ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерін бекіту туралы" 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерінде, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерінде:
39-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік қазынашылық органы бюджеттік бағдарламалар әкімшілері осы Рәсімдерге және пайдаланушы нұсқаулығына сәйкес қаржыландырудың жиынтық жоспарларына енгізілетін өзгерістерге қатысы жоқ қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтамаларды ұсынғаннан кейін тексеруді және жүктеуді бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.";
101-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"101. Мемлекеттік мекеменің шетел валютасында шот ашуға өтінім беруіне:
1) халықаралық шарттан оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар туралы заңнамасына сәйкес жасалған халықаралық шарттар;
2) Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастықты, сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру немесе шетел валютасында операциялар жүргізу көзделген нормативтік құқықтық актілері;
3) мемлекеттік мекеменің халықаралық ынтымақтастықты, сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру немесе шетел валютасында операциялар жүргізу көзделген ережесі немесе жарғысы;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезиденттерімен жасалған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу туралы шарт;
5) мемлекеттік мекемелерде шетел валютасында міндеттемелер туындаған соттардың шешімдері негіз болып табылады.";
184-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"184. Шығыстардың бюджеттiк сыныптамасының әрбiр коды бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының елу пайызынан аспайтын мөлшерде аванстық (алдын ала) төлемге шығыстардың экономикалық сыныптамасының мынадай ерекшелiктерi бойынша жол берiледi:
141 "Тамақ өнiмдерiн сатып алу";
142 сатып алуға аванстық (алдын ала) төлем ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 70 пайызынан аспайтын мөлшерде рұқсат етілетін "AusylVac – Al" және "AusylVac – Оіl" аусылға қарсы отандық ветеринариялық вакциналарды сатып алуды қоспағанда, "Дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы өзге де бұйымдарды сатып алу".";
204-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"204. Мемлекеттік қазынашылық органдарында тіркелген шарттарға қосымша келісімдер мынадай:
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес;
бюджетті нақтылаған, түзеткен;
өткен жылы орындалмаған және бюджет қаражатының қалдықтары және/немесе осы Рәсімдерде көрсетiлген шығыстар бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан кепiлдiк берiлген трансферттiң аударылмаған сомасы есебiнен ағымдағы қаржы жылында қаржыландыруға жататын шарттың қолданылу мерзiмi ұзартылған жағдайларда жасалады. Көрсетiлген шарттардың қолданылу мерзiмiн ұзарту тиiстi бюджет комиссиясының ұсынысы бойынша жүргiзiледi, ол оң қорытынды берген кезде бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тиісінше Қазақстан Республикасының Үкiметiне немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органның әкiмдiгiне тиiстi қаулылардың жобаларын енгiзеді;
мемлекеттік тапсырмаларды іске асырумен, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда мерзімі бір қаржы жылынан асатын жұмыстарды, қызметтерді көрсетумен байланысты жасалған шартқа өзгеріс енгізілген;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптары қолданылмайтын тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) сатып алуға жасалған шартқа, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері негізінде веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасу бөлігіне өзгеріс енгізілген жағдайда жасалады.
Ағымдағы қаржы жылына арналған қаржыландыру сомасынан аванстың белгіленген мөлшерінен асып кетуіне әкеліп соғатын ағымдағы қаржы жылын қаржыландыру сомасын азайтуға құрылыс саласында жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қосымша келісімді тіркеуге тыйым салынады. Бұл ретте қосымша келісімді тіркеуге көлемі бұрын төленген аванс сомасын толығымен өтейтін орындалған жұмыстардың актілері мемлекеттік қазынашылық органына ұсынылғаннан кейін жол беріледі.
Орындалған жұмыстар актісі қосымша келісімді тіркеуге арналған өтінімге бекіту және орындалған жұмыстар актісінің мәліметтерін түсіндірме жазбада көрсету арқылы ұсынылады.";
209-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"209. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу үшін өтінімдерді қағаз жеткізгіште жүргізу кезінде мемлекеттік қазынашылық органдарына осы Рәсімдерге 77-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілесін тіркеуге өтінімдер тізілімін және шарттың (қосымша келісімнің) түпнұсқасы мен көшірмесін қоса бере отырып, екі данада азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге өтінімді ұсынады, бұл ретте тізілімнің, азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге өтінімнің бір данасы және тіркелген шарттың (қосымша келісімнің) қағаз жеткізгіштегі көшірмесі мемлекеттік қазынашылық органында қалады.
Азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу үшін өтінімдер "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі арқылы берілген кезде өтінімдер тізілімдері ұсынылмайды.
Ғимараттарды, құрылысжайларды, жолдарды салуға не реконструкциялауға, үй-жайларды, құрылысжайларды, жолдарды және басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты шартты немесе қосымша келісімді (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларында (бұдан әрі – № 129 қағидалар) белгіленген тәртіппен сараптамадан өткен техникалық-экономикалық негіздемені немесе жобалалау-сметалық құжаттаманы түзету нәтижесінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың сомасы ұлғайған жағдайда) тіркеу үшін мемлекеттік мекеме, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, мынадай құжаттардың бірінің: жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын дайындау құны шарттың құнына енген жағдайда жобалау-сметалық құжаттамасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысының немесе техникалық-экономикалық негіздемесі бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысының, сондай-ақ Республикалық бюджет комиссиясының оң қорытындысы болған кезде жобалау-сметалық құжаттаманы немесе техникалық-экономикалық негіздемені түзетуді талап етпейтін бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша шарттардың көшірмесін міндетті түрде қоса бере отырып, азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге өтінімді қағаз жеткізгіште ұсынады. Оған қоса: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 304 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10632 болып тіркелген) бекітілген Бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен объектілерді салуға арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы) бекіту қағидаларында (бұдан әрі – № 304 қағидалар) белгіленген тәртіппен техникалық-экономикалық негіздемені немесе жобалау-сметалық құжаттаманы бекіту/қайта бекіту туралы бұйрықтың көшірмесі. Бұл ретте, осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген құжаттарды ұсыну техникалық-экономикалық негіздеменің немесе жобалау-сметалық құжаттаманың қолданылу кезеңінде жүзеге асырылады.
Астанада жылу электр орталықтарын салуға бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде жасалған шарттарды (қосымша келісімді) тіркеу үшін, азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімге аванстық (алдын ала) төлем көзделген сатып алынатын күрделі энергетикалық жабдықтың құны туралы мәліметтерді көрсете отырып, қосымша түсіндірме жазба қоса беріледі.
"Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша қызмет көрсету кезінде мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған, осы тармақта санамаланған құжаттардың сканерленген түпнұсқаларын тіркей отырып, өтінім қалыптастырылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жасалуы мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы көзделген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алуға арналған шарттарға азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінім мемлекеттік қазынашылық органдарына "Электрондық мемлекеттік сатып алу" автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйеден мемлекеттік сатып алу туралы шарттың (қосымша келісімнің) деректерін беру жолымен "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі арқылы ұсынылады.
"Электрондық мемлекеттік сатып алу" автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесінде жасалған Ғимараттарды, құрылысжайларды, жолдарды салуға не реконструкциялауға, үй-жайларды, құрылысжайларды, жолдарды және басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты шартты немесе қосымша келісімді (№ 129 қағидаларда белгіленген тәртіппен сараптамадан өткен техникалық-экономикалық негіздемені немесе жобалау-сметалық құжаттаманы түзету нәтижесінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың сомасы ұлғайған жағдайда) тіркеу үшін мемлекеттік мекеме "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қазынашылық органына, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, мынадай құжаттардың бірінің: жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын дайындау құны шарттың құнына енген объектілердің жобалау-сметалық құжаттамасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысының немесе техникалық-экономикалық негіздемесі бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысының, сондай-ақ Республикалық бюджет комиссиясының оң қорытындысы болған кезде жобалау-сметалық құжаттаманы немесе техникалық-экономикалық негіздемені түзетуді талап етпейтін бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша шарттардың сканерленген түпнұсқасын қоса бере отырып, "Электрондық мемлекеттік сатып алу" автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесінен мемлекеттік сатып алу туралы шарттың деректерін беру жолымен азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге өтінімді береді. Оған қоса: № 304 қағидаларға сәйкес техникалық-экономикалық негіздемені немесе жобалау-сметалық құжаттаманы бекіту/қайта бекіту туралы бұйрықтың сканерленген түпнұсқасы. Бұл ретте, осы тармақтың жетінші бөлігінде көзделген құжаттарды ұсыну техникалық-экономикалық негіздеменің немесе жобалау-сметалық құжаттаманың қолданылу кезеңінде жүзеге асырылады.
