"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Іргелі ауылдық округі Көксай, Кемертоған ауылы халқының пікірін ескере отырып және 2025 жылғы 11 маусымдағы Алматы облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Қарасай ауданы Іргелі ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Іргелі ауылдық округінің Көксай ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
1)Көксай ауылының атауы қайталанатын Береке көшесіне "Садықхан Дүйсенбаев" көшесі;
2)Көксай ауылының атауы қайталанатын Арай көшесіне "Әлім Тутадзе" көшесі;
3)Көксай ауылының атауы қайталанатын Ақсай көшесіне "Білял Жақұбаев" көшесі;
4)Көксай ауылының атауы қайталанатын Тәуелсіздік көшесіне "Сәрсенбай Керімтаев" көшесі.
2. Іргелі ауылдық округінің Кемертоған ауылының көшесіне келесі атау берілсін:
1)Кемертоған ауылының атауы жоқ көшеге "Дәулетқұл Әбдиев" көшесі.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күнненбастап күшіне енеді және алғаш ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күннен соң қолданысқа енгізіледі.
Іргелі ауылдық округінің әкімі | А. Қамалбек |