"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбір мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 508-55) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғауды тікелей жүзеге асыратын, айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар жұмыскерлерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы |
А. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 11 тамыздағы № 240 бұйрығымен бекітілген |
Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғауды тікелей жүзеге асыратын, айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар жұмыскерлерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің (бұдан әрі – Комитет) төрағасы – Қазақстан Республикасының балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы.
2. Комитет төрағасының балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерімен айналысатын орынбасарлары – Қазақстан Республикасының балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары.
3. Комитеттің балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерімен айналысатын басқармалар басшылары – Қазақстан Республикасының балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлары.
4. Комитеттің балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерімен айналысатын бас сарапшылары мен сарапшылары – Қазақстан Республикасының балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары.
5. Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің басшылары – тиісті облыстардың (бассейндердің) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары.
6. Комитеттің аумақтық бөлімшелері басшыларының балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерімен айналысатын орынбасарлары – тиісті облыстардың (бассейндердің) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлардың орынбасарлары.
7. Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерімен айналысатын бөлімдерінің басшылары – тиісті облыстардың (бассейндердің) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлары.
8. Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерімен айналысатын бас және жетекші мамандары – тиісті облыстардың (бассейндердің) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары.
9. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын тікелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі инспекторлары.
10. Аға қорықшы, қорықшы – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі инспектор.