Бұл ретте, Түркістан қаласында объектілер салу бойынша, сондай-ақ коронавирустық инфекцияға қарсы иммунобиологиялық препараттар шығару бойынша биофармацевтикалық зауыт салу бойынша "Электрондық мемлекеттік сатып алу" автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесінде жасалған шарттарды тіркеу жобалау-сметалық құжаттама бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын немесе техникалық-сметалық құжаттама бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын кезең-кезеңімен алу негізінде экономикалық негіздеме, жобалау-сметалық құжаттама бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың түпкілікті оң қорытындысын немесе құрылыс объектілерінің техникалық-экономикалық негіздемесі бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын алған кезде шарттардың жалпы құнын кейіннен түзете отырыпжүзеге асырылады.
Жобалау-сметалық құжаттама бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысынан немесе техникалық-экономикалық негіздеме бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысынан, № 304 қағидаларға сәйкес техникалық-экономикалық негіздемені немесе жобалау-сметалық құжаттаманы бекіту/қайта бекіту туралы бұйрықтан және міндеттемені тіркеу туралы хабарламалардың нөмірлері мен күндері, шарт талаптарының өзгеру себебі және шарт сомасы көрсетілетін (өзгерген жағдайда) мемлекеттік мекеменің түсіндірме жазбасынан (қосымша келісім тіркелген жағдайда) басқа "Электрондық мемлекеттік сатып алу" автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы келіп түскен азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімдерге осы тармақта аталған құжаттардың сканерленген түпнұсқаларын бекіту талап етілмейді.
Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу жөніндегі талаптар қолданылмайтын мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары (қосымша келісімдері) бойынша міндеттемелерді қабылдау үшін мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімге мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын/қосымша келісімін тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (сканерленген түпнұсқасын) ұсынады.
Мемлекеттік мекеме шарт жасасқан немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің жергілікті атқарушы органдардың, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің шешімдеріне сәйкес міндеттеме қабылдаған кезде мемлекеттік мекеме мемлекеттік қазынашылық органдарына Қазақстан Республикасы Үкіметінің (жергілікті атқарушы органдардың, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің) тиісті шешімдерінің көшірмелерін (мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғасы электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойған сканерленген түпнұсқаны тіркейді) қосымша ұсынады.
"Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің шарттары (қосымша келісімдері) және лизинг қызметтері бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша міндеттемелерді қабылдау үшін мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімге "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің және лизинг қызметтері бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелер шартын/қосымша келісімін тіркеу куәліктің көшірмесін (сканерленген түпнұсқасын) қосымша ұсынады.";
213-тармақтың бірінші бөлігінің 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"16) "құжат-негіздеме" ашық жолағында шарттың (қосымша келісімнің) нөмірі мен күні көрсетіледі;
мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жасалған шартты біржақты бұзу кезінде шартты біржақты бұзу туралы хабарламаның нөмірі мен күні көрсетіледі;
мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша мемлекеттік қазынашылық немесе мемлекеттік қазынашылық органы "е-Қаржымині" ақпараттық жүйесі арқылы берген мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын (қосымша келісімді) тіркеу туралы куәліктің тіркеу нөмірі мен күні көрсетіледі;
"Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің шарттары (қосымша келісімдері) және лизинг қызметтері бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша мемлекеттік қазынашылық немесе мемлекеттік қазынашылық органы "е-Қаржымині" ақпараттық жүйесі арқылы берген "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің және лизинг қызметтері бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелер шартын (қосымша келісімді) тіркеу туралы куәліктің тіркеу нөмірі мен күні көрсетіледі.";
282-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"282. Ағымдағы қаржы жылы ішінде міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарнамалары, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары және зейнетақы төлемдері, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар, жалақы, алименттер, стипендиялар және жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша өткен жылдардың төлемдерін қайтару мемлекеттік мекеменің хаты мен оған қоса берілген МТ-002, МТ-003, МТ-004, МТ-005, МТ-007 төлемдер форматындағы электрондық хабарлама негізінде мемлекеттік қазынашылық органы ақшаны жөнелтушіге одан әрі аударуы үшін 902-шотқа есепке жатқызылады.
