына арналғандарды қоспағанда, шығын өлшегіштері бар немесе оларсыз сұйықтықты сорғылар; сұйықтықтарды көтергіштер* | 8413-тен |
11. | Бір сатылы турбокомпрессорлар | 8414 80 110 0 |
12. | Көп сатылы өзге де турбокомпрессорлар | 8414 80 190 0 |
13. | Жасанды тоқыма материалдарынан жасалған сүзгілер және сүзгі элементтері* |
8421 31 000 0-ден, |
14. | Шөміштер, қармауыштар және көскіштер | 8431 41 000 0-ден |
15. | Пішен дайындауға арналған машиналардың бөлшектері | 8433 90 000 0-ден |
16. | Гидробөлгіштер* | 8481 20 100 9-дан |
17. | Темір жол көлігінің жылжымалы және тартқыш құрамында пайдаланылатындардан басқа, өзге де шарикті мойынтіректер* | 8482 10 900-ден |
18. | Темір жол көлігінің жылжымалы және тартқыш құрамында пайдаланылатындардан басқа, сепараторы мен роликтері бар ішкі конус сақиналарды қоса алғанда, роликті конус мойынтіректер* | 8482 20 000 |
19. | Темір жол көлігінің жылжымалы және тартқыш құрамында пайдаланылатындардан басқа, роликті сфералық мойынтіректер* | 8482 30 000 |
20. | Ине тәріздес роликті мойынтіректер | 8482 40 000 |
21. | Темір жол көлігінің жылжымалы және тартқыш құрамында пайдаланылатындардан басқа, өзге де цилиндр роликті мойынтіректер | 8482 50 000 |
22. | Темір жол көлігінің жылжымалы және тартқыш құрамында пайдаланылатындардан басқа, қиыстырылған шарикті-роликті мойынтіректерді қоса алғанда, өзге де мойынтіректер | 8482 80 000 |
23. | Шариктер, ине тәріздес роликтер және роликтер | 8482 91 |
24. | Бірнеше элементтерден құрастырылған (құрамдас) иінді біліктер | 8483 10 290 9-дан |
25. | Кардан біліктері* | 8483 10 210 8-ден |
26. | Трансмиссия біліктері (жұдырықшалы және иінді біліктерді қоса алғанда) мен өзге де қосиіндер | 8483 10 950 0 |
27. | Шарикті және роликті мойынтіректер орнатылған мойынтіректер корпустары | 8483 20 000 0-ден |
28. | Шарикті және роликті мойынтіректерге арналған мойынтіректер корпустары | 8483 30 320 |
29. | Біліктермен жиынтықтағы тісті берілістер мен тісті доңғалақтар; беріліс қораптары және басқа да жылдамдық вариаторлары* |
8483 40-тан, |
30. | Шкивтердің блоктарын қоса алғанда, тегершіктер мен шкивтер | 8483 50 |
31. | Біліктерді қосуға арналған жалғастырғыштар мен құрылғылар (әмбебап топсаларды қоса алғанда) | 8483 60 |
32. | Тісті доңғалақтар, тізбектік жұлдызшалар және жеке-жеке ұсынылған басқа да беріліс элементтері; азаматтық авиацияға арналған бөлшектер | 8483 90-нан |
33. | Қорғасынды аккумуляторлар: сұйық электролитпен жұмыс істейтін күштік; өзгелері; станционарлық* | 8507 20 200 0, 8507 20 800 1-ден |
34. | Ұшқыннан немесе жанғыш қоспаларды қысу арқылы тұтанатын іштен жану қозғалтқыштарын оталдыруға немесе іске қосуға арналған электр жабдығы (мысалы, магнето, оталдыру катушкалары, оталдыру шырақтары, қыздыру шырақтары, стартерлер); осындай қозғалтқыштармен бірге пайдаланылатындар үлгісіндегі генераторлар (мысалы, тұрақты және айнымалы ток генераторлары) мен ажыратқыштар | 8511 |
35. | Электрлі жарықтандыру немесе дабыл беру жабдығы (8539 тауар позициясының бұйымдарынан басқа), велосипедтерде немесе моторлы көлік құралдарында пайдаланылатын шыны тазалағыштар, күңгірттенуге қарсы және булануға қарсы жабдықтар | 8512 |
36. | Бір корпуста дыбыс жазатын немесе дыбыс шығаратын аппаратурамен немесе сағатпен біріктірілген немесе біріктірілмеген радиохабар таратуға арналған қабылдау аппаратурасы: сыртқы қуат көзінсіз жұмыс істеуге қабілетті хабар тарату радиоқабылдағыштары: өзгелері | 8527 19 000 0 |
37. | Бір корпуста дыбыс жазатын немесе дыбыс шығаратын аппаратурамен немесе сағатпен біріктірілген немесе біріктірілмеген радиохабар таратуға арналған қабылдау аппаратурасы: сыртқы қоректендіру көзінсіз жұмыс істей алмайтын, моторлы көлік құралдарында пайдаланылатын хабар тарату радиоқабылдағыштары: дыбыс жазу немесе дыбыс шығару аппаратурасы | 8527 21 |
38. | Автосымдар* | 8544 42 900 9-дан |
39. | Трактор кабинасын жылытқыштар, амортизаторлар* | 8708 29 900-ден |
40. | Тракторға арналған трансмиссиялар* | 8708 50 350-ден |
41. | Аунақ осі, ролик осі, иінді осі, шынжыр табан буынының бунағы* | 8708 70 990-нан |
42. | Тракторға арналған радиаторлар* | 8708 91 990-нан |
43. | Тіркемелердің және жартылай тіркемелердің бөлшектері | 8716 90 |
44. | Тіркемелердің және жартылай тіркемелердің шассиі | 8716 90 100 0 |
45. | Тіркемелердің және жартылай тіркемелердің шанағы | 8716 90 300 0 |
46. | Тіркемелердің және жартылай тіркемелердің осьтері | 8716 90 500 0 |
47. | Тіркемелердің және жартылай тіркемелердің өзге де бөлшектері | 8716 90 900 0 |
48. | 9014, 9015, 9028 және 9032 тауар позицияларының аспаптары мен аппаратурасынан басқа, сұйықтықтардың немесе газдардың шығысын, деңгейін, қысымын немесе басқа да құбылмалы сипаттамаларын өлшеуге немесе бақылауға арналған аспаптар мен аппаратура (мысалы, шығын өлшегіштер, деңгей көрсеткіштері, манометрлер, жылу өлшегіштер) | 9026 |
49. | Автоматты түрде реттеуге немесе басқаруға арналған аспаптар мен құрылғылар | 9032 |
Ескертпе: * тауарлар номенклатурасы тауарлар коды арқылы да, атауы арқылы да айқындалады.