"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4)-тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, "Семей қаласының көшелерін қайта атау жөнінде ұсыныстар енгізу туралы" бірлескен Семей қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 315 қаулысы мен Семей қаласы мәслихатының 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 43/226-VIII шешімі негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 20 маусымдағы қорытындысын ескере отырып, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:
1. Семей қаласының:
Селевин көшесі – Құнанбай көшесі;
Уральская көшесі – Ақшоқы көшесі;
Волгоградский көшесі – Кеңгірбай би көшесі;
Менжинский көшесі – Әнуарбек Байжанбаев көшесі;
Фурманов көшесі – Жұмат Шанин көшесі;
Трусов көшесі – Рақымжан Қошқарбаев көшесі;
Первомайская көшесі – Дулат Бабатайұлы көшесі;
Пархоменко көшесі – Сағадат Нұрмағанбетов көшесі;
Крестьянская көшесі – Саятқора көшесі;
Советская көшесі – Аршалы көшесі;
Энгельс көшесі – Жерұйық көшесі;
Чапаев көшесі – Ордалы көшесі деп қайта аталсын.
2. Осы бірлескен Абай облысы әкімдігінің қаулысы мен Абай облысы мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Абай облысының әкімі | Б. Уәли |
| Абай облысы мәслихатының төрағасы | Ш. Байбеков |