Кірістер бойынша түсімдердің сомаларын 902-шотқа есепке жатқызу кезінде (2-38-нысан бойынша төлем тапсырмаларында көрсетілген деректемелер болмаған немесе дұрыс болмаған кезде) мемлекеттік қазынашылық органы соманы ақшаны жөнелтушіге қайтарады не деректемелерді нақтылау кезінде мемлекеттік мекеменің хаты негізінде тиісті бюджеттің кірісіне есепке жатқызады.
Мемлекеттік мекеменің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың түсімдер бойынша 902-шотқа есепке жатқызылған сомалар 2-38-нысан бойынша төлем тапсырмаларында көрсетілген деректемелер болмаған немесе қате көрсетілген кезде мемлекеттік қазынашылық органы мемлекеттік мекеменің хаты негізінде деректемелерді нақтылау кезінде ақшаны алушыға есепке жатқызылады.
Ағымдағы қаржы жылының соңында міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарнамалары, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары және зейнетақы төлемдері, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар, жалақы, алименттер, стипендиялар, жәрдемақылар, іссапарлар мен қызметтік сапарлар, жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша төлемдерді қайтару мемлекеттік мекеменің хаты мен оған қоса берілген МТ-002, МТ-003, МТ-004, МТ-005, МТ-007 төлемдер форматындағы электрондық хабарлама негізінде ақшаны жөнелтушіге одан әрі аудару үшін 902-шотқа есепке жатқызылады.";
360-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"360. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен шетел валютасындағы банк шоттары бойынша үзінді және электрондық түрдегі төлем құжаттары алынғаннан кейін мемлекеттік қазынашылық мемлекеттік мекемелердің, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының шетел валютасындағы шоттарынан ақшаны есептен шығаруды жүргізеді.";
435-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"435. Республикалық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы қолма-қол ақша тапшылығын өтеу үшін өтеусіз және қайтарымды негізде жеті жұмыс күніне дейінгі кезеңге уақытша бос бюджет ақшасын тартуды мемлекеттік қазынашылық мыналардың:
осы Рәсімдерге 114-қосымшаға сәйкес тиісті жергілікті бюджеттердің және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қолма қол ақшаны бақылау шотынан өтеусіз және қайтарымды негізде уақытша бос бюджет ақшасын тартуға жасалған Бас келісім;
осы Рәсімдерге 115-қосымшаға сәйкес уақытша бос бюджет ақшасын тартуға хабарлама негізінде жүзеге асырады.";
көрсетілген Рәсімдерге 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Рәсімдерге 12-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Рәсімдерге 13-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Рәсімдерге 14-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Рәсімдерге 16-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Рәсімдерге 18-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Рәсімдерге 20-қосымша осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Рәсімдерге 27-қосымша осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Рәсімдерге 29-қосымша осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Рәсімдерге 39-қосымша осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Рәсімдерге 41-қосымша осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Рәсімдерге 114-қосымша осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Рәсімдерге 115-қосымша осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1)осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі, және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
Төлемдер бойынша мемлекеттік мекемені қаржыландырудың жеке жоспары
Өңір _____________________________________________________________
Бюджеттердің түрі _________________________________________________
Кезең ____________________________________________________________
Өлшем бірлігі _____________________________________________________
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі ________________________________
Мемлекеттік мекеме _______________________________________________
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің/ бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның/
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратының
басшысы
_____________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты) (ол болған жағдайда)
Қаржыландырудың жеке жоспарын жасауға жауапты бюджеттік бағдарламалар
әкімшісінің/ бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның/ аудандық маңызы бар
қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратының құрылымдық бөлімшесінің
басшысы
_____________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты) (ол болған жағдайда)
Ескерту:
Мемлекеттік мекеме бір уақытта бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі болған
жағдайда бұл жол толтырылмайды.
