Қазақстан Республикасы Су кодексінің 125-бабы 4-тармағына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шымкент қаласының су объектілерінде жаппай демалуға, туризм мен спортқа арналған орындар осы қаулыға қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Шымкент қаласының әкімі | Ғ. Сыздықбеков |
| Шымкент қаласы әкімдігінің 2025 жылғы "___" _________ № ____ қаулысына қосымша |
Шымкент қаласының су объектілерінде жаппай демалуға, туризм мен спортқа арналған орындар
№ | Су нысандарының атауы | Халықтың жаппай демалуына, туризм мен спортқа арналған орындар | Жауапты тұлғалар/ұйымдар |
1. | "Холодильник" демалыс аймағы |
Еңбекші ауданы, |
Жеке кәсіпкер |
2. | "Рахат Бадам" демалыс аймағы |
Еңбекші ауданы, | "Рахат Бадам" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
3. | Қошқар ата өзенінің бастауы (бұлақ) |
Әл-Фараби ауданы, | "Асанбай Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
4. | Асанбай Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағындағы көл |
Тұран ауданы, | "Асанбай Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
5. | "Жайлаукөл" демалыс аймағы |
Тұран ауданы, | "Нұр-Ғажайып" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