Бюджетке түсетін түсімдердің (кірістер, кредиттерді өтеу, қаржылық активтерді сатудан, мемлекеттік қарыздар) жоспары
Бюджет түрі ______________________________________________________
Кезең ____________________________________________________________
Күні _____________________________________________________________
Өлшем бірлігі _____________________________________________________
Санат Сынып Кіші сынып Ерекшелік | Түсімдердің атауы | Бір жылға арналған қаржылық жоспар | Айлар бойынша жоспар | |||||||||||
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан | |||
Барлығы | ||||||||||||||
оның ішінде облыстар бойынша | ||||||||||||||
Орталық/жергілікті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық
бөлімшесінің басшысы
___________________________________________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
Жоғары тұрған деңгейдегі бюджеттен төмен тұрған деңгейдегі бюджетке берілген кредиттерді өтеу, кредит бойынша сыйақылар (мүдделер) түсімдерінің жоспары
Бюджет түрі ______________________________________________________
Кезең ____________________________________________________________
Күні _____________________________________________________________
Өлшем бірлігі _____________________________________________________
Санат Сынып Кіші сынып Ерекшелік | Түсімдердің атауы | Бір жылға арналған қаржылық жоспар | Айлар бойынша жоспар | |||||||||||
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан | |||
Барлығы | ||||||||||||||
оның ішінде облыстар бойынша | ||||||||||||||
Түсетін түсімдерді жасауға жауапты орталық/жергілікті бюджетті атқару жөніндегі
уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы
_________________________________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
_____ жылға арналған бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық жоспары
Бюджет түрі ______________________________________________________
Кезең ____________________________________________________________
Күні _____________________________________________________________
Өлшем бірлігі _____________________________________________________
Санат Сынып Кіші сынып Ерекшелік | Түсімдердің атауы | Бір жылға арналған қаржылық жоспар | Айлар бойынша жоспар | |||||||||||
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан | |||
I.Түсімдер | ||||||||||||||
салықтық түсімдер | ||||||||||||||
салықтық емес түсімдер | ||||||||||||||
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер | ||||||||||||||
трансферттердің түсімі | ||||||||||||||
II. Бюджет кредиттерін өтеу | ||||||||||||||
III. Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер | ||||||||||||||
IV. Қарыздардың түсімі | ||||||||||||||
V.Бюджет қарақпараттық жүйесіаты қалдығының қозғалысы | ||||||||||||||
Түсімдердің барлығы | ||||||||||||||
Жиынтық жоспарды жасауға жауапты орталық/жергілікті бюджетті атқару жөніндегі
өкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы
_______________________________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
_____жылға арналған______________төлемдер бойынша (бюджет атауы) қаржыландырудың жиынтық жоспары
Бюджет түрі ______________________________________________________
Кезең ____________________________________________________________
Күні _____________________________________________________________
Өлшем бірлігі _____________________________________________________
функционалдық топ функционалдық кіші топ ӘкімшіБағдарлама | Шығыстардың атауы | Бір жылға арналған жоспар | Айлар бойынша жоспар | |||||||||||
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан | |||
I. Шығындар | ||||||||||||||
II. Бюджеттік кредиттер | ||||||||||||||
III. Қаржы активтерін сатып алу | ||||||||||||||
IV. Қарыздарды өтеу | ||||||||||||||
Шығыстардың барлығы | ||||||||||||||
Жиынтық жоспарды жасауға жауапты орталық/жергілікті бюджетті атқару жөніндегі
уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы
___________________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
____ жылға арналған _____________ (бюджет атауы) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары
Бюджет түрі ______________________________________________________
Кезең ____________________________________________________________
Күні _____________________________________________________________
Өлшем бірлігі _____________________________________________________
функционалдық топ функционалдық кіші топ Әкімші Бағдарлама | Шығыстардың атауы | Бір жылға арналған жоспар | Айлар бойынша жоспар | |||||||||||
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан | |||
I. Шығындар | ||||||||||||||
II. Бюджеттік кредиттер | ||||||||||||||
III. Қаржы активтерін сатып алу | ||||||||||||||
IV. Қарыздарды өтеу | ||||||||||||||
Міндеттемелердің барлығы | ||||||||||||||
Жиынтық жоспарды жасауға жауапты орталық/жергілікті бюджетті атқару жөніндегі
уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы
___________________________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
______ жылға арналған ______________________ (бюджет атауы) түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары
Бюджет түрі ______________________________________________________
Кезең ____________________________________________________________
Күні _____________________________________________________________
Өлшем бірлігі _____________________________________________________
Бюджеттік сыныптаманың коды | Атауы | Бір жылға арналған қаржылық жоспар | Айлар бойынша жоспар | |||||||||||
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
I. КІРІСТЕР | ||||||||||||||
Салықтық түсімдер | ||||||||||||||
Салықтық емес түсімдер | ||||||||||||||
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер | ||||||||||||||
Трансферттер түсімдері | ||||||||||||||
II. ШЫҒЫНДАР | ||||||||||||||
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер | ||||||||||||||
Қорғаныс | ||||||||||||||
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық атқарушылық қызмет | ||||||||||||||
Білім беру | ||||||||||||||
Денсаулық сақтау | ||||||||||||||
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру | ||||||||||||||
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық | ||||||||||||||
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік | ||||||||||||||
Жылу-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану | ||||||||||||||
Ауылшаруашылығы, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау | ||||||||||||||
Өнеркәсіп, сәулет, кала құрылысы және құрылыс қызметі | ||||||||||||||
Көлік және коммуникация | ||||||||||||||
Өзгелер | ||||||||||||||
Борышқа қызмет көрсету | ||||||||||||||
Трансферттер | ||||||||||||||
III. ТАЗА БЮДЖЕТТІК КРЕДИТ БЕРУ | ||||||||||||||
Бюджеттік кредиттер | ||||||||||||||
Бюджеттік кредиттерді өтеу | ||||||||||||||
IV. ҚАРЖЫ АКТИВТЕРМЕН ЖАСАЛАТЫН ОПЕРАЦИЯЛАР БОЙЫНША САЛЬДО | ||||||||||||||
қаржы активтерді сатып алу | ||||||||||||||
Мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер | ||||||||||||||
V. БЮДЖЕТТІҢ ТАПШЫЛЫҒЫ (ПРОФИЦИТ) | ||||||||||||||
VI. БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫН (ПРОФИЦИТІН ПАЙДАЛАНУ) ҚАРЖЫЛАНДЫРУ | ||||||||||||||
қарыздар түсімі | ||||||||||||||
қарыздарды өтеу | ||||||||||||||
Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары | ||||||||||||||
Жиынтық жоспарды жасауға жауапты бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның
құрылымдық бөлімшесінің басшысы
____________________________________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
____ жылғы "__" _______ _______ негізінде _______ бюджетік түсімдерінің жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы №____анықтама
(мың теңге)
Түсімдердің атауы | Бюджеттік сыныптаманың атауы | Өзгеру сомасы (+,-), барлығ | |||
санат | сынып | кіші сынып | ерекшелік | ||
Жоспарлы тағайындаулар | |||||
Барлығы | |||||
кестенің жалғасы
Анықтама – екі данада
Жоғары тұрған бюджеттен берілген сыйақылар (мүдделер) бойынша, кредиттер жөніндегі және кредитті өтеу жөніндегі түсімдердің жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтаманы төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган береді.
__жылға арналған міндеттемелер жөніндегі мемлекеттік мекемелерді қаржыландырудың жеке жоспарын өзгертуге арналған өтінім
___________________________________________________
(мемлекеттік мекеме атауы)
______________________ бағдарламалар, кіші бағдарламалар және ерекшеліктер
бойынша өзгеріс енгізуді сұрайды:
Функционалдық топ Әкімші Мемлекеттік мекеме Бағдарлама Кіші бағдарлама Ерекшелік | Шығыстардың атауы | Өзгеру сомасы (+,-), барлығы | оның ішінде айлар бойынша (ағымдағы айда - жыл басындағы кезеңге өзгеріс өсу қорытындысымен, келесі айларда өзгеріс ай сайын) | |||||||||||
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан | |||
Жоспарлы тағайындау | ||||||||||||||
барлығы | ||||||||||||||
Негіздеме: ______________________________________________________
Мемлекеттік мекеменің басшысы ________ _____________
(қолы) (қолды таратып жазу)
Мөр орны
Қаржыландырудың жеке жоспарын жасауға жауапты мемлекеттік мекеменің
құрылымдық бөлімшесінің басшысы
_______ ____________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
Мемлекеттік мекеме бір уақытта бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі болып
табылған жағдайда осы жол толтырылмайды.
__ жыл "__" ___________ ____________ негізінде_____ бюджетінің төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы № __ анықтама
____________________________________________________________________
(анықтаманы қалыптастыру күні)
(мың теңге)
Бюджеттік сыныптама кодтарының атауы | Бюджеттік сыныптама кодтары | Өзгеру сомасы (+, -), барлығы | оның ішінде айлар бойынша (ағымдағы айда - жыл басындағы кезеңге өзгеріс өсу қорытындысымен, келесі айларда өзгеріс ай сайын) | |||||||||||||
Фу-нкционалдық топ | Б Б Ә | бағдарлама | қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан | ||
Жоспарлы тағайындаулар | ||||||||||||||||
Жиынтық жоспарды атқарылуына жауапты бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның /аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараты басшының орынбасары (жергілікті бюджеттер үшін)
____________________
(қолы)
Жиынтық жоспарды жасауға жауапты бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның / аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараты құрылымдық бөлімшесінің басшысы
___________________
(қолы)
Жиынтық жоспарды атқарылуына жауапты бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның басшысы (республикалық бюджет үшін)
____________________
(қолы)
Анықтама– республикалық бюджет бойынша екі дана және жергілікті бюджет бойынша үш дана, оның біреуі - бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне.
Төмен тұрған бюджетке берілетін міндеттемелер бойынша, арнайы трансферттер және кредиттер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы нықтаманы төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі береді.
бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімдері.
______ бюджетінің міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы № ____ анықтама _ жыл "__" ________ _________ негізінде
____________________________________________________________________ (анықтаманы қалыптастыру күні)
(мың теңге)
Бюджеттік сыныптама кодтарының атауы | Бюджеттік сыныптама кодтары | Өзгеру сомасы (+,-), барлығы | ||
Функционалдық топ | Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң атауы | бағдарлама | ||
Жоспарлы тағайындаулар | ||||
кестенің жалғасы
оның ішінде айлар бойынша (ағымдағы айда - жыл басындағы кезеңге өзгеріс өсу қорытындысымен, келесі айларда өзгеріс ай сайын) | |||||||||||
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан |
Жиынтық жоспарды атқарылуына жауапты бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның /аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты басшының орынбасары (жергілікті бюджеттер үшін)
____________________
(қолы)
Жиынтық жоспарды жасауға жауапты бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның /аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты құрылымдық бөлімшесінің басшысы
_____________________
(қолы)
Жиынтық жоспарды атқарылуына жауапты бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның басшысы (республикалық бюджет үшін)
____________________
(қолы)
Анықтама – республикалық бюджет бойынша екі дана және жергілікті бюджет бойынша үш дана, оның біреуі - бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне.
Төмен тұрған бюджетке берілетін міндеттемелер бойынша, арнайы трансферттер және кредиттер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтаманы төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі береді.
бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімдері
№ __ Уақытша бос бюджет ақшасын тартуға арналған бас келісім
Астана қаласы | 20___жылғы "__"________ |
Бұдан әрі "Комитет" деп аталатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитеті атынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 1431 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитеті туралы Ереже негізінде әрекет ететін,
______________________________________________________________
(лауазым атауы)
______________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты) (бар болған жағдайда)
бір тараптан, және бұдан әрі "Ақша иеленуші" деп аталатын,
______________________________________________________________,
(облыстың/қаланың бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органының,
квазимемлекеттік сектор субъектісінің атауы) атынан Мемлекеттік мекеме туралы
ереже, Квазимемлекеттік сектор субъектісінің жарғысы негізінде әрекет ететін
__________________________________________ (лауазым атауы)
______________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты) (бар болған жағдайда)
екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталып, осы Уақытша бос бюджет ақшасын тартуға арналған бас келісімді (бұдан әрі – Келісім) төмендегілер туралы жасасты:
1. Келісімнің мәні
1.1. Келісімнің мәні Тараптар арасындағы тиісті жергілікті бюджеттердің және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы уақытша бос бюджет ақшасын республикалық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотына тарту болып табылады.
1.2. Келісімді орындауға байланысты барлық қажетті іс-шараларды Комитет біржақты тәртіппен өтеусіз негізде жүзеге асырады.
2. Уақытша бос бюджет ақшасын аудару тәртібі
2.1. Комитет Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдеріне, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдеріне 115-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Уақытша бос бюджет ақшасын тарту туралы хабарламаны (бұдан әрі – Хабарлама) қалыптастырады.
2.2. Уақытша бос бюджет ақшасын тарту жеті жұмыс күніне дейінгі кезеңге өтеусіз және қайтарымды негізде жүзеге асырылады.
2.3. Комитет уәкілетті тұлға қол қойған және мөрмен расталған Хабарламаның сканерленген нұсқасын электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы Ақша иеленушіге жібереді.
2.4. Комитет Қазынашылықтың интеграцияланған ақпараттық жүйесiнде тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң қолма-қол ақшаны бақылау шоттары мен республикалық бюджеттiң қолма-қол ақшаны бақылау шоты арасында уақытша бос бюджет ақшасын аудару және қайтару жөнiндегi операцияларды жүргiзедi.
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
3.1. Комитет мыналарға міндеттенеді:
3.1.1. Ақша түскеннен кейiн оларды қатаң түрде мақсаты бойынша пайдалану.
3.1.2. Хабарламада көрсетілген ақшаны пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін уақытша бос бюджет ақшасын тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң қолма-қол ақшаны бақылау шотына қайтару.
3.2. Ақша иеленуші мыналарға міндеттенеді:
3.2.1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерінде, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерінде көзделген тиісті есептерде жүргізілген операциялардың дұрыс көрсетілуін бақылауды жүзеге асыру.
4. Тараптардың жауапкершілігі
4.1. Тараптар Келісім бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген жауаптылықта болады.
5. Форс-мажор
5.1. Тараптар, егер бұл орындамау күтпеген жағдайлардың, атап айтқанда: төтенше жағдай, өрт, су тасқыны, жер сілкінісі, эпидемия, әскери іс-қимылдар, электр энергиясы мен телекоммуникациялық байланыстың уақытша болмауы және Келісім бойынша міндеттемелерді орындауға тікелей әсер еткен Тараптардың еркіне байланысты емес басқа да мән-жайлар салдарынан болса, Келісім бойынша міндеттемелерді ішінара немесе толық орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
6. Өзге де шарттар
6.1. Келісім оған тараптар қол қойған күннен бастап жасалған болып есептеледі және ол бұзылған сәтке дейін қолданылады.
6.2. Келісім Тараптардың келісімі бойынша өзгертуге және толықтыруға жатады. Барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша ресімделеді, Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қояды, мөрлермен куәландырылады және Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
6.3. Келісім бойынша Тараптар арасында туындайтын барлық даулар келіссөздер арқылы шешіледі. Тараптар уағдаластыққа қол жеткізбеген келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
6.4. Келісім бірдей заңды күші бар төрт түпнұсқа данада, екеуі мемлекеттік тілде, екеуі орыс тілінде жасалды.
6.5. Тараптардың бірі не екі тарап қайта ұйымдастырылған жағдайда Шарт бойынша барлық құқықтар мен міндеттер Тараптардың құқықтық мирасқорларына өтеді.
7. Тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелері
Мысырдан шығу № __________
"__" ____________ 20__ жыл
Уақытша бос бюджеттік ақшаны тарту туралы хабарлама
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қазынашылық комитеті
(бұдан әрі – Комитет)
____________________________________________________________________
(облыс/республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджетін атқару жөніндегі
жергілікті уәкілетті орган, квазимемлекеттік сектор субъектісі)
жергілікті бюджеттің және квазимемлекеттік сектор субъектісінің тиісті қолма-қол
ақшаны бақылау шотынан республикалық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау
шотына уақытша бос бюджет ақшасын тарту қажеттілігі туралы хабарлайды,
_________________________________________ сомасында
____________________________________________________________________
(сандармен және жазбаша)
___________ күн мерзіміне, с "__" ________ бойынша "__" ________ 20__ жыл.
Уәкілетті лауазымдық комитет тұлғасы
_____ _____________________________________
қолы тегі, аты, әксінің аты (ол болған жағдайда)
Мөр орны.
Уәкілетті лауазымдық орындау жөніндегі уәкілетті органның тұлғасы облыс/қала
бюджеті, квазимемлекеттік сектор субъектісінің
____ ________________________________
қолы тегі, аты, әксінің аты (ол болған жағдайда)
Мөр орны